Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Шайтан шақырыпты

  • Шайтан шақырыпты

    Шайтан шақырыпты

 Бұрындары ата-әжелеріміз «біздің пәленше деген бабамыз шайтан көріпті» деп әңгімені бастайтын-ды. Сондағы айтпағы, шайтан анау-мынау­ адамға көрінбейді, бес уақыт намазын қаза қылмаған, таза кісіге көрінеді деседі. Енді біреулер кез келген жерге отыратын нас адамдардың маңайы­н торуылдайды дейді-міс. Хақ дінімізде шайтанның адамды жолдан тайдыру үшін барын салатыны айтылады.


Мына бір оқиғаны әжемнен естігенмін. Кезінде атам марқұм жолаушылап келе жатып­ түн мезгілі жеткесін атынан ер-тоқымын шешіп, өзі кең даланың төсіне жантая кетіпті. Содан не керек, бір уақытта ұйқылы-ояу тұрса жануары жанында жоқ екен. «Е-е, жануарым жайылуға кеткен ғой» деп жора­малдапты. Таңға жуық атамның алдынан жасы егде жасқа таяған, алайда кемпір деуге­ келіңкіремейтін келіншек аманшылық сұрап, шаңырақтан дәм татып кетуін өтініпті. Бір кезде киіз үйдің ішінде шай ішіп, әңгіме дүкен құра қояйын десе, іштей жайсыздық маза таптырмаған. «Кімнің шаңырағы?» деген оймен шаңыраққа көз тіксе керек. Сөйтсе, шаңырақтың ортасы жоқ болып­ шығыпты. Атам бұрындары шайтандарда шаңырақ болмайды дегенді естіпті. Содан лезде тілін кәлимаға келтіре қойған екен, жаңағы киіз үй де, келіншек те көз алдында ғайып болған. Тек отта жайылып жүрген жылқысын ғана көзі шалыпты. Бұл менің әжемнен естігенім ғана. Осы іспетті нәліт туралы небір оқиғалар бүгінге дейін ауыздан­-ауызға айтылы­п келген. Шайтандарды «тұяғынан-ақ тапжыл­май тануға болады» деген сияқты сан-саққа жүгіртетін сөздер жеткілікті.


«Шашыңды түнде жайып жүрме, түнде құдықтан су алма» деген ырым-тыйымдарға біз аса мән бермейміз. Мұның өзі жөн емес. Бірде мынадай жайт орын алған. Жүкті келіншек түн ортасында есік алдына су төгуге шығады. Жас келіншек “сол кеткеннен мол кеттінің” күйін кешіпті. Туған-туыс­тары, жақындарының іздемеген жері қал­майды, бақсы-балгер, құмалақшы дегеннің бірін қалдырм­ай шарлайды. Арада жылдар өткен соң айдың күні аманында «бұл не жағдай?» деген өзекті өртеген­ сауалмен шектеледі.


Бірде белгісіз біреу жоғалып кеткен келіншекті ертіп келеді. Аяқ-қолы сау болғанмен, ойлау қабілеті­ жағынан ауытқуға ұшырапты. Жас келіншекті көп болып дәрігерге апарып, қазақыға көрсетіп жазып алады. Сөйтсе, су төгуге шыққан келіншек­тің алдынан өзі қатарлас жас әйел жақын­ туысы болып көрініп, біраз жерге де дейін жол жүргізеді. Сапарлары осылайша жалғасқан. Одан басқа ешбір жағдай жадында сақталмаған.


Ібілістің ұрпағының қай жерден шыға келіп, нендей жайтқа душар ететіндігін білмейміз. Бүгін­де шайтан туралы әңгіме қозғалса, «Есі дұрыс па? Не айтып отыр?» деп төтесінен төпелей­ кетеді. Қарап отырсаңыз, халқымызда «шайтан түртті ме, жын қақты ма?» деген тіркестер бар. Осыдан-ақ, олардың бар екендігін аңғаруға болады­. Қазіргі адам неге шайтан көрмейді десе, көпшілік «қазіргілердің өзі шайтан ғой» деп кесіп айтады.


kz.el24.kz




Көрілген: 1600    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.04.2018, 09:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Мамыр, 17:01
    Күн мінажатханасы
    18 Мамыр, 11:16
    Өзге əлем
    9 Мамыр, 22:29
    Қыз рухы
    2 Мамыр, 10:41
    Елес қонақ...
    30 Сәуір, 09:18
    Шайтан шақырыпты
    28 Сәуір, 10:32
    Жын ұрған қыз...
    27 Сәуір, 11:14
    Түнгі оқиға
    26 Сәуір, 11:08
    Саябақтағы елес ару
    25 Сәуір, 10:51
    Мәңгілік өмір
    24 Сәуір, 11:08
    Кесене кезген елес
    23 Сәуір, 14:40
    Қарғыс атқан тағдыр
    20 Сәуір, 11:54
    Киіктің киесі
    9 Сәуір, 12:01
    Қыз рухы
    9 Сәуір, 11:32
    Балшы
    6 Сәуір, 11:39
    Уақыт
    4 Сәуір, 10:54
    От–Ару
    3 Сәуір, 10:54
    Жалғызаяқ жол
    31 Наурыз, 10:51
    Балбал-қаз
    28 Наурыз, 10:56
    Тораңғылы
    13 Наурыз, 11:41
    Алтын ұсынған жын...
    12 Наурыз, 11:42
    Дуалау деген рас екен
    11 Наурыз, 11:02
    Көлдегі елес ару
    7 Наурыз, 11:40
    Жолайрық

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31