Психоаналитик қандай адамдардың түс көрмейтінін айтты

Психоаналитик қандай адамдардың түс көрмейтінін айтты

Түс - жанның санаға жазған хаты. Осы жанының кілтін жоғалтып алған адамдар ғана түс көрмейді, дейді психоаналитик Анна Құдиярова

Түстері арқылы адамның күнделікті өмірде не нәрсені уайымдап жүргенін білуге болады. Сондай-ақ, адам түстері арқылы күнделікті өмірде жүзеге асыра алмай жүрген қалауын орындайды. Себебі, бұл қалау ұят немесе кінә (басқаларға зиян келтіру) сынды сезімдермен байланысты болуы мүмкін. Яғни түс көру кезінде біз сыртқы ортамен байланыстан айырылып, бір кездері "ұмытамын" деп шешім қабылдаған жағдайларды еске түсіре бастаймыз.

Әдетте түс күндіз болған жағдайдың бұрын болған бір жайсыз оқиғаны еске салуынан басталады. Бүгінде кейбір психоаналитик мамандар адамдар түс көру үшін ұйықтайды деген пікірді ұстанып жүр. Себебі, олардың пайымдауынша, адам түс көру кезінде жаңа психикалық ақпарат өңделеді. Яғни түс көру кезінде адамның логикасы мүлдем жұмыс істемей, түс поэзия, импрессионизм және дерексіз өнерге ұқсай түседі.

"Түс жора білу әр адамның психологиялық мәдениетімен байланысты. Қазіргі жастар, әсіресе, балапандар психологияға бір табан жақын. Олар түс дегеннің не екенін біледі және мән-мағынасын түсінеді. Ал ересектердің барлығы бірдей біле бермеуі мүмкін. Десе де көп адам қазақтың түске қатысты мақал-мәтелдерімен етене таныс. Қазақта "Тауықтың түсіне тары кіреді" деген мәтел бар. Психоанализден түсімізде күндіз орындай алмаған қалауларымыздың жүзеге асатынын жақсы білеміз. Мысалы, бүгін балаңызға балмұздақ сатып алып беруге уәде беріп, оны орындамадыңыз делік. Бұл бала міндетті түрде түсінде балмұздақ жеп шығады", — дейді психоаналитик.

Әрі қарай маман қандай адамдардың түс көрмейтініне тоқталды.

"Өзінің жан-дүниесінің кілтін жоғалтып алған адамдар түс көрмейді.

Қалай десек те физиология тұрғысынан алсақ, әр адам түс көреді. Ұйықтаған кезде 3-4 түс көреді. Түс деген — біздің жанымыздың санамызға жіберген хаты. Яғни адамдар саналы түрде жанының кілтін жоғалтып алса, өзінің жанымен дос емес деген сөз. Ол жанымен әңгімелеспейді. Мұндай адамдар әдетте "Түс көрмедім, түсім есімде қалмады" деп айтады", — деді Анна Құдиярова.

Қорқынышты түстерді жадымыздан өшірудің әдісі табылды

Түсті жорыған кезде ол жерде бар символдарды талдай бастаймыз. Ол символдардың мағынасы жалпы адамзатқа бір немесе бір адам үшін ғана мүлдем басқа мағына білдіруі мүмкін. Бір символдың бірнеше мағынасы бар немесе түстегі бір жағдайды әртүрлі символдың көмегімен түсіндіруге болады.

Фрейд түстердің үш түрін бөліп көрсетеді:

  • Адамның қалауы еш бүркемесіз орындалатын түстер;
  • Керісінше қалаулар жасырынған түстер;
  • Адамның бойына үрей дарытып, бір адам екіншісін жазалап жүрген түстер. Бұл түс түрін Фрейд кейінірек өлім мен өмір арасындағы арпалысты сипаттау кезінде қарастырған.

Әдетте оянған соң біз түстің жадымызда сақталмаған бөлігін ойдан шығара бастаймыз. Бұл құбылысты Фрейд "екінші қайтара өңдеу" деп атаған. Яғни адамның көрген түсінде өзіне ұнамаған жерлерін жадынан өшіріп тастауын осылай деп атаймыз.

Психолог әрі гомеопат Валерий Синельников түсіңізде өзіңіздің немесе жақын адамыңыздың өлгенін көрсеңіз, шошымауға кеңес береді. Бұл міндетті түрде бір адамның бақилық болатынын білдірмейді. Түстегі өлім сіздің қандай да бір идеяларыңыздың керексіз екенін түсінгеніңізді білдіруі мүмкін. Қысқасы, әр символдың мағынасы әртүрлі.

Сондай-ақ, маман түсіңізден қандай да бір ақпарат алғыңыз келсе, көрген түсіңізді және осы түсті көрмей тұрып күндіз қандай жағдай болғанын қағаз бетіне түсіргеніңіз жөн екенін айтады. Анализ барысында бұл түстің сіз үшін қандай мағына білдіретінін анықтай аласыз.

Назарларыңызға психологтың түс жоруға арналған жаттығуларын ұсынамыз. Бұл жаттығуды жасау реті төмендегідей:

Біріншіден, түсіңізді өз атыңыздан баяндап беріңіз. Яғни "Мен түсімде осылай жасап жүр екенмін" дегендей. Кейін түсіңіздің өзіңіз үшін маңызды деген бір бөлігін алыңыз. Түсіңізде бар әр кейіпкердің орнына өзіңізді қойып көріп, әр символдың сіз үшін қандай мағына білдіретінін анықтаңыз. Сол кейіпкермен тілдесіп көріп, осы түсті көрердің алдында күндіз қандай оқиғалар болғанын тізіп шығыңыз.

Екіншіден, өзіңіз үшін ерекше деп бөліп алған бөлікпен жұмыс істеңіз. Ол үшін көмекші ретінде бір адам керек. Сол адаммен түсіңіздегі кейіпкерлердің рөліне кіріңіз. Бір-бірлеріңізбен кейіпкерлеріңіздің атынан сөйлесіңіздер. Кейін кейіпкерлеріңізді ауыстырып тура осылай жасаңыздар.

Үшіншіден, бір түсіңізді қағаз бетіне сурет етіп түсіріңіз. Серігіңіз де осылай жасасын. Бұл екі немесе үш зат болуы мүмкін. Яғни әрқайсыңыз түсіңізден бір-бір кейіпкер алыңыздар. Осы кейіпкерлер бір-бірімен диалог жүргізіп көрсін. Осыған ұқсас диалог өміріңізде болған ба? Осыны да еске түсіруге тырысыңыз.

Құдиярова күлкі терапиясының пайдасы туралы айтты

Төртіншіден, түсіңізді тағы да бір рет баяндап беріңіз. Ішінен зат есім, сын есім және етістіктерді таңдап алып жазып шығыңыз. Бұдан кейін әр сөздің тұсына антоним жазыңыз.

Бесіншіден, жаныңызда көп адам болса, топпен бірге жұмыс істеуге болады. Топтағы бір адам өзінің түсін айтсын. Әр адам осы естіген түстен бір-бір кейіпкерді алып, оның суретін салсын. Кейін осы кейіпкерлердің рөлін бірнеше адам қосылып отырып сомдасын, яғни өзара диалог жүргізсін. Осы рөлді сомдау кезінде кімнің қандай сезімде болғанын талдаңыздар. Яғни әркім өзін қалай сезінгенін айтады.

Бұл жаттығу түсініктірек болу үшін мысал келтірейік.

Әйел адам өзінің түсі нені білдіретінін анықтағысы келеді. Оның үстіне күн сайын бір түсті көріп жүргеніне көп болған.

Әйел: Семіз, алқызыл түсті шошқаны жіпке байлап алып, екеуіміз қыдырып келеміз. Дәрігер, бұл нені білдіреді?

Дәрігер: Осы түсіңіздегі кейіпкердің образына еніңіз.

Әйел: Кейіпкерге айналыңыз дейсіз бе? Өзімді семіз, алқызыл шошқа сезініп тұрмын. Сонда түсімде көрген шошқа өзім болғаным ба?

Түс иесі біраз уақытқа дейін басын төмен салбыратып, алқызыл етік пен колготки киген аяғына ұзақ қарап отырады. Ақырындап көзі қызыл түсті белдемшесіне, кейін үстіндегі кеудешесіне түседі.

Әйел: Мен семіз, алқызыл шошқамын! Ха-ха! Сол алқызыл шошқа өзім екенмін ғой! Соңғы кездері тым көп тамақ жеп жүргенімді байқаймын. Өзімді барынша диетамен байлап, арықтауға тырысып жүрмін. Үстімдегі киімдерімнің бәрі алқызыл түсті екен. Маған осы түс қатты ұнаса да, азайтқаным жөн болар.

Осы кезде тағы бір бойжеткен сөйлеуге рұқсат алады.

Бойжеткен: Есімім Айсана (адам есімдері өзгертілді — авт. ескертпесі) Маған көмектесулеріңізді сұраймын. Осы әйел секілді мен де көптен бері бір түсті ғана көріп жүрмін. Түсіме үнемі кір жуғыш машина кіреді. Сонда мен өзімді кір жуғыш машинаға теңеп отырмын ба?

Жүргізуші: Кір жуғыш машинаның образына кіріңіз. Оның басты қызметі қандай?

Бойжеткен: Лас ішкиімдерді жуу! Олай болса, мен лас ішкиімдерді жуатын кір жуғыш машинамын ба? Мұның сыры неде екенін жалпы түсінген сияқтымын. Анда-санда құрбым екеуіміз кездесіп кофе ішуге барамыз. Отырып алып жұрттың бәрін кезек-кезегімен жамандаймыз. Кейде, тіпті, олардың ішкиімдеріне де жетіп кететін кездеріміз болады. Сонда бейсанам маған ақыл кірсін деген ниетпен осылай жасап жатыр ма? Түсінсем бұйырмасын! Бейсанам неткен ақылды еді. Мені қандай жақсы істерге үйретіп жатыр десеңші.

20 жастағы қыз: Ал менің есімім Жаңыл. Бұл түсті жақында көріп едім. Оны жағымды деп айта алмаймын. Себебі, суық терге малынып оянғаным есімде. Түсімде қолтырауын көрдім. Көлден атып шығып, менің соңымнан келе жатыр. Бір уақытта ағаш басына шығып алдым. Бірақ, мен отырған бұтағының әлсіздігі соншалық, сынып кетуі мүмкін. Сынған жағдайда қолтырауынның апанына түсетін едім.

Жүргізуші: Жаңыл, түсіңізді айтуды жалғастыра беріңіз. Кезегімен түсіңіздегі кейіпкерге айналып, әр кейіпкердің атынан өзіңізбен сөйлесіңіз.

20 жастағы қыз: Алдымен, қолтырауындар жүрген көлді алайын. Бұл менің қорқынышқа толы лас өмірімді білдіреді. Өз басым бәрінен қатты өлімнен қорқамын. Сол қорқынышты жеңу үшін ағашқа пана іздеп барып отырмын.

Жүргізуші: Жақсы. Барлығы түсінікті бола бастаған сияқты. Ал сіз үшін ағаш образы нені білдіреді?

Психоаналитик: әйел бірінші орынға баласын емес, күйеуін қоюы керек

20 жастағы қыз: Ағаш — мен үшін отбасым. Ол құрғақ, тамыры мен жапырақтары жоқ және саз балшықтың үстінде өсіп тұр. Яғни оған тамырлары еш көмектесіп жатқан жоқ. Ал мен шығып алған бұтақ кез келген сәтте сынып кетуі мүмкін. Жағдайым мәз емес екенін жақсы түсініп тұрмын. Айтпақшы, мен мінген ағаштың жанында жайқалып тағы бір ағаштың өсіп тұрғаны есіме түсті. Түсімде бар күш-жігерімді жинасам, сол ағашқа секіріп шыға алатынымды сеземін. Бұл менің тұрмысқа шығатынымды білдіре ме?

Жүргізуші: Ал сіз тұрмысқа шыққыңыз келе ме?

20 жастағы қыз: Мен тұрмысқа шығуға қарсы емеспін. Бірақ болашақ жарым мені осы қорқыныштардан қорғай ала ма?

Жүргізуші: Алдымен, өзімізден бастауды үйренейікші. Барлық қорқынышыңызбен жақсы қарым-қатынаста болыңыз. Сол кезде қорғанудың еш қажеті болмайды. Өзіңізді өзгерту арқылы сіз жақындарыңыздың өзгеруіне де септігіңізді тигізе аласыз.

Құрметті оқырман, мамандар түс көрмейтін адамның болмайтынын айтады. Яғни барлығымыз түс көреміз, бірақ сол түсті есімізде сақтап қалуға рұқсат бермейміз. Ал Сіз соңғы рет қандай түс көрдіңіз?

 

sputniknews.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста