Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Шіркеуден шыққан соң есінен танған әйел 18 жастағы қыз болып оянған

  • Фото: SWNS

    Фото: SWNS

АҚШ тұрғыны Ким Харрис Деникола есінеп танып құлап, 18 жастағы қыз болып оянған деп жазады Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.


Оқиға болған күні Ким католик шіркеуіндегі Інжіл үйрену сабақтарына қатысып шыққан.


Ғимараттан шыққаннан кейін оның көзі қарауытып, басы қатты ауыра бастапты.


Күйеуіне хабарласқанда, ол оған рөлге отырмауға кеңес берген. Ким Харрис құрбысына хабарласып, ауруханаға жеткізуді өтінеді.

Алайда әйел адам сол жерде есінен танып құлаған. Ал оянған кезде 40 жыл бұрынғы кезіне оралыпты.



Ол өзін мектептен үйге қайтуға шыққанмын деп ойлаған. Ал ауруханада жақындарын танымаған.


"Мен емтихан тапсырып, үйге қайтайын деп жатқанмын. Медбике қазір "қай жыл екенін білесіз бе?" деп сұрады. Мен "1980 жыл" деп жауап бердім", - деді Ким Харрис Деникола.

Әйел адам күйеуін, балаларын және немерелерін танымай қалыпты. Сонымен қатар, өзін 18 жаста санаған Ким ата-анасының келуін күткен.


Алайда олардың қайтыс болғанын қайта қабылдауына тура келеді.



Ақ халаттылар әйел адамға естеліктері оралу мүмкіндігі жоқтың қасы екенін алға тартып отыр.


"Қатты абыржып, ата-анамның келуін күттім. Дональд Трамп, Барак Обама мен Билл Клинтонның кім екенін білмедім", - деді Ким Харрис Деникола.

Әйел адамның сөзінше, ол айнадағы түрін көріп шошыған. Сондай-ақ, заманауи техниканы қайтадан меңгеруіне тура келген.


"Қатты қиналдым. Бірақ жақындарымның қолдауы бәрін еңсеруіме көмектесті. Бәлкім естеліктерім қайта оралатын шығар. Ал қазір мен адамдармен қайта танысып, 2019 жылы өмір сүруге үйреніп жатырмын", - деді әйел адам.


 




Көрілген: 684    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.02.2019, 13:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 14:35
    Көз тию деген не?
    9 Ақпан, 13:12
    Әлемнің әміршілері
    8 Ақпан, 11:10
    Аруақпен сұхбат
    31 Қаңтар, 10:06
    256 жыл өмір сүрген...
    11 Қаңтар, 14:04
    Мүйізді әжей
    21 Желтоқсан 2018
    Жұматай әулиенің жұмбағы
    19 Желтоқсан 2018
    Әулие қыз
    11 Желтоқсан 2018
    Әуеде құстай ұшқан ат
    3 Желтоқсан 2018
    Сайтан қабір
    29 Қараша 2018
    Жұмбақ ауыл

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28