Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Су түбіне кеткенімде мені тылсым күш жағаға лақтырып тастады

  • Су түбіне кеткенімде мені тылсым күш жағаға лақтырып тастады

    Су түбіне кеткенімде мені тылсым күш жағаға лақтырып тастады

Жаз айларында адамдар күннің ыстығына шыдай алмай өзен-көлдерге түсіп, демалыс орындарына ағылатыны белгілі. Кейбір адамдар судан қорқып, батып кетемін деп ойлайды. Құдай өзі берген жанын өзі алады емес пе?


Кішкентай кезімде мен суға шомылғанды жақсы көретінмін. Тіптен судан қорықпайтында едім. Ал анам болса зәресі қалмай артымыздан еріп жүретін келетін. Балалықтың балдай тәтті сәттері әлі күнге көз алдымда. Бес-алты жасымда-ақ суда жүзуді үйреніп, есейе келе шомылудың маманы болып та алдым. Ауылда менен артық ешкім жүзе алмайтын. Содан бір күні әдеттегідей үйдің жанындағы тас арыққа шомылуға көрші балалармен бірге бардым. Кішкентай көпірдің үстіне шығып, суға бір-ақ секірдім. Осылай бірнеше рет қайталадым. Бірақ соңғы сүңгігенімде судың бетіне қайтып шыға алмай, қол-аяғым істемей су түбіне бата бастадым. Дем жетпей, тұншығып жатырмын. Біткен жерім осы шығар деп ойладым. Кенет бір тылсым күш мені судың бетіне көтеріп алып шыққандай болды. «Уһ» деп терең тыныс алып барып, аяқ-қолым өз-өзінен қалыпқа келді де, алға қарай жүзе жөнелдім. Қатты қорқып қалғаным сонша, бірнеше күн бойы суға шомылмай қойдым. Ата-анам да бұған таң қалып: «Суға түспей қалыпсың ғой. Бірдеңеден шошындың ба?» – деді. Анамның осы сөзінен кейін намысым оянып, бұрынғы әдетіме қайта бастым. Суға бір рет тұншыққанымды тіс жарып жан баласына айтпадым.


Осылайша жаз бойы шомылаудан еш жалықпай, балық сияқты судан шықпай жүрдім. Бірде тас арықтың бас жағында бір қыздар шомылып жатқан болатын. Соларды қорқытпақ болып суға сүңгіп кеттім. Қыздар өздерімен өздері шомылып жатқан, оларға жақындау жүзіп барып бір қыздың аяғынан тартып құлаттым. Ол шошып кетіп бар даусымен айқай салмасы бар ма?. Өзге қыздар судан ытқып-ытқып шығып жатты. Мен ешкімге көрінбей кері қайттым. Әлгі қыздар ештеңеге түсінбей аң-таң. Қайтар жолда ағыны қатты су мені тағы да ағызып кетті. Бұл жолы да су түбіне бір-ақ жеттім. Осы жолы мені құдай аман алып қала алмайтын шығар деп ойладым. Тіпті су жұтып қойып, өткендегідей аяқ-қолым істемей, дірілдей бастадым. Алайда, мен бұл жолы да аман қалдым. Қалай аман қалғанымды әлі күнге білмеймін.


Меніңше, осы жолы да судың өзі көмектескендей болды. Әлдебір дүлей күш бірден су бетіне шығарып лақтырып тастады. Шашалып-қақалып әрең өзіме әрең келдім. Осы екі оқиғадан кейін ойлана бастадым. Аллаға шүкіршілік етіп, көрші ауылдағы бір тәуіпке бардым. Әлгі тәуіп: «Сені аман алып қалған бір Алланың өзі. Енді тағы бір қайталанса тірі қалмайсың. Енді үйіңе бар да анаңа болған жайдың бәрін айтып, құдайы беріп жіберсін», – деп бір дұға оқып берді. Үйге келіп анама болған жайтты айтқан едім: «Өзіңе де обал жоқ. Балық сияқты суға жақынсың ғой. Мейлі, енді құдайға шүкіршілік етейік», – деп әкеме бір қой сойғызды. Осы оқиғадан кейін өзім де суға түспейтін болдым.


Әлі күнге дейін мені су бетіне алып шыққан қандай күш екенін нақты біле алмай келемін. Сонда ол не нәрсе болды екен?.


Ө. СЕРІК.


alashainasy.kz

 




Көрілген: 1203    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 01.03.2017, 09:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Тамыз, 10:05
    Малғұндар мекені
    2 Тамыз, 10:03
    Көз тиюдің сыры
    17 Шілде, 10:14
    Қорқынышты әңгіме
    10 Шілде, 10:59
    Абылай ханның түсі
    1 Шілде, 11:00
    Түннің құпиясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30