Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Перінің қызы мен қарттың махаббаты...

  • © kz.zaman.com.tr

    © kz.zaman.com.tr

Әкем «О заман да бұ заман, сексеннің сеңгіріне шыққан, үйлі-баранды, үбірлі-шүбірлі шалдың осыншама егіліп еңірегенін бұрын-соңды көруім осы болды», — деп айтып еді. Өмір бойы зарықтырып өткен алғашқы махаббатын есіне алғанында, қария құсадан екі бүктеліп, көзінен аққан тарам-тарам жас аппақ сақалын жуыпты.


Біздің ауылдың молдасы Темірбек ақсақал (ол кісі менің есімде қалмапты) бұрынырақта өткен екен. Кеңестің қылышынан қаны тамған заманда молдалық етудің өзі ерлікке пара-пар дүние. Әкеміз марқұм сол қиын-қыстау кездің өзінде имам-молдалармен етене араласып, біздің үйде ел құлағы естімеген сан қилы ғажайып әңгімелер жиі айтылатын. Ересектердің әңгімесін ұрлана тыңдаған біздің санамызда Құран Кәрім хикаяттары мен шынайы өмірде болған небір қилы-қилы шытырман әңгімелер қабаттасып, тылсым бір әлемге жетелейтін. Естіген әңгімелердің әсерінен көзіме әрнәрсе елестеп, қыбыр етпек тұрмақ, кірпік қағуға қорқып, талай таңды көзбен атырғаным әлі есімде. Хош, әңгімемді қайта Темірбек молдаға бұрайын.


«Ауылдың молдасынан дәріс алып, жасымнан ел арасында «бала молда» атана бастағанмын», — деп бастапты қария әңгімесін. Ауылымыз Қырғауылдының бөлдегінде, «жоғарғы», «төменгі» ауыл болып бөлінетін. Жасым шамамен он алтыларда болу керек, бірде жоғарғы ауылға бармақ болып жолға шықтым. Көктемнің бір тамаша мамыражай күні, бозторғай шырылдап, көк майса шөп жұпар аңқиды. Кең тыныстап, асықпай келе жатқан едім, сыңғырлаған күміс күлкі құлағыма келгендей болды. Ойпырмай, елсіз жерде жүрген кім болды екен деп, айнала барлай қарап, гүл шашқан тобылғының арасынан қол бұлғап тұрған екі қызды көзім шалды. Жүрегім атша тулап, кеудеме сыймай, аузыма кептелді. Енді, қыздардың сұлулығын сөзбен айтып жеткізу киын! Қыпша бел, сұңғақ бойлы, үріп ауызға салғандай хас сұлулардың нағыз өзі! Екі қыз мені мазақтағандай, тастан-тасқа секіріп, сықылықтап, бұта-бұтаның арасымен ойнақтай қашты. Мен ұстамақ болып, арттарынан қудым. Олар жеткізбей мәз, есім кете, далақтап айызым қанбай мен жүрмін...


Осылайша жүріп кешті де батырдық. Қыздар маған қарап, артымыздан ер дегендей ишара жасады. Мен аңтарылып, күніге аралап жүрген жерлерімді танымай келем. Елсіз сайдың етегіне айналдыра ақшаңқан үйлер тігілген. Адамдары дабырлап, кіріп-шығып жүр... Біздер шеткі үйге ұрлана жақындап, лып етіп ішке кірдік. Қыздар сықылықтап, мені төрдегі үлкен сандыққа тықты. Таң атып, үй босасымен, тұспалдауымша, апалы-сіңлілі екі қыз мені сандықтан алып шығып, ауылдың сыртына ертіп апарды. Сол күннен бастап күні бойы қыздармен еркін ойнап-күліп, кешке сандығыма тығылып жүрдім. Құдайдың құдіреті, күні бойы не қарным ашпайды, не ешкіммен бір ауыз тілдеспеймін. Ел-жұрт, ағайын-туған — бәрі ұмыт болған, бар есіл-дертім — екі қыз. Бар білерім, осы екі қызға ессіз ғашықпын.


Үш күн өтіп, төртінші түнге қарағанда қыздардың шешесі сезіп қойып, мені сандықтан алып шықты. Үй адамға лық толып, өзара мен үшін түсініксіз бір тілде айқайласып, екі қыз ботадай боздап жатты. Бір кезде бәрі тына қалды. Кіре сала есіктен төрге озған ақсақал маған тесірейе қарап, тергей жөнелді. Дірдек қағып, жөнімді айттым. Ол: «Сендер адам затысыңдар, ал біз перілерміз, сендермен араласуға бізге бұйрық жоқ. Қонған жеріміз адам баласына белгілі болса, ол жер бізге тұрақ болмайды. Таң атқанша біз бұл жерден көшуіміз керек. Сен де біздерге ілесесің», — деді. Мен оларға қосылмайтынымды және өліп кетсем де екі қыздан айырылмайтынымды айттым. Ол сәл ойланып тұрып: «Жарайды, саған қояр бір шартым бар, соны орындауға дайынбысың?» — деп сұрады. Мен қандай да шартқа қуана келісетінімді айттым. Бас пері: «Осы түні таңға дейін көз ілмесең, ертең екі қызды өзіңмен бірге ертіп әкетесің, ал ұйықтап кетсең, бізді мәңгі-бақи көрмейтін боласың, шартымыз осы», — деді.


Сол түні қаншама ұйықтамауға тырысып бақсам да, екі қыз сергітпек болып мені кезек-кезек қытықтаса да, таң қылаң бергенде ұйқы-дұшпан қатты қысып, көзім бір ғана сәтке ілініп кетіпті. Көзімді ашқанымда, үстімдегі үй де, қасымдағы екі қыз да зым-зия жоқ болыпты. Аһ ұрып, орнымнан атып тұрғанымда, астымда қалып қойған көпшік те ұшты-күйлі жоғалды. Екі қыздың өксігі ғана құлағыма келгендей болды. Басымды тауға да, тасқа да ұрып, ғайып болған екі қыздың орнын сипап мен қалдым. Ал содан соң қалған ғұмырым тек сол перінің қыздарын аңсауменен өткені имандай шындық.


Көкірегім өртеніп, төрт күннен соң ауылға қайтқанымда, үйдегілерден менің жоғалып кеткеніме тура бір айдың жүзі болғанын естідім», — деп Темірбек молда әңгімесін аяқтаған екен.


kz.zaman.com.tr 




Көрілген: 2861    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.12.2017, 10:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:40
    Мәңгілік мендік боласың
    19 Қыркүйек, 11:00
    Қанмен серттесу
    16 Қыркүйек, 11:39
    Балшы
    13 Қыркүйек, 10:19
    Өлген адамның жаны...
    11 Қыркүйек, 11:07
    Шындыққа айналған әзіл
    10 Қыркүйек, 11:09
    Аруақ мекендеген үй
    7 Қыркүйек, 11:06
    Кездесуге келген аруақ
    6 Қыркүйек, 12:20
    Түнде терезе қаққан кім?
    3 Қыркүйек, 12:04
    Жол бойындағы жалғыз үй
    29 Тамыз, 11:09
    Қылтұзақ
    28 Тамыз, 11:12
    Жат құшақ
    22 Тамыз, 11:33
    Сырмақ шерткен сыр
    2 Тамыз, 11:26
    Шайтанның азғыруы
    3 Шілде, 10:45
    Тағдыр құпиясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31