Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Шаянға айналған Хэйкэ қаһармандарының рухы...

  • © alashainasy.kz/

    © alashainasy.kz/

Коидзуми Якумо (1850-1904) — тегі ирландиялық американ жазушысы, аудармашы. Өз есімі — Патрик Лафкадио Хирн. Ирландияда дүниеге келсе де өмірі мен шығармашылығы АҚШ, Жапониямен байланысты болған жазушы 1890 жылы журнал тілшісі ретінде Күншығыс еліне жіберіледі.


Мацуэ шаһарында ағылшын тілінен сабақ бере жүріп, жапон әдебиетін зерттейді. (Кейін Мацуэ қаласында жазушының мұражайы ашылады). Жапон әдебиеті мен мәдениетіне деген құштарлық Патрик Лафкадио Хирн есімін өзгертуге әкеледі. Ол Коидзуми Якумо деген есімді көне жапон антологиясы «Кодзикиден» алған деседі. Самурай қызы Сэцу Коидзумиге үйленіп, Жапония азаматтығын алған жазушы 1903-1904 жылдары Токио университетінде ағылшын әдебиетінен оқытушы болып жұмыс істейді. Патрик Лафкадио Хирн жапон аңыз-әпсаналарын жоғары бағалаған. Өзінің шығармашылығын да Шығыс фольклорымен байланыстырған. Жазушы еңбектерінің негізгі желісі жапон аңыз-ертегілері екені белгілі. 1895 жылы шыққан «Шығыстан» — жаңа Жапония туралы очерктер жинағы, 1898-1903 жылдар аралығында жарық көрген «Жапон қиял ғажайып ертегілері», «Жапон поэзиясы хайку туралы» тағы басқа да еңбектері бар. Коидзуми Якумоның жапон аңыздарының желісі негізінде жазған әңгімелерінің бірін назарларыңызға ұсынамыз.




Құлағы жоқ Хоуичи


Жеті жүз жыл бұрын болған оқиға деседі. Төменгі Канкайкйоу шатқалындағы Данноура бұғазында Тайра әулеті, яғни Тайра руы Гэндзи руымен, яки Гэндзи әулетімен ұзақ жылдар соғысты. Осы Данноурада Тайра әулеті қатын-баласымен, тарихта Антоку император деген атпен сақталған жас патшасымен бірге қырылып қалады. Бұл шайқас теңіз беті мен жағалауда жеті жүз жыл бойы жырланды… Сол шайқастан соң пайда болған Хэйкэкани деген сирек шаян туралы бұрын жазғаным бар, бұл жәндіктің түрі кісі баласының бет әлпетіне ұқсайды. Хэйкэ қаһармандарының рухы шаянға айналған дейді ел. Теңіз жағалауында таңғажайып тосын оқиғалар айтылады. Қою түнде жосыған әруақтар жалын боп, су бетін кезе ме, толқындардың үстінде жалт-жұлт еткен, яғни балықшылар айтатын шайтан оты, яки жын оты делінетін сәулелер көрінеді. Жел тұрғанда майданнан жеткендей ұрандатқан дауыстар естіледі теңізден.


Хэйкэ сарбаздарының рухы түнде жүзіп бара жатқан кеменің жанына таяп, батырғысы келеді… Дүниеден озғандардың рухын тыныштандыру үшін салынған Акамагасэки Будданың ғибадат үйі болған Амидадзи сарайы, зираты да оған жалғаса теңіз жағасында тұр. Сол зиратта «Суға кеткен император мен текті вассал» деп таңбаланған белгі тас бар. Аруақтарға бағышталған Будда ғұрыптары тиянақты түрде атқарылады. Ғибадат үйі салынып, тас белгі қойылған соң апаттар бұрынғыдан азайған көрінеді. Бірақ үрейлі оқиғалар жиі орын алды. Бұл Хэйке әулетінің толығымен жеңілуінің белгісі деседі ел.




Жапон тілінен аударған

Шарафат Жылқыбаева 




Көрілген: 666    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 05.01.2018, 12:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қаңтар, 18:50
    Түс көру психологиясы
    16 Қаңтар, 11:43
    Ескексіз қайық...
    21 Желтоқсан 2017
    Құбыжық туған қыз...
    13 Желтоқсан 2017
    Ішіне жын кірген Манас
    12 Желтоқсан 2017
    Өң мен түстің арасы
    8 Желтоқсан 2017
    Бұл адам ба мақұлық па?
    6 Желтоқсан 2017
    66-шы үйдің құпиясы
    2 Желтоқсан 2017
    Түс туралы не білеміз?
    23 Қараша 2017
    ДОМОВОЙ
    18 Қараша 2017
    КІСІКИІК
    9 Қараша 2017
    Түннің құпиясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31