Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Саябақтағы елес ару

  • © yurij-burlan.livejournal.com

    © yurij-burlan.livejournal.com

- Айналайын, сен сәл бөгел-ші,-деді жасы алпысқа таяп қалған ұстазы Александра Евгеньевна Арданаға қарап. Дәптерін сөмкесіне енді сала берген Ардана сәл аңтарылып қалды.


Қыз баланың әлденеге алаңдап жүргенін байқаған оқытушы оны әңгімеге тартты. Психологиядан сабақ беретін Александра апайдың қырағы көзі ештеңені қалт жібермейді. «Александр Евгеньевна адам-ның ойын көзінен ұғады. Әрі дөп басады. Арғы атасында бақсылық болған-ау»,-дейтін студенттердің алып-қашпа әңгімесі де ойына түсті. Өзін әрі-сәрі күйге түсірген сол бір оқиғаны енді жасырудың реті жоғын түсінді.


Оқытушының алдына жай-ғасқан бойжеткеннің көз алдында оқиғалар тізбегі жалға-сып жатты…


Қаңтар айы орталаса да күн әлі жылымық. Үп еткен жел білінбейді. «Қала станция құбырларынан будақтап шығатын қою түтінге тұншы-ғып тұр. Желді күндері түтін сейіліп, қолқаны қабатын ыстан арылып, кеудені кере демаласың», деп өз-өзімен күбірлеген жас қыз жаяу жүр-генді қош көрді. Тонының жеңін түріп, қол сағатына көз салып еді, тілі 18.30-ды көрсе-тіп тұр екен. Қараңғы түспей, үйге жетіп алайын,-деп аяғын адымдай басты.


Сауда үйінің қасына жеткенде, айналаны қаракөлеңке жайлады. Көше бойындағы шамдардың сәулесі самаладай жарқырайды. Бұл тұста адам қарасы едәуір. Сауда үйінен әрі асқан жас қыз енді саябақты кесіп өтетінін ойлағанда, жүрегі өрекпіп қоя берді. Әжесі ертеде осы сая-баққа таяу жерде ұзыннан-ұзын түрме орналасқанын, кейде темір тордың арғы жа-ғындағы қапалы жандардың шерлі зары алыстан талып ес-тілетінін жырдай етіп әңгіме-лейтін.


Аяз күшейді ме, жоқ әлде бойын қорқыныш биледі ме, қыздың бүкіл денесі қалты-рады. Бір сәт оған «саябақты айналып өтсем қайтеді?» деген ой келді. Ол үшін жарты қаланы айналып жүру керек. «Автобусқа неге отырмадым» деп іштей өзін-өзі сөкті. Өз-өзін жерлеп, кінәласа да, үйіне жетуге асыққан ол еріксіз саябақтың ішіне кірді.


Жан-жағына ептеп көз жүгіртіп еді, бірде-бір адам көзіне шалынбады. Мүлгіген өлі тыныштық. Көңілін аудар-мақшы болып, құрбы қыз-дарының күлкілі қылықтарын еске алуға тырысқанымен, бұл әрекеті құр далбаса болып шықты. Керісінше, сіңлісі екеуі жақында тамашалаған шетелдік «Мама» фильмін есіне алды. Кино шынымен де жантүршігерлік тосын оқиға-лардан тұратын. Анасынан айырылған апалы-сіңлілі екі қызды туған әкелері өлтірмек болғанда, бейкүнә сәбилерді сол жерден табылған аруақ-әйелдің сұлбасы қорғап қа-лады. Сол күннен бастап аруақ-әйел жетімдерді өз қам-қорлығына алады. Ол қыз-дардан басқа ешкімнің көзіне көрінбейтін. Ара-арасында аруақ-аналарымен доп қуа-лап ойнайтын қыздарға бөг-де адамдар тосырқап қа-райтын. Көп ұзамай елден оқшау өмір сүріп жатқан екі қызға жас келіншектің аналық мейірімі оянады. Ұзақ уақыт бойы сырттай қарауылдаған ол балалардың әлдекімге тәуелді екенін аңдайды. Бұл күдігін о дүниелік адамдардың рухын зерттейтін ғалымға сыр қылып айтады. Сөйтіп, екеуі бірлесіп, қыздарды аруақ-ананың шырмауынан құтқармаққа бел буады. Бірақ олардың бұл әрекеті қыздардың тарапынан қолдау таппайды. Аруақ-ана да қыздарын жаңа қамқор-шыларынан қызғанып, небір айла-шарғы жасап, ашық қар-сылық көрсетеді. Соңында екі қыздың кішісі анасымен бірге қалуды қалайды. Жаңа қамқор-шыларынан бой тасалаған оны аруақ-анасы өзімен бірге әке-теді. Мәңгілік тыныс тапқан қыз баланың жаны көбелекке айналып, әпкесінің қолына қонады.


Кинодағы кейіпкерлердің бейнесін ойша саралап, әсіре-се кіші қызға жаны ашыған ол көзінен бір тамшы жастың үзіліп түскенін сезбеді.


-Ауыр ойға беріліп кетіпсіз. Тіпті қасыңызда келе жатқан мені де байқар емессіз,-деген дауысқа жалт қараған ол өзі құралпы бойжеткенді көріп, қуанып кетті.


- Қараңғыда үрейіңіз ұшып келе ме?-деді бейтаныс ару құмыға сөйлеп.


- Жоқ,-деді Ардана бойын жиып. – Керісінше кинодан көрген оқиға есіме түсіп…-деді де, «не жөнінде?» деп сұрай ма деп, әңгіме ауанын басқа тақырыпқа бұрды.


- Айтпақшы, таныспаппыз ғой,-менің есімім Ардана.


Ол әлдене деп күңк етті. Оны қайталап сұрауға Ардананың батылы бармады.


Саябақтың ішіндегі әлсіз шамнан қыздың жалаңбас келе жатқанын аңғарды. Үстіндегі көнетоз пальто, аяғындағы етік өткен ғасырдағы бикештердің киімдерінен аумайды.


-Қаламыз күннен-күнге көркейіп барады,-деді Ардана жан-жағына сақтана қарап. Жаңа жыл қарсаңында түнгі қаланың келбетінен көз айыру қиын.


-Иә, өзгеріпті.


-Банктен әрі қарай менің үйім алыс емес,-деді Ардана жолсерігін әңгімеге тартып.


-Банк… Оның ары қарайғы дауысын жел ұшырып әкеткендей болды.


-БТА-Банк. Қалада банк-тер жетерлік. Альянс-банк, Халықтық банк дейсіз бе, несие тарихыңыздан мін табылмаса, клиент атануыңыз оп-оңай.


Алтын шашты ару Ардананы үнсіз тыңдады. Құптағаны не құптамағаны белгісіз. Саябақты қою қараңғылық тұмшалады. Енді Ардананы ауыр мұң басты. Әп-сәтте еңсесі езіліп, көңіл күйі нілдей бұзылды. Бойжеткенді тұқырта түскісі келгендей, жел де көтеріліп, айнала бұрқасындата бастады. Бақтағы жапырағынан айы-рылған тырбиған ағаштар да әр жерден қарауытып, оңтайлы сәтін күтіп отырған қарақшыны елестетеді.


Кенет қыздың қалтасындағы ұялы телефоны шылдырлап қоя берді. Қасындағы қыз қалт тоқтады.


-Бұл не?


-Ұялы телефон.


-Ұялы телефон?!


Ол жолсерігінің сөзіне мән бермей, тұтқаның ар жағындағы әкесімен сөйлесе кетті.


-Қызым, қайда жүрсің?


-Сабақтан кеш шықтым, әке. Таза ауамен тыныстайын деп жаяу келе жатырмын саябақ арқылы.


-Саябағың не, қызым-ау. Қазір сені күтіп аламын.


Әкесі телефонды сөндіре салды.


Бұл кезде боранның күш алғаны соншалықты қасыңда-ғыны тап басып көру мүмкін емес-ті. Денесі тоңазыған Ардана өзінен бұрын серігінің жұқа киінгенін уайым қылды. Әшейінде саябақтың бір ше-тінен екінші шетіне дейін он бес минутын жұмсаса, қазір жарты ғұмырын осында өткізгендей күй кешті. Әлдебір тылсым күш бойын құрсаулап, әр басқан қадамы өнбей-ақ қойды.


Саябақтың қақпасына жақын-дап, артына бұрылды. Мұны аңдыздай қуалаған сұқ көздер әлі де соңынан қалмағандай көрінді. Қарсы алдынан осылай қарай беттеген қара шалынды.


«Әкем шығар», деген қыз нысанды бетке алып, қарсы жүрді.


-Сіз қайда барасыз? Әкем екеуіміз жеткізіп салайық,- деп айтқалы оқталып қараса… әлгі қыз зым-зия жоқ. Құдды жер жұтып қойған ба дерсің.


***


Бұл оқиғадан соң Ардананың жаны жай таппай, әлдебір ойдың құшағында жүретін болды. Басынан өткен оқиғаны өзгелерге айтса, сан-саққа жүгіртіп, күлкіге қаларын біледі. Ол кө-ңіл түкпірінде сақтаған сырды Александра Евгеньевнаға түгел жайып салды.


- Ардана, түс ауып барады. Қаласаң, біздің үйге барып, ауқаттанайық,-деді ұстазы шә-кіртінің иығына қолын салып. Ол бас тартудың жөнін таппады.


Александра Евгеньевна екі бөлмелі пәтерде тұрады екен. Үйдің ішіндегі заттар жұпыны болғанымен, мұнтаздай таза. Залда диван, теледидар, орын-дық қойылған. Еденге төселген кілем көздің жауын алады. Диванның тұсына үлкейтілген екі сурет ілініпті. Бірінші суретте басына орамал байлаған мосқалдау әйел бейнесі бұған жылыұшырай қарап тұр. Енді екінші суретке үңілген Ардана-ның денесі мұздап сала берді. Алтын түстес шашы иығына сусылдай төгілген көгілдір көзді ару бұдан көзін алмайды. Үстінде көнетоз пальто. Аяғында ескі үлгідегі етік.


«Құдай-ау, мен бұл қызды қайдан көрдім?»


-Екеуі де –мен үшін аяулы жандар. Мына суреттегі әйел –менің анам. Екінші суреттегі қыз – туған әпкем. Анамның әңгімесінен естігенім, әкем өткен ғасырдың аяғында сонау Ресейдің бір түкпірінен осы қалаға жер аударылыпты. Жұбайын көзінен таса еткісі келмеген менің анам да іле бойжетіп қалған қызы Лидамен бірге осы қалаға қоныс теуіпті. Шағын барактардың бірінен үй жалдаған. Аптасына бір рет әкеме ас-ауқат жеткізеді екен. Күндердің күнінде аязға ұрын-ған анам төсек тартып жатып қалады. Әкесіне алаңдаған он сегіздегі ару анасын жоқтатпай, түрмеге өзі бармақшы болады. Ол уақытта түрмеге баратын жол біреу ғана. Қазіргі саябақ арқылы жүруге тура келеді. Лида кері қайтқанда кеш батып кетеді. Келген жолымен келе жатқан әпкем әлдебіреуді соққының астына алып жатқан бұзақылардың үстінен түседі. Мұны көріп қалған екеуі тұра қашқан оны өкшелей қуады. Аңдаусызда қылмысқа куә болған қайран әпкемді қанып-езерлер айуандықпен өлтіреді. Ауруханаға жеткізгенде, әпкем әлі жан тапсырмапты. Үзіліп бара жатқанда бар айтқаны: «Әттең дүние! Өз ажалыммен өлсем арманым болмас еді».


Анам байғұс қызының қай-ғысын көпке дейін ұмыта алмады. Бірде әпкем анамның түсіне кіріпті. Сол баяғы саябақта жүр екен дейді. «Анашым! Уайымдамаңыз! Саябақтағы қанды оқиға енді ешқашан қайталанбайды» депті қолын бұлғап. Анам осы түсін жиі есіне алып: «Менің қызым періштеге айналды. Ол саябаққа келген жалғыз-жарым қыздарды желеп-жебеп жүреді» деп өз-өзін жұбататын.


Александра Евгеньевнаның әңгімесін егіле тыңдаған Ардана көптен бері толғандырып жүрген түйіннің шешімін енді тапқандай бойы жеңілдеп сала берді. Жүзіне күлкі үйірілді.


-Александра Евгеньевна, ас суып қалмасын,-деп ұстазына еркелей үн қатты.


otarka.kz

Автор: Дария ЕРТАЙҚЫЗЫ 




Көрілген: 1399    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.04.2018, 11:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:40
    Мәңгілік мендік боласың
    19 Қыркүйек, 11:00
    Қанмен серттесу
    16 Қыркүйек, 11:39
    Балшы
    13 Қыркүйек, 10:19
    Өлген адамның жаны...
    11 Қыркүйек, 11:07
    Шындыққа айналған әзіл
    10 Қыркүйек, 11:09
    Аруақ мекендеген үй
    7 Қыркүйек, 11:06
    Кездесуге келген аруақ
    6 Қыркүйек, 12:20
    Түнде терезе қаққан кім?
    3 Қыркүйек, 12:04
    Жол бойындағы жалғыз үй
    29 Тамыз, 11:09
    Қылтұзақ
    28 Тамыз, 11:12
    Жат құшақ
    22 Тамыз, 11:33
    Сырмақ шерткен сыр
    2 Тамыз, 11:26
    Шайтанның азғыруы
    3 Шілде, 10:45
    Тағдыр құпиясы
    28 Маусым, 10:51
    Гипноз
    27 Маусым, 10:34
    Қос боз...
    26 Маусым, 10:46
    Ажал...
    21 Маусым, 09:02
    Көне күмбез құпиясы
    20 Маусым, 10:14
    Екі рет өлген жігіт
    19 Маусым, 10:40
    Судағы құбыжықтар

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30