Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Ресейде табылған адамжегіштер отбасына қатысты адамшошырлық жаңа деректер шықты (фото, видео)

  • © Mash

    © Mash

Краснодарда ерлі-зайыпты Дмитрий мен Наталья Бакшеевтер адам өлтірді және етін азыққа пайдаланды деген күдікке ілінді. "Краснодарлық адамжегіштерге" қатысты қылмыстық істі тергеу барысында адамшошырлық деректер шығып отыр.


Ресейлік БАҚ-тарға сенсек, ерлі-зайыпты осы уақытқа дейін 30 адамды өлтіріп, мәйітін жеп қойған. Алайда полицейлер Кемеров облысының азаматшасын өлтіру және денесін бөлшектеу дерегін ғана анықтаған. Адамжегіштер жайлы құқық қорғау органдары кездейсоқ біліп қалған - күдіктілер сұмдық істерінің суреттері бар ұялы телефонын жоғалтып алған.



Ажамжегіш ерлі-зайыптының құрбаны - Кемеров облысының тұрғыны. © bloknot.ru


"Блокнота-Краснодар" редакциясы ерлі-зайыптының қандай тұрмыс кешкенін анықтапты. Бакшеевтер отбасының көршілері олардың кісі өлтіріп, адам етін азыққа пайдаланғаны туралы үш ұйықтаса ойына келмейтін, қарапайым тұрмысы болғанын айтып отыр.


"Ол жақта аз ғана тұрдым, оларды бірнеше рет қана көрдім. Бойынан алабөтен ой байқамадым. Қарапайым адамдар, - дейді көршісі.


- Мұны көргенде өзім есеңгіреп қалдым. Өткен жылдың күзінде бір айдай ғана тұрдым. Ешкіммен байланысқа да түспегенмін. Бұдан басқа айтарым жоқ".


Тағы бір көршісі "адам жейтін" тұрғын жайлы былай дейді: Сырттай өте салмақты адам, оның осындай сұмдыққа баратыны туралы ой келмейді. Біртүрлі күлетін. Ешкіммен сөйлеспейтін. Бір кезде менен кілт сұраған. Оған бір прораб келетін, басқа ешкімді көрмедім. Сырттай өзіміз сияқты қарапайым адам".



"Живая Кубань" басылымы адам жеді деген күдікке ілінген ер адамның асыранды отбасыда өскенін анықтапты. Дмитрийдің ата-анасы Сібірде танысқан. Емшектегі сәби кезінде оны баласыз отбасы асырап алған. Сосын олар Кубаньға келген. 10 жылдан кейін Дмитрийдің қарындасы дүниеге келіпті.


Көршілерінің айтуынша, бала қарындасын жақсы көрген, көп ойнайтын. Дмитрий жасөспірім кезінде анасы қатерлі ісіктен қайтыс болған. Оның қазасынан кейін әкесі баласына асыранды екенін мойындаған. Асырап алу туралы ойды қайтыс болған шешесі бастағанын, ал ендігіде өзіне бала қажет емес екенін айтқан. Сөйтіп, Дмитрий әкесінің пәтерінен көшіп кеткен. 18-ге толған Дмитрий Натальямен үйленіп, оның үйіне кіріп алған.


Көршілерінің айтуынша, бала өте момын, көзге көрінбейтін болған, бірақ ешкім одан күдіктенбейтін. Әкесінің үйінен кетіп қалғаннан кейін ол көзден таса болыпты.



Дмитрий Бакшеев. © Mash


Журналистер оның әйелінің өмірінен де деректер келтіріп отыр.


Ұсталғаннан кейін Наталья бірден клиникаға зерттеуге жатқызылыпты, алайда психикалық ауытқуы болмаған. Әйелдің тек тыс жағдайларға күтпеген әсері болған, оның жағдайын "реактивті" деп бағалапты.


Әлеуметтік желілерде Наталья Бакшееваға тиесілі бірнеше аккаунт табылған, онда әйел басқа фамилиямен жазылған. Әрбір парақшада оның және үй жануарларының суреттері болған. Аккаунттардың бірінде әйелдің Армавир медициналық училищесінде оқығаны жазылған.


Бірге оқыған құрбылары оны көңіл күйі әрдайым көтеріңкі, ашық қыз болғанын айтады.


"Өміріне қуанып, жақсы оқыған. Бірге көп жылдарды өткердік... Бұл өмірде көрмеген азабы жоқ", - деп еске алады Натальяның құрбысы.


Бірнеше жыл бұрын әйел жазғы училищенің санитарлық бөлімінде медбике болып қызмет етіпті. "Көп ішкен, алайда тамаша маман, жауапты, сосын алкоголь түбіне жетті", - деп әңгімеледі "Московский комсомолец" басылымына бұрынғы қызметтесі.



Наталья Бакшеева. © Mash


Газеттің мәліметінше, әйел "краснодарлық каннибалмен" алты-жеті жыл бұрын, екінші күйеуі қайтыс болғанда танысқан. Mash порталының мәліметінше, күдіктілердің ересек ұлы бар. Ер адам 12 жасынан бері отбасымен бірге өмір сүрмейтінін, олардың араққа салынғанынан кейін атасы мен әжесінің қолында тұрып келгені айтты.



Краснодарлық каннибалдардың пәтерінен табылған зат. © Mash


Ал RT телеарнасы Бакшеевтердің Краснодардағы жатақханасынан видео жариялады. Видеодан үйдің астаң-кестеңі шыққанын байқауға болады.



Тengrinews.kz

 




Көрілген: 3593    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 27.09.2017, 09:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Ақпан, 23:50
    Өлінің астынан өту
    29 Қаңтар, 11:30
    Оқ дарымайтын адам...
    21 Қаңтар, 18:50
    Түс көру психологиясы
    16 Қаңтар, 11:43
    Ескексіз қайық...
    21 Желтоқсан 2017
    Құбыжық туған қыз...
    13 Желтоқсан 2017
    Ішіне жын кірген Манас
    12 Желтоқсан 2017
    Өң мен түстің арасы
    8 Желтоқсан 2017
    Бұл адам ба мақұлық па?
    6 Желтоқсан 2017
    66-шы үйдің құпиясы
    2 Желтоқсан 2017
    Түс туралы не білеміз?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28