Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Сыйқырлы тәсілмен кімдер айналыса алады

  • Сыйқырлы тәсілмен кімдер айналыса алады

    Сыйқырлы тәсілмен кімдер айналыса алады

Блогымызда бұдан бұрын адамның жолын ашып, өзіне де, өзгелерге де жақсылық жасауына жағдай туғызатын қарапайым тәсіл – хоопонопоно туралы бір мақала жазылған болатын. Егер мақаланы оқысаңыз, бұл сыйқырлы тәсілді қалай пайдалануға болатыны туралы негізгі ережелермен таныса аласыз. Енді біз осы жолыңызды ашатын, ойыңызға алған арман-мақсаттарыңызға жетуге жағдай жасап, түрлі дерттерден айықтыратын қарапайым да қолжетімді тәсілмен қалай айналысуға, қандай нәтижелерге жетуге болатыны жайында айтпақпыз.


Гавайлық тәсілді кез-келген адам пайдасына жаратып, дертінен айығуға немесе ойына алған мақсатына жетуіне, болмаса жақын туыстарын емдеп, жолын ашуға көмегін тигізулеріне болады. Өткен жолғы мақалада айтылған сыйқырлы төрт сөзді қайталаудың қаншалықты құдыреті барлығына гавайлық аборигендер пайдаланатын тәсілді қолданып, психикалық ауруға ұшыраған адамдарды емдеген қытайлық Хью Линнің тәжірибесі арқылы көз жеткізуге болады.


Естеріңізге сала кетейін, гавайлық тәсілді өзі жұмыс істейтін писхикалық дертпен ауырған науқастарға қолданып көрген Хью Лин тіпті, өзі емдейтін адаммен кездеспейді де екен. Ол әлгі науқастың ауру тарихымен танысып алып, содан кейін сыйқырлы төрт сөзді қайталай жүріп, әлгі аурудың дертінен айығуын іштей тілейді. Қызығы сол, еш дәрі-дәрмексіз-ақ осы тәсілмен қытайлық дәрігер жазылмайды деп санаған көптеген науқастардың дертінен айықтырады.


Төрт ауыз сөздің құдыреті неде?


Мен бұған қатты өкінемін; Мархабат етіп кешір мені; Мен саған шексіз алғысымды айтамын; Мен сені сүйемін – осы төрт ауыз сөзді қайталау адамға не береді және оның астарында қандай сыр бар? Енді осыған жауап іздеп көрелік.


Гректің ұлы ойшылы Платонның «сеніммен ату қопаруға болады» деген сөзі бар. Бұның астарында «сенім арқылы ойыңа алған мақсатқа жетуге болады» деген қосалқы мағынамен бірге, «сенім арқылы тауды шынында да қопаруға болатыны» жайындағы нақты түсінік те бар. Бұған әулиелердің кереметтері нақты дәлел бола алады.


Қазақ әулиелердің кереметі жайлы айтқанда: «қара суды теріс ағызған» деген сөз тіркесін қолданып жатады. Платонның сөзі сияқты бұл сөзді де тікелей мағынасында түсінген жөн. Бойында әулиелік қасиеті бар адам қыраттан ойпаңға қарай ағып жатқан өзен суын керісінше, яғни ойпаңнан қыратқа қарай ағыза алады. Бұл табиғат заңдарына қайшы келіп жатса да, әулиелер сондай кереметтерді жасай алады. Оның астарында СЕНІМ деген құдыретті қуат жатыр. Егер сіз шын жүрегіңізбен сеніп, мына істі жасай аламын деп ойласаңыз, шынында да сырт қарағанда қолдан келмейтіндей аса қиын істі оп-оңай жүзеге асыруыңызға болады.


Егер сенім арқылы кез-келген адам кез-келген істі жасай алса – онда неге адамдар соны пайдаланбайды? Өкінішке орай, адам санасын бұғаттап тасатайтын лас қуаттар бар. Олар: өзімшілдік, тәкаппарлық, сараңдық, нәпсіқұмарлық, мансапқорлық, даңққұмарлық сияқты жаман қасиеттер. Осындай қасиет бойына орнаған адамның санасы БҰҒАТТАЛЫП ҚАЛАДЫ. Егер сіздің компьтеріңіздегі бір бағдарламаны бұғаттап тастаса, сіз оны пайдалана алмайсыз. Сол сияқты адамның бойындағы жаман қасиеттер оның санасын бұғаттап, бар қуаттың қайнар көзі саналатын – ЖОҒАРҒЫ САНАҒА бастар жолды жауып тастайды.


Ал жоғарыда аталған төрт ауыз сөз: сол бұғаттарды алып тастауға игі ықпалын тигізеді екен. Жаман қасиеттер арқылы санамыздың ластанып, яғни бұғатталып тасталуын жою, бұғатты алып тастау үшін жаман қасиеттерге қарсы жақсы қасиеттерді қолдануымыз қажет болады екен. Төрт ауыз сөздің құдыреті де осында сияқты.


Дін және хоопонопоно


Гавайлық тәсіл – бұл адамдар ойдан шығара салған табиғаты фәни нәрсе емес. Оның астарында, егер зер сала қарасаңыз дәстүрлі діндермен, діни түсінік және ережелермен байланысты байқай аласыз. Ол қандай байланыс? Енді соған тоқталайық.


Ислам, христиан, буддизм, индуизм және иудейзм сияқты дәстүрлі діндердің бәрі адамдарды бойына жақсы қасиеттерді сіңіруге, яғни жақсы болуға үгіттейді. Жақсы қасиеттерді бойына сіңірген адамның санасы бұғатталмайды, яғни ондай адамның жолын қырсық шалмайды.


Менің бір танысым болды. Әлгі арақты әкесінің ақысы кеткендей ішетін және еш ауырмайтын. Ол барлық ақшасын араққа салып, отбасының жайын мүлдем ойламайтын және оның осы әрекеттеріне қарап ешқашан арақты тастамайтын шығар деп ойлайтынмын. Содан бір күні ол еш емделместен, өзгелер сияқты кодталмастан, арақты мүлдем тастады. Оның себебін мен кейінірек түсіндім. Енді соған назар аударалық.


Әгі жігіттің 80-нен асқан шешесі болатын. Ол сонау кеңес заманынан бері намазын қаза жібермей, оразасын ұстайтын нағыз тақуа адам еді. Бірде, әлгі жігіттің баласының туған күнінде араққа сылқия тойып алып, аузына тсүкенін айтып отырған баласына қатты аянышпен қараған анасы «Мен намазымды қаза жібермей, дін жолын ұстап келемін, бірақ өзім үшін Алладан ештеңе тілемеймін, балаларым, немерелерім аман болса екен деймін» деді. Намазын қаза жібермейтін тақуа анасының тілегін Алла қабыл етіп, араққа салынған баласы арағын тастады.


Бұл оқиға жүйке ауруымен ауырғандарды гавайлық тәсілмен, яғни сыйқырлы төрт ауыз сөзді үнемі қайталап жүріп емдеген Хью Линнің әрекетіне ұқсамай ма? Шынында мұндай жайларды кез-келген дәстүрлі діннен табуға болады. Яғни, хоопонопоно тәсілінің астарында Алланың шапағаты жатқаны анық.


akikat01.com




Көрілген: 1828    Пікірлер: 0

жексенбі, 22.10.2017, 21:27

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
18 Мамыр, 11:16
Өзге əлем
9 Мамыр, 22:29
Қыз рухы
2 Мамыр, 10:41
Елес қонақ...
30 Сәуір, 09:18
Шайтан шақырыпты
28 Сәуір, 10:32
Жын ұрған қыз...
27 Сәуір, 11:14
Түнгі оқиға
26 Сәуір, 11:08
Саябақтағы елес ару
25 Сәуір, 10:51
Мәңгілік өмір
24 Сәуір, 11:08
Кесене кезген елес
23 Сәуір, 14:40
Қарғыс атқан тағдыр
20 Сәуір, 11:54
Киіктің киесі
9 Сәуір, 12:01
Қыз рухы
9 Сәуір, 11:32
Балшы
6 Сәуір, 11:39
Уақыт
4 Сәуір, 10:54
От–Ару
3 Сәуір, 10:54
Жалғызаяқ жол
31 Наурыз, 10:51
Балбал-қаз
28 Наурыз, 10:56
Тораңғылы
13 Наурыз, 11:41
Алтын ұсынған жын...
12 Наурыз, 11:42
Дуалау деген рас екен
11 Наурыз, 11:02
Көлдегі елес ару
7 Наурыз, 11:40
Жолайрық
28 Ақпан, 10:10
Киіктің киесі
25 Ақпан, 23:30
Адамның 10 қорқынышы
23 Ақпан, 11:55
О дүниеден оралу...

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31