Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Шайтанды екі мәрте өз көзімен көрген адам

  • © alashainasy.kz/

    © alashainasy.kz/

«Алаш айнасын» оқып отырып менің есіме әкем айтқан бір оқиға түсті. Сол оқиғаны оқырмандармен бөлісуді жөн санадым. Бұл оқиға өткен ғасырдың 60 жылдарында болған. Ол кезде әкем Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданына қарасты Шымқорған совхозының «3-ферма» деген ауылында тұрған екен.


Әкем айтқан әңгіме


Совхоз орталығынан ауылға келетін жол өзен үстіндегі ескі көпір арқылы өтетін еді. Сол көпір маңында адамдар түсініксіз жағдайларға тап болып, түсініксіз бейнелерді жиі көретін. Сондықтан ол көпірді ауыл адамдары «шайтанкөпір» деп атап кеткен. Сол шайтанкөпірде Қанжігіт деген кісі екі рет шайтанға кез болған еді.


Қанжігіт жастайынан техникаға әуес болатын. Ауылдастар арасында астына алғаш мотоцикл тақымдаған да сол Қанжігіт еді. Бір күні түн ортасында сохоз орталығынан ауылға келе жатып түсініксіз жағдайға тап болады. Өзенге жеткенде көпір үстінде шашын жайып отырған қызды көріп, өз көзіне сенер сенбесін білмейді. Бойын үрей жайлап, денесі шымырлап кетеді. Көпір алдына жақын келіп тоқтайды да, мотоциклін өшірмей, көлігінен түспестен «Кімсің?» деп дауыс қатады. Алайда, қыз дауысқа көңіл бөлмейді. Қанжігітке қарап мойынын да бұрмайды. «Кімсің?» деп тағы екі-үш рет сұрайды. Қыз жауап қатпайды. Бұрынан бұл маңда шайтан бар деп есітіп өскен Қанжігіт бұл жағдайдың тек емес екенін сезеді.


Қатты қорыққан Қанжігітке белгісіз бір уілдеген дыбыстар есітілгендей болады. Маңайдағы қарайғанның бәрі шайтан сияқты елестейді. Қорқыныш, үрей одан сайын күшейе түседі. Бұдан артық кідіруге болмайды. Не болса да, көпірден тоқтамай өте шығуды ұйғарады. Мүмкіндігінше мотоцикл жылдамдығын арттырып, қыздың қасынан заулап өте бергенде, қыз тап береді. Қанжігіттің бақытына қарай қыздың қолы жетпей қалады. Көпірден өте сала артына қараса, шашы желбіреген қыз, екі қолын созып, екі аттам жерде соңынан еріп жүгіріп келеді екен. Тек қыздан құтылуды ойлаған Қанжігіт жылдамдықты одан сайын арттырады. Бірақ қыз соңынан қалмайды. Жайдақ жолдың ой-шұқырын ескеретін шама жоқ. Мотоциклді бар тартқанынша басады. Енді ілесе алмай қалған шығар деп артына қарағанда қыз мотоциклдің артқы орындығына секіріп мінеді. Сол сәтте мотоцикл аударылады. Аяқ қолы сынған Қанжігіт 6-7 ай дегенде орнынан тұрған еді.


Арадан 3-4 жыл өткенде Қанжігіт совхозға жүргізуші болып жұмысқа кіреді. Совхоз берген ГАЗ-51 жүк көлігімен күнде қатынап жүреді. Бір күні бірге істейтін шопырлармен бас қосып, ішімдік ішіп отырып қалса керек, ауылға кеш қайтады. Шопырлармен бірге ішкен арақ күш берді ме, қасындағы жігіттердің осында қала сал дегеніне құлақ аспайды. Арақтың қызуы осыдан 3-4 жыл бұрынғы шайтанкөпірде болған жағдайды да ұмыттырса керек. Масайып алған жігіт қорқынышты ысырып қойып, ауылға тартады.


Алайда көпірге жақындағанда мастығы бірден тарқайды. Өз көзіне өзі сенер емес. Көпір үстінде баяғы шашын жайған қыз отыр. Тұла бойы шымырлап сала береді. Әп сәтте басынан неше түрлі ойлар заулап өтеді. Алғашында артқа қайтып кетсем бе деп те ойлайды. Бірақ, бұрылам дегенше ана қыз жетіп алар деп ол ойынан тез қайтады. Енді бір-ақ жол бар. Көпірден өту. Бірақ машина мотоцикл емес, қыздың қасынан айналып өте алмайсың. Не істеу керек? Нар тәуекел, неде болса қызды басып өте шығу керек. Басқа жол жоқ.


Осылай ойлап болғанша, машина көпірге де иек артады. Бірақ қыз отырған орынынан тапжылмайды. Енді ойлануға уақыт жоқ. Қанжігіт көзді тас жұмып газды барынша басады. Көзін ашқанда көпірден түсіп бара жатқанын байқайды. Сол сәтте машинаның бортына біреу мінгендей болады. Сәл өтпей ол күдігі расталады. Біреу тоқта деген белгі беріп машинаның кабинасын соға бастайды. Арқаға да, айнаға да қарауға шамасы жоқ, бар жылдамдығын қосып, ауылға жетеді. Ауылға кіргенде машинаның кабинасын ұрғылау тыйылады. Есік терезені тас қылып жауып алған Қанжігіт үйге жетіп бірақ тоқтайды. Ақырын есікті ашып, қолына үнемі кабинада жататын көлік оталдыратын бұранда темірді алып жерге түседі.


Алғашында қорыққанмен, ешқандай күдікті дыбыс есітілмеген соң Қанжігіт машинаның аяқ қойғышына шығып, бортына қарайды. Қараса, машинаның үстінде ешкі тұрады. «Мынаны жігіттердің біреуі салып жіберген-ау, бағанадан тоқылдатқан осы екен ғой» деп ойлаған Қанжігіт ешкіні қорадағы малға қосып қоймақ болады. Машинаның бортына шығып, ұстағанда ешкі бағана көпірде көрген қызға айналады. Мұны көргенде Қанжігіттің жан дауысы шығады. Қатты айғайды есітіп тысқа шыққан үйдегілер машинаның қасында есінен танып құлап жатқан Қанжігітті көреді.


«Сол жағдайдан кейін Қанжігіт ұзақ ауырды. Салдарынан ақыл есі ауысып, өз-өзімен сөйлесіп, дала кезіп кететін болып қалды» деп әкем әңгімесін айтқан еді.


Рахматулла Муслимов,

Мақтарал ауданы

alashainasy.kz/ 




Көрілген: 3641    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.11.2017, 11:02

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
23 Сәуір, 14:40
Қарғыс атқан тағдыр
20 Сәуір, 11:54
Киіктің киесі
9 Сәуір, 12:01
Қыз рухы
9 Сәуір, 11:32
Балшы
6 Сәуір, 11:39
Уақыт
4 Сәуір, 10:54
От–Ару
3 Сәуір, 10:54
Жалғызаяқ жол
31 Наурыз, 10:51
Балбал-қаз
28 Наурыз, 10:56
Тораңғылы
13 Наурыз, 11:41
Алтын ұсынған жын...
12 Наурыз, 11:42
Дуалау деген рас екен
11 Наурыз, 11:02
Көлдегі елес ару
7 Наурыз, 11:40
Жолайрық
28 Ақпан, 10:10
Киіктің киесі
25 Ақпан, 23:30
Адамның 10 қорқынышы
23 Ақпан, 11:55
О дүниеден оралу...
18 Ақпан, 23:50
Өлінің астынан өту
29 Қаңтар, 11:30
Оқ дарымайтын адам...

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30