Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

«Шайтанның қара таңбасы»: Мұндай белгісі бар адам Құран оқи алмайды

  • Ⓒgoldvoice.club

    Ⓒgoldvoice.club

Осы жақында ғана теледидардан көрсеткендей, Астана мен Алматы емханаларында әлемдік тәжірибеге сай пилоттық жоба жүзеге асып жатыр. Яғни жүрек ауруы, қант диабеті, гипертония тағы басқа сырқаты бар науқас адамдардың білегіне QR-кодпен жабдықталған медициналық көмек білезігі тағылуда. Кодты оқу арқылы жедел жәрдем дәрігерлері науқас туралы толық ақпарат ала алады екен. Мәселен, науқас ес-түссіз күйде жансақтау бөліміне түссе, дәрігерлер ол туралы толық ақпаратты қолындағы білезіктен тез және бірден ала алады. Науқас туралы барлық ақпарат: аты-жөні, мекен-жайы, қан тобы, қандай дәріге аллергиясы бары, туыстарының телефоны, қысқасы, барлық мәлімет электронды механизмде көрсетілген. Білезіктегі «жеке кабинетте» науқастың туғандарының телефон нөмірлері де бар болғандықтан, оларға бірден хабарлама жіберіледі. Онымен қоса жақындары науқастың қай жерде ауырып қалғанын білетін болады. Жүйені әзірлеген қазақстандық ІТ-компания 2019 жылы жобаны толық жүзеге асырамыз деп құлшынып отыр. Мұндай білезіктер тіпті, жұртқа тегін таратылатын болады екен.


Паспортқа, банкнотқа, киімге енгізіліп жатқан микрочип, міне, адамға, оның ішінде қазаққа да жетті деген – осы-ау! Бәрі керемет секілді. Бірақ, адамзаттың бүкіл тарихында қоғамның дамуы үшін әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданған және қазір де қолданып келе жатқанын ескерсек, адамды ойландыратын нәрсе көп. Бұлай деуімізге бізді жаһандануға қатысты дәл қазір қолға алынып жатқан ғажайып нанотехнологиялық жобалар мен кибернетикалық бағдарламалар итермелеп отыр.


Бүгінде Пентагонмен құпия байланысы бар америкалық және еуропалық компаниялар әскери спутниктік автоматты идентификациялау технологиясы арқылы түрлі жобаларды дүниеге әкеліп, жарнамалап, электронды қондырғыларды үстін-үстіне тоғытуда. Мәселен, америкалық әскери қызметкерлердің оң қолына жай көзге көрінбейтін 16 санды нөмірлі микрочип енгізілген, оның базасында әлгі адам туралы бүкіл мәлімет сақтаулы тұр. Аэропорт, күш құрылымдары, арнаулы қызмет, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің де тері астына микрочип енгізілуде. Ендігі кезекте шенеуніктер мен мемлекеттік қызметкерлер тұр. Мұның бәрі олардың қызметін бақылау үшін керек делінеді. Жан-жануарларды айтпағанда, әскерилерге, терроршы қылмыскерлер мен иммигранттарға, адасып қалмауы үшін кемпір-шалдарға, ұрланып кетпеуі үшін балаларға, сырқаттарға енгізіліп жатқан чип жақын жылдары әрбір қазақстандықтың да есігін қағып тұруы әбден мүмкін.


Қазір отар қойдың өзін шопансыз бағу тәсілі шыққан, яғни қойдың терісіне электрод енгізіп, радио арқылы бағып-басқарады. Адам да түбінде осындай қойға айналмас па екен?! Себебі, тері астына енгізілген бидай дәніндей микрочип жүйке жүйесіне, одан миға әсер етіп, адамды өз еркінен айырады. Сөйтіп, өміріңіздің соңына дейін электронды гипнозда жүріп, биороботқа айналғаныңызды білмей де қаласыз. Осы микрочип сіздің өмірлік жолыңызды, мамандығыңызды, киетін киіміңізге дейін таңдап береді.


«Үлкен сегіздіктің», халықаралық ақсүйектер ұйымы – Бильдерберг клубының халықаралық терроризмге қарсы бүкіл әлем тұрғындарын жаңа жаһандық жүйеге кіруге жанталаса шақырысының астарында осы микрочип жатыр. Кез келген уақытта RussGPS жүйесінің көмегімен осы жүйенің қожайыны жер шарындағы кез келген заттың, оның ішінде тері астына микрочип енгізілген барлық адамның дәлме-дәл орнын, қайда жүргенін, қайда бағыт алғанын және қозғалыс жылдамдығын дәл анықтап бере алады және оларды бір мезгілде қалауынша басқара алады. Оның бақылауынан көліктер те тыс қалмаған: микрочипке электронды сигнал жіберу арқылы моторды сөндіріп, басқа да әрекеттер жасайды, тіпті көлік руліндегі адамның жүйкесіне түрліше әсер етіп, оны өлтіре де алады. Осылайша жеке адам ғана емес, тұтас елдердің мемлекеттік органдары мен материалдық ресурстары бақылауға алынуда. Түбі жер шарының барлық тұрғынын бақылап қана қоймай басқаруға алып барады. Бұл жүйенің қожайыны кім десеңіз, ол – әлемдік үкімет, әлемдік парламент, былайша айтқанда жаһандық диктатор. Түптің түбінде барлық мемлекеттердің бүкіл билігі соғыссыз-ақ, ың-шыңсыз осы әлемдік үкіметтің басқаруына беріледі. Жаһанданудың шыңы – осы.


Суперэлектронды елдер адам миына чип орнатуға құлшына кірісіп те кетті. Адамның бүкіл өмірі, материалдық мәліметтерімен қоса, жан дүниесі, ойы да электронды базада сақтаулы тұрады. Адам миын кәдімгідей компьютерге қосып қойып, ойын оқи береді. Болашақта бүкіл адамзат миына жаппай чип қондырылып жүрмесіне кім кепіл?


 


Әлем елдерінің діндарлары электронды жүйе арқылы адамды тәжірибеге, тауарға айналдыруға қарсы өре түрегелуде. Осы жайында қасиетті кітаптардан үзінділер келтіруде. Чип деген не? Ол – діндарлардың айтуынша «шайтанның қара таңбасы». Мұндай таңбасы бар адам Құран оқи алмайды екен...


Жер шары жаңа галактикалық өріске шығып, адамдардың сана-сезімі жаңғыруда делінуде (біз де рухани жаңғырып жатырмыз ғой). Кім біліпті, бұл да көктегі емес, жердегі жарты құдайлардың жасап жатқан әрекеті болар. Әлем тұрғындарының тең жартысын электронды бақылауға алу арқылы оқ шығармай-ақ жойып жіберуге немесе сана-сезімдерін жаңа бағытқа бұруға болатын шығар. Кім біліпті...


Төреғали ТӘШЕНОВ

qamshy.kz 




Көрілген: 1656    Пікірлер: 0

жұма, 04.01.2019, 11:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 22:42
    Сайтан неге адамға өш?
    13 Наурыз, 10:47
    Жылқышы қыздың киесі
    12 Наурыз, 11:04
    Суда қалқыған мүрде
    9 Ақпан, 14:35
    Көз тию деген не?
    9 Ақпан, 13:12
    Әлемнің әміршілері
    8 Ақпан, 11:10
    Аруақпен сұхбат
    31 Қаңтар, 10:06
    256 жыл өмір сүрген...
    11 Қаңтар, 14:04
    Мүйізді әжей

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31