Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Өмірге қайта келген бала

  • © ofigenno.cc

    © ofigenno.cc

Мына дүниенің тылсым сырларын танып білу мүмкін емес. Адам сенгісіз оқиғаларды естисің де ойланасың. Голландияның қыратты өлкесіндегі бір елді мекеннің тұрғындары осындай оқиғаға куә болған.


Оқиға былай өрбиді:


Сол ауылда туып өскен үш жасар бала жасына қарамай өте зерек, үлкендерше әңгіме айтып, өз ойын толық жеткізеді екен. Алайда оның бұрынғы өмірі жайлы айтқан әңгімелері ата-анасын ойландырған. Ол өзінің бұрынғы өмірі жайлы толық білетін болып шыққан. Сондай-ақ ол өзінің бұрынғы өмірінде қалай қайтыс болғаын да айтып берген.


Бала үнемі басы ауыратынын, бұрынғы өмірінде өзін біреудің басынан балтамен шауып өлтіргені жайлы көп айтқан. Алғашында ата-анасы оның сөзіне мән бермеген. Бірақ оның айтқандары дәлелді көрінген соң ата-анасы бұл жайды ауылдастарымен бөліскен.



Осы өлкені мекен еткен друз халықтарының өкілдері баланың айтқандарына сенетінін жеткізген. Өйткені друз халқында «адам өлген соң оның жаны басқа денеге өтіп, қайта туады» деген сенім бар екен. Олар баланың басындағы туа біткен қызыл жолақтың тегін еместігін айтқан. Бала да бұрыңғы өмірінде басына балтаның дәл сол тұстан тигенін айтқан.



Баланың айтқандарына анық көз жеткізу үшін ауыл ақсақалдары баланың «бұрын осында тұрғам» деп көрсеткен көрші ауылға барады. Көрші ауылға барғанда бала қай үйде тұрғанын нақты көрсеткен. Және бұрынғы өмірінде аты кім болғанын да дәл айтқан. Ауыл тұрғындары сол үйде ондай адамның тұрғанын растаған. Айтуларынша, ол адам төрт жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен екен.



Сондай-ақ бала өзін өлтірген адамның атын атап, оның қай үйде тұратынын көрсетіп берген. Көрсеткен үйге барғанда бала үй иесіне «сенің мені қалай өлтіргенің есімде» деген.



Содан кейін бала мүрденің көмілген жерін көрсеткен. Ол жер таспен бастырылып тасталған екен. Сол жерді тастан тазартып, қазғанда адам мүрдесінің қалдықтары табылған. Тексеру барысында дененің төрт жыл бұрын жоғалып кеткен сол ауылдың тұрғыныныа тиесілі екені және ол бас сүйек жарақатынан қайтыс болғаны анықталға.



Бұлтартпас дәлелдерден кейін қылмыскер қылмысын мойындауға мәжбір болған. Сол күннен бастап баланың бас ауруы сап тыйылған екен.


Көптеген ғалымдар «бұл оқиға адам қайтыс болған соң оның жаны басқа денеге өтетінінің бір дәлелі» дейді. Бұл оқиға неміс дәрігерінің «Қайта өмірге келген балалар» атты атышулы кітабына арқау болған.


(Мақала орыс тілінен аударылған)


alashainasy.kz/

 




Көрілген: 2573    Пікірлер: 0

жұма, 27.07.2018, 11:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:40
    Мәңгілік мендік боласың
    19 Қыркүйек, 11:00
    Қанмен серттесу
    16 Қыркүйек, 11:39
    Балшы
    13 Қыркүйек, 10:19
    Өлген адамның жаны...
    11 Қыркүйек, 11:07
    Шындыққа айналған әзіл
    10 Қыркүйек, 11:09
    Аруақ мекендеген үй
    7 Қыркүйек, 11:06
    Кездесуге келген аруақ
    6 Қыркүйек, 12:20
    Түнде терезе қаққан кім?
    3 Қыркүйек, 12:04
    Жол бойындағы жалғыз үй
    29 Тамыз, 11:09
    Қылтұзақ
    28 Тамыз, 11:12
    Жат құшақ
    22 Тамыз, 11:33
    Сырмақ шерткен сыр
    2 Тамыз, 11:26
    Шайтанның азғыруы
    3 Шілде, 10:45
    Тағдыр құпиясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31