Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Студенттік шақта жатақханада кез болған шайтан

  • © superomsk.ru

    © superomsk.ru

Студент кезiмде басымнан өткерген оқиғаны әлi күнге дейiн ұмыта алар емеспiн.


Ол тұста 1-курста оқитын едiм. Университетке жаңа түскен кезiмiз. 1-курс студенттерiнiң бiр-бiрiне қонаққа барып, түн ұзақ әңгiмелесетiн әдетi бар емес пе. Бөлмеде екi қыз тұратын едiк. Тағы бiр құрбымыз басқа бөлмеде тұратын. Бiр күнi құрбымыздың қасындағы көршiлерi аяқасты ауылдарына қайтып кеттi де, құрбымыз жалғыз қалды. Кешке қарай ол бiздi шайға шақырды. Шай iшiлiп, әңгiме айтылып болған соң көршiм екеумiз құрбымды жалғызсыратпай сол бөлмеде қонатын болып шештiк. Құрбымыз төсек салып берiп, бiздi жайғастырды. Ол өзiнiң төсегiне, ал көршiм екеумiз бiр төсекке қисайдық. Бiрақ түн ортасына дейiн көз iлмей, әңгiме-дүкен құрдық. Таңға жуық үшеумiз де ұйықтап кетiппiз.


Бiр кезде тұншыққаннан оянып кеттiм. Әлдебiреудiң менi буындырып жатқанын сездiм. Бiреудiң суық қолы алқымымды босатар емес. Жан-жағыма алақ-жұлақ қарап қоямын. Сөйтсем, о тоба, менi буындырып тұрғанның бейнесi көрiнбейдi. Төсектiң маңында ешкiм де жоқ. Арпалыса бастадым. Алайда әлгi қол мойныма тастай жабысып алыпты. Босату түгiл, одан сайын тұншықтырып, буындырып барады. Демiм бiтуге шақ қалғанда ғана әлгi қол әрең дегенде босатты-ау әйтеуiр.


Не өңiм, не түсiм екенiн бiле алмай дал болып, төсегiмде ұзақ отырып қалыппын. Есiмдi жинап, тiлiмдi кәлимаға келтiрдiм. Түсiм дейiн десем, менi бiреудiң буындырғаны анық. Түсiм болуы мүмкiн емес. Олай болса, менi кiм буындырды? Айналамда алаңсыз ұйықтап жатқан екi құрбымнан басқа ешкiм жоқ. Түсiнiксiз.


Жын, елес туралы ел аузынан естiгенiм болмаса, мұндай оқыс оқиғаны өз басымнан өткермеппiн.


Не де болса елдi алаңдатып, үркiтпей-ақ қояйын дедiм. Оның үстiне құрбым осы бөлмеде тұрады емес пе. Шошып, түнде ұйықтай алмай қалар деп шештiм. Бiрақ өзiм таң атқанға дейiн көз iле алмадым. Әлгi бiреу қайтадан тап берiп буындыратындай болып көрiндi.


Таңғы жетiде құрбыларым да ұйқысынан оянды. Ойларында ештеңе жоқ. Жуынып, шайынып, таңғы асқа кiрiстiк. Ештеңеге тәбетiм жоқ. Түндегi оқиға есiмнен кетер емес. Бұл бөлмеден тезiрек кетудi ойлап отырмын. Iшiмнен өз-өзiме «елдiң бөлмесiне келiп нем бар едi?» деп те ұрсып қоямын. Осы мезетте қасымдағы көршiм: «Түннiң ортасында менi әлдебiреу буындырды», – деп қойып қалды. Бұл жайлы тiс жармай-ақ қояйын деп едiм, ақыры айтылған соң мен де жасырып қайтем деп түйдiм. Сөйтiп, менi де белгiсiз бiреудiң буындырғанын айттым. Осы бөлмеде тұратын құрбымның есi шықты. Ол бұрын-соңды мұндайды байқамапты. Үшеумiз де бұл не болуы мүмкiн деген ойға қалдық. Әр үйдiң өз иесi болатыны туралы естiсек те, жатақхананың иесi болуы мүмкiн деген ой болған емес. Бәлкiм, сол бөлменiң иесi бар болса, бiздi жақтырмай, сондай әрекетке көшкен шығар? Ал бұл жын не шайтан болса ше? Ол да мүмкiн. Құрбымның қасында тұратын көршiлерi анда-санда ұрттап қойып, бөлменi жынойнаққа айналдыратыны туралы еститiнбiз. Кезiнде әжем лас, нәпсi тыйылмаған жерлердi жын-шайтан мекен етедi деушi едi. Демек, мен сол түнде шайтанмен бетпе-бет кездескем.


Сол түннен кейiн бұдан былай жатақханадағы бөтен бөлмеге қонбаймын деп шештiм. Университет бiтiргенше, өзгелердiң бөлмесiне ара-тұра бас сұқсам да, бұл оқиғадан кейiн ешкiмнiң бөлмесiнде қонып көрмедiм.


zhasalash.kz 




Көрілген: 1499    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.04.2018, 11:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Мамыр, 17:01
    Күн мінажатханасы
    18 Мамыр, 11:16
    Өзге əлем
    9 Мамыр, 22:29
    Қыз рухы
    2 Мамыр, 10:41
    Елес қонақ...
    30 Сәуір, 09:18
    Шайтан шақырыпты
    28 Сәуір, 10:32
    Жын ұрған қыз...
    27 Сәуір, 11:14
    Түнгі оқиға
    26 Сәуір, 11:08
    Саябақтағы елес ару
    25 Сәуір, 10:51
    Мәңгілік өмір
    24 Сәуір, 11:08
    Кесене кезген елес
    23 Сәуір, 14:40
    Қарғыс атқан тағдыр
    20 Сәуір, 11:54
    Киіктің киесі
    9 Сәуір, 12:01
    Қыз рухы
    9 Сәуір, 11:32
    Балшы
    6 Сәуір, 11:39
    Уақыт
    4 Сәуір, 10:54
    От–Ару
    3 Сәуір, 10:54
    Жалғызаяқ жол
    31 Наурыз, 10:51
    Балбал-қаз
    28 Наурыз, 10:56
    Тораңғылы
    13 Наурыз, 11:41
    Алтын ұсынған жын...
    12 Наурыз, 11:42
    Дуалау деген рас екен
    11 Наурыз, 11:02
    Көлдегі елес ару
    7 Наурыз, 11:40
    Жолайрық

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31