Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

ШҚО тұрғындарын аспанда көрінген ерекше құбылыс таң қалдырды (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Шемонаиха ауданының тұрғындарын табиғаттың сирек құбылысы таң қалдырды. Бұлтсыз ашық аспанда пайда болған ерекше жарық бейнежазбаға түсіріліп, әлеуметтік желіде таратылып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бейнежазбадан аспан аясында күн ерекше жарқырып, шам секілді түрге айналғанын байқаймыз. Оның маңайында алтын түсті шеңбер пайда болған. Одан жоғарырақ тұста кемпірқосақ түсті ай жаңа туған ай тәріздес жарты шеңбер тұр.


Айта кетсек, мұндай құбылыс қаңтардың бас кезінде Өскемен қаласында да болған.



Ғылымда осыған ұқсас құбылысты гало немесе қоралану деп атайды екен. Гало – Күн және Ай секілді жұлдыздық нысандардың айналасында пайда болатын, пішіні алқаға (не дискке) ұқсайтын айқын көрінетін жарық жолағы болып, ол жарықтың бұлттағы мұз кристалдарынан сынуы және шағылуы нәтижесінде пайда болатын атмосфералық-оптикалық құбылыс. Ол көбінесе сақина пішінді, доға, жарық діңгегі, нұрлы дақ секілді пішіндерде болып, күнді, не айды қоршап тұрады. Ол қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көк, көгілдір, күлгін секілді 7 түрлі түстің қабаттасуы болып көрінуі мүмкін.


Ата-бабаларымыз қораланудың күннің төңірегінде көрінгенін “күн қоралануы”, айдың төңірегінде көрінгенін “ай қоралануы” деп атаған. Бұдан басқа күннің қасынан қатарласқан күн пайда болса оны Сағым күн деп атаған. Атмосферадағы мұз кристалдарын түйдек бұлттар әкеледі, оларға күн (ай) сәулесі шағылысқанда адам көзіне іші қызыл, сырты күлгін сақина пішінді жарықтар көрінеді. Ал, егер су тамшылары күнге шағылысса, одан көбінесе кемпірқосақ секілді құбылыстар туылатыны белгілі.


 




Көрілген: 550    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.01.2019, 11:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Наурыз, 10:47
    Жылқышы қыздың киесі
    12 Наурыз, 11:04
    Суда қалқыған мүрде
    9 Ақпан, 14:35
    Көз тию деген не?
    9 Ақпан, 13:12
    Әлемнің әміршілері
    8 Ақпан, 11:10
    Аруақпен сұхбат
    31 Қаңтар, 10:06
    256 жыл өмір сүрген...
    11 Қаңтар, 14:04
    Мүйізді әжей
    21 Желтоқсан 2018
    Жұматай әулиенің жұмбағы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31