Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Соғыс болатынын сездірген тылсым құбылыстар

  • © alexunder.tourister.ru

    © alexunder.tourister.ru

Соның бір айғағы әйгілі қолбасшы Әмір Темірдің өлімімен байланысты. Адамзат тарихындағы соғыстарда тылсым құбылыстар мен оқиғалардың болғаны белгілі.


Соның бір айғағы әйгілі қолбасшы Әмір Темірдің өлімімен байланысты.


Аңыз бойынша Әмір Темір Самарқанд қаласында жерленген. Әр жылдары оның қабірінде тылсым құбылыстар болып, белгісіз дыбыстар мен дауыстар шығатыны туралы деректер қалған.


1926 жылы бұл оқиға академик Массонды қатты таң қалдырады. Алайда, ол кезде қабірге барып, зерттеу жүргізудің сәті түспейді. Ал, 1941 жылы үкіметтен арнайы зерттеу жүргізу үшін қаражат бөлінгенде, академик бас тартады. Археологиялық зерттеулер 1941 жылдың 17 маусымында басталады. Бұл тікелей Сталиннің тапсырмасы болатын.


Аңыз бойынша «Кімде-кім қабірді ашатын болса, жер беті қан мен қасіретке оранайды», деген өсиет қалған. Алайда, зерттеушілер бұл сөзге құлақ аспай, қазба жұмыстарын жүргізеді.


Тылсым құбылыс деген осы болар, ең алғаш құлпытастың беті ашылғанда, фашистік Германия Кеңес одағының аумағына алғашқы шабуылын бастап кетеді. Сол сәтте кесене ішінде өлі тыныштық орнайды. Құлпытастың тақтасы ашылған сәтте айналаға жұпар иіс тарайды. Зерттеушілер қабірде 500 жылға жуық сақталған әйгілі Әмір Темірдің бас сүйегін бірден Мәскеуге жөнелтеді.


Бұл аңыз ең алғаш Георгий Жуковтың құлағына жетеді. Кейін генерал Жуков аңызды Сталинге жеткізеді. Ұзақ ойлана келе Сталин 1945 жылы бас сүйекті қайта жерге тапсыруды бұйырады Көп ұзамай кесене қалпына келтіріліп, Әмір Темірдің бас сүйегі қара жерге тапсырылады. Ал, келесі күні Кеңес әскері Сталинград түбіндегі ірі жеңіске қол жеткізеді.


Осылайша адамзат тарихындағы ірі соғыстың бірі аяқталады.




kaztv.kaztrk.kz 




Көрілген: 2603    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.07.2018, 10:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Тамыз, 11:26
    Шайтанның азғыруы
    3 Шілде, 10:45
    Тағдыр құпиясы
    28 Маусым, 10:51
    Гипноз
    27 Маусым, 10:34
    Қос боз...
    26 Маусым, 10:46
    Ажал...
    21 Маусым, 09:02
    Көне күмбез құпиясы
    20 Маусым, 10:14
    Екі рет өлген жігіт
    19 Маусым, 10:40
    Судағы құбыжықтар
    6 Маусым, 11:05
    Түс көру және жору
    31 Мамыр, 10:53
    Елес зират...
    20 Мамыр, 17:01
    Күн мінажатханасы
    18 Мамыр, 11:16
    Өзге əлем

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31