Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Сәбидің де рухы болады екен

  • © Hello Blogger

    © Hello Blogger

Ақтөбе қаласындағы Чернышевский көшесіндегі жер үйді сәбидің рухы кезіп жүр. Бұл сәби үй іргесін қалауға деп әкелген ыстық бетонға байқаусызда түсіп кетіп, күйіп өлген екен. Баланы жерлеуге тек сүйектерін әрең жинап алған деседі. Бірақ ақшаға келген дүние ғой деп бетонды сол үйдің сылағына пайдаланған. Содан болар сол үйде кішкентай баланың қылықтарына келетін түрлі құбылыстар болып тұратын көрінеді.


Өмірде неше түрлі оқиғалар болып жатады. Кейде адам сеңгісіз жәйттер естіп, таң қалып жатамыз. Көбіміздің «ана дүниелік» болған жандардың елес, рух болып келіп, өмірімізге араласатынын естісек кәдімгідей қорқып қалатынымыз да рас. Бірақ өмірдің небір біз білмейтін тылсым құпияларының көп екендігін мойындамасқа шара жоқ. Өйткені, адам санасы жетіп болмайтын құбылыстарға кім-кім де куә болатыны белгілі. Ондай оқиғалар адамды өмірде болып жатқан түрлі құбылыстарға сақтықпен қарап, айналаңа жіті көзқараспен бағдарлауға шақырғандай болады. Арада қаншама уақыт өтіп кетсе де әлі күнге ұмыта алмай жүрген сондай бір тылсым құпияға толы оқиғаны көпшілік назарына ұсынуды жөн санадым.


Ақтөбе қаласындағы Чернышевский көшесіндегі жер үйде бір жақын танысым тұратын. Жиі араласып, туған күн, басқа да отбасылық шараларда бас қосатынбыз. Сондай бір басқосуда кеш қалдым да, баламен болған соң қонып қалуға тура келді. Баламның 2,5 – 3 жасар кезі. Қонақтар кеткен соң өзіміз отырып шәй іштік, біраз уақыт отырып әңгімелестік. Солай жүргенде балам шаршады білем ұйқысы келіп былғаңдай бастады. Баланың мазасы кеткенін көріп үй иесі үлкен бөлмеге төсек салып беріп, «осында ұйықтат, шаршаған шығар, уақыт та біраз болды ғой» деді. Төр бөлме салқындау екен (қыс айы болатын) жылылау кішкентай бөлмеге жатқызайын дедім. Кішкентай бөлмеге төсек салып жатып қалдық.


Балам шаршағаннан басы жастыққа тиісімен бірден ұйқыға кетті. Менің де көзім ілініп барады екен, ойнаған музыкадан оянып кеттім. Баламның қолына ұстап жүрген кішкентай ойыншық фотоаппаратынан шығатын әуен екенін жазбай біліп тұрмын. Ол ойыншығын сол төргі бөлмеде диванның үстіне қалдырғанмын. Музыка тоқтай қоймаған соң бала оянып кетер деген уайыммен төргі бөлмеге жүгіріп бардым. Ойым сол үйдің балалары ұстап кнопкасын басып, ойнап отыр ма екен болатын. Жоқ. Төргі бөлмеге кіріп барсам, тас қараңғы. Есік жанын сипалап, жарықты жақтым. Бөлмеде ешкім жоқ. Ойыншық шырылдап жатыр. Диваннан жерге түсіп қалған. Өзім қорқып кеттім. «Биссимила» деген сөз аузымнан қалай шығып кеткенін білмеймін. Баламның ойыншығын алып өзім жатқан бөлмеге кеттім.


Таңертең тұрған соң үй иесіне айтсам, таныс келіншегім күлді де басын изеді. «А, ана бала жаңа ойыншықты көріп, ойнағысы келген ғой» демесі бар ма?.. Менің көзім онан бетер шығып кеткенін байқаса керек. «Қорықпай-ақ қой, ол ештеңе істемейді, зияны жоқ, кішкентай сәби ғой» деді. Мен не туралы айтып отырғанын білгім келіп сұрақтың астына алдым. «Қайдағы бала, не қылған сәби, дұрыстап түсіндіріп айтшы» дедім. Ол әңгімесін бастады. Сөйтсем...


Сол тұрып жатқан үйлерін бұрынғы қожайындары (бұларға дейінгі) салып жатқанда құрылысқа қажетті деп түсіріп қойған ыстық бетонға кішкентай бала ойнаймын деп барып, тұншығып өлген екен. Қолды-аяққа тұрмай шапқылап ойнап жүрген баланың бетонға қалай барып қалғанын байқамай қалған. Ыстық бетонға баланың денесі еріп кеткен. Баланы жерлеуге тек сүйектерін әрең жинап алған деседі. Бірақ ақшаға келген дүние ғой деп бетон сол үйдің сылағына пайдаланған. Содан болар сол үйде кішкентай баланың қылықтарына келетін түрлі құбылыстар болып тұратын көрінеді.


Кейін бұрынғы қожайындары үйді сатып көшіп кеткен. «Біз бұл жәйтті кейін білдік. Онда да көршілердің біріне осылай үйде болатын тосын құбылыстар туралы айтып отырып, аяқ астынан үйіміздің «тарихын» білдік» деп күледі таныс келіншек.


Кейде арқаңнан түртіп кетіп, кейде кеседегі шәйді төгіп жіберетін «қылықтары» да бар екенін айтты. Бірде ол өзінің үйдің төбесін әктеп жатқанда шығып тұрған орындығының қатты шайқалып кеткенін байқайды. Бір емес екі рет қозғап жіберіп, құлап кете жаздайды. Сонда «қойсаңшы енді, біраз ойнадың ғой, құлап қалармын» деп кәдімгі бар адаммен сөйлескендей айтқаннан кейін барып қойғанын жеткізді.


Үйдің иесі, кейде тіпті киесі болады деген де әңгімелер бар. О дүниелік болған жандардың «тыныштығы» да біздің өмірімізде үлкен рөл атқаратыны белгілі. Біздің дінімізде қайтыс болған жандардың рухына аят бағыштайтыны да содан болса керек.


kerek-info.kz


(Мақаланың өз тақырыбы — Сәби рухы «ойнаған» үй)  




Көрілген: 1210    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 06.11.2017, 10:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 10:48
    ДОМОВОЙ
    18 Қараша, 16:43
    КІСІКИІК
    9 Қараша, 10:06
    Түннің құпиясы
    29 Қыркүйек, 11:03
    Түс жору
    26 Қыркүйек, 10:34
    Мәңгілік өмір мекені

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30