Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Сарыағаштық бақсы адамдардың жынын қобызбен шығарады (фото)

  • Сарыағаштық бақсы адамдардың жынын қобызбен шығарады (фото)

    Сарыағаштық бақсы адамдардың жынын қобызбен шығарады (фото)

Сарыағаш ауданына қарасты Жылға ауылының тұрғыны Берік Ерболатұлы адамдарды емдеуді 19 жасынан бастапты. Оның қарапайым емшілерден ерекшелігі ем жүргізу әдісінде. Ол қобыз және кепшік аспаптарын пайдалана отырып, алдына келген адамдарды дертінен айықтырамын дейді.

“Әкем дүниеден өткен кезде қатты құлазыдым. Оның арасында, өзім жүрегіме ота жасатып, екі жыл уақыт төсек тартып жаттым. Ренжіп, “кімге не жаздым” деп ойладым. Бабалардың басына барып, тазалану мақсатында жолға шықтым. Міне сол кезде менің түсіме түрлі дүниелер кіріп, аян бере бастады. Ем жүргізетін әр затымды өзім жайдан-жай алған жоқпын. Барлығы бабалардың айтуымен”,-дейді Берік бақсы.Берік Ерболатұлы қолындағы кепшік аспабымен зікір сала отырып, құран сүрелерін оқып адамның жолын ашады. Ауыр дертке шалдыққан науқастарға ем жүргізеді. Оның сөзіне сенсек, Қорқыт атаның аянымен Қобыз бүгінде көп адамның қалауына жетуіне үлкен септігін тигізіп жатыр екен.

“Қорқыт атамыз жанын алып қалу үшін, қобызын қолынан тастамағанын аңыз әңгімеден білеміз. Міне соның дәлелі, қобыздың үні қасиетті. Қобыз тартылған кезде жан алуға келген періштелер өздеріне не істеу бұйырылғанын ұмытып қалады екен. Мен құран сүрелерін іштей оқып отырып, қобызды тартамын. Сонда жаратушыдан көмек сұрап келген адамның тілегі орындалады”,-дейді Берік Ерболатұлы. 


Берік Ерболатұлының ем жүргізетін заттары: қамшы, пышақ, жылан тәрізді алдында жатқан таяғы, бұғының мүйізіне ұқсап кететін ағаш, қырық бір құмалақ, бірнеше тәспі, асатаяқ.

Бақсы жақында шөптен дәрі жасап, ішкілікке салынғандардың бетін қайтаруды қолға ала бастапты.

“Бұл бұғының мүйізіне ұқсайтын ағаш, негізінде қос алақанын жайып, жаратушыдан көмек сұрап тұрған адамның қолы. Бұталарыда он. Оны әулие аралап жүрген кезде түсімде көргем. Содан, өңімде судың бетінде жатқан жерінен тауып алғам”,-дейді бақсы.

“Бұл жылан тәрізді ағаш. Адамға көз тисе, сөз болса, жын кірсе , барлық зиян арқасына отырады. Мен емдеу кезінде осы жылан ағашты адамдардың арқасына тигізіп, құран аяттарын оқимын. Сол кезде адамның бойындағы негізгі мәселесі шешіледі”,-дейді бақсы.

Емші алдына келе алмаған адамдарды телефон, сурет арқылы да емдейді екен. Бірақ, ол емде адам бақсының қасына келгендегідей әсерлі болмайды дейді ол. Бақсы Берік адамдарды ауыр дерттен емдейді. Жолын ашады, болашағын болжап, арақты қоя алмай жүрген адамдарды дұрыс жолға салады екен. Бүгінде өзінің Қазақстан бойынша бірнеше аймақта шәкірттері бар. Қазірдің өзінде айына бір мәрте әуле аралап тұрады екен.


“Мен әулие аралаған кезде әруаққа сыйынбаймын. Бабаларды құрметтеп, жаратушыға жалбарынамын.Менің жолымды дұрыс емес дегендер де болды. Бірақ, мен осы дүниені қолға алғаннан кейін,өзденсаулығым жақсарды”,-дейді бақсы.


stan.kz




Көрілген: 794    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 04.03.2017, 10:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Тамыз, 10:05
    Малғұндар мекені
    2 Тамыз, 10:03
    Көз тиюдің сыры
    17 Шілде, 10:14
    Қорқынышты әңгіме
    10 Шілде, 10:59
    Абылай ханның түсі
    1 Шілде, 11:00
    Түннің құпиясы
    28 Мамыр, 10:07
    Құбыжық адам (видео)
    24 Мамыр, 08:44
    Айкезбе
    21 Мамыр, 11:07
    Гипноздың құдіреті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31