Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Тағдырдың айнадағы көшірмесі

  • Тағдырдың айнадағы көшірмесі

    Тағдырдың айнадағы көшірмесі

Мен өзімнің әпкем Жанель жөнінде айтпақшымын. Ол 20 жылдан бері ішкілікке салынып кеткен. Жоқ, ол ал­қаш­тармен бірге көше кезіп қаңғырып, көрінген жерде құ­лап жатқан жоқ.


Оның тіпті бөтелкелес достары да жоқ, ол үйде, жалғыз өзі ішеді. Оның балалары да, күйеуі де болған емес. Әрдайым жанында анамыз бар. Жұмыс істегісі келеді-ақ, бірақ кіруі­нен шығуы тез. Жұмыстан жиі кешігіп қала берген соң шығарып жібереді. Төрт рет әрекет жасап, ішкіліктен емдетуге тырысқанымызбен, еш нәтижесі болмады. Екі айдан кейін қайтадан ішіп кетеді.


Бұл жолы оған мықты психиатрды тауып, көрсеттік. Ол Жанельге қатты көмек­тесті. Әпкем оның бекітіп берген әдісі бойынша, бес жыл мер­зімде төзімділік танытса барлығын жеңіп шықпақ. Оның өмірді жаңаша бас­тауға талпынысын көріп қуанып жүрмін.


Барлық дәйектерді келтір­сек, оның текке мұндай болып кетпегенін түсінеміз. Жанель өте бақуатты отбасында өсті. Ата-анамыз балалары үшін барлық жағ­дайды жасады, барынша еркеле­тіп өсірді. Біздің кең де жарық пәтеріміз бар еді. Оның іші әркез қуанышқа, шаттыққа тұнып тұратын.


Жанель өте сұлу, ашық-жарқын, адамдармен тез тіл табысқыш қыз болып өсті. Оның жанынан үйіріліп ұлдар шықпайтын, үнемі жұрттың назарына ілігіп жүретін. Міне, осылай күндер өте берді. Жанель 15 жасқа келгенде өзі қатарлы Майра деген қызбен танысты. Оның жалғыз анасы бар еді, әкесінің кім екенін білмейді, киім де, ақша да жетпей тарығып жүретін. Енді олар әпкелі-сіңлідей бо­лып жұптарын жазбай жүре­тін болды. Майра біздің үйде жиі қонып қалатын, үстіне әпкемнің киімдерін киіп алуға құмар еді. Кейін келе ол әп­кемнің көшірмесі болуға тырысты, дәл сондай шаш үлгісін де жасатып алды. Сон­да да жігіттер оған қараған жоқ. Осыдан соң Майра Жанельдің жанындағыларды одан алыстатуға тырысып бақты. Оның сөзін тыңдаған Жанель барлығынан ілгесін аулақ сала бастады. Майраның дегенімен жүрді. Біз Май­раның Жанельге деген қызғанышын анық байқай­тын­быз.­ Іштей жек көрушілік сезімі де болуы әбден мүмкін. Бірақ Жанель біздің айтқанымызға құлақ аспады, ешқайсымызды тыңдамады.


Барлығы Майраның көріп­кел-бақсыларды жағалауынан басталды. Сондай палшылардың біреуіне Жанельді анамызбен бірге баруға көн­дірді. Өмірлері қалыпты бол­ғандықтан барғысы келмеген. Бірақ, неліктен екені белгісіз, барды. Бұлар кіріп шық­қаннан кейін іле-шала Майра­ анасымен ішке еніп кетті. Сеанс кезінде айтарлықтай ештеңе болған жоқ. бірақ кейін біздің отбасымыз күй­реді! Ата-анамыз ажырасып кетті, пәтерді ауыстырдық, ақ­ша жетпеді, бәрі күннен-күнге күрт нашарлай берді. Сол бір ауыр күндерді еске алудың өзі қиын. Ал, Майрада бәрі керісінші! Анасы медбике сияқты еді, бірақ кенет көп ақша таба бастады, үстіне қымбат киімдер іліп, алтын әшекейлер тақты. Қысқасы, олардың өмірі гүлдей жайнап сала берді. Қыздардың достығы да жалғаса берді.


Бірде Жанель жұмыста нағыз сыған әйелмен таны­сады.­ Ол орыстанып кеткен, бір кітап дүкенінде сатушы болып жүрген әйел. Достасып, бір-бірімен араласа бас­тады. Ол біздің үйге қонаққа жиі келетін болды.


Сол Катя әпкеме жақын келіп, бас-аяғы жоқ, «сенің сүйікті жануарың не?» деп сұрайды. Әпкем ойланбастан, ит екенін айтады. Сол кезде біздің «ньюфаунленд» тұқымды итіміз бар еді, оны бәріміз жақсы көретінбіз. Соны сұрап білген соң сыған әйел кетіп қалды. Арада бірнеше күн өткенде итіміз жоғалды. Түні бойы оны іздеп шықтық. Таң­ертең оны әкеміз жол айырығында өлі күйінде тапты. Катяға жүгіріп барып, итімізді жай сұрадың ба деп сұрақтың астына алғанбыз сонда. Сол кезде ол Жанельдің бо­йында өлсін деп жасалған қара дуаның барын айтты, оны басқаға, яғни сүйікті жануарына аудару арқылы алып тастауға болады екен. Осыдан кейін Катя үш күн бойы төсектен тұра алмай жатып қалды. әрі ол бұл дуа­ны кімнің істегенін де айтып берді. Түр-түсін сипаттағанда онысы тура Майра болып шы­ға келді. Ал, оны Катя өмірі көрген де емес. Оң қолында екі алтын жүзігі бар екендігін, оның әпкемді қатты жек көретіндігін, оған өлім тілейтінін айтты. Иттің орнында жол айырығында Жанель жатуы мүмкін екендігін де жет­кізді. Сондай адаммен арақатынасты үзуге желеу табылып тұр емес пе, бірақ Жанельдің көзі байланып қалған екен, ештеңе естігісі келмеді. Бұл кезде өміріміз одан бетер нашарлаған үстіне нашарлай түсті.


Бірде Майра отырыста бір жігітке жабысты. Желімше жабысқаны сонша, оған менің әпкем де көмектесті. Бір ғана мысал айтайын: егер жігіт үш күн бойы келмей қалса, Майраның бетіне опа-далапты аямай жағып, қолын суық судың астына мұздатып барып, әпкем әлгі жігітке қоңырау шалады да: «Майра сен үшін өлгісі келіп, дәрі-дәрмектерді уыстап ішіп алды» деп байбалам салады. Жігіт жүгіріп жетеді, қыз­дың жүзі әппақ қудай, қолдары мұздап кеткен, әрине, ол бәріне амалсыз сенеді. Мұндай қулықтары жетіп артылады. Ақырында олар той­ға дайындала бастады. Дәл той алдында жігіт әпкеме: «Оған не үшін үйленгелі жатқанымды өзім де түсін­беймін, мұны мүлде қаламаймын да. Себебі әу баста маған сен ұнаған болатынсың!» – дейді.


Бұдан соң әпкем ойша Майрамен тілдесіп, ұрысып, оны қуып шығып, өзінен тартып алғанды қайтаруын сұрап жалынып жүретін болған. Бірақ мұның көмегі боларына сенімі аз. Алайда досының жасаған зұлымдығы қайтып өзіне барғанын қатты қалайды. Міне, содан да арада 20 жыл өткеннен кейін де өмірін қайтадан бастағысы келеді. Бір таңқаларлығы, әпкем әлі де сұлу, жас көрі­неді. Өмірді қайта бастауына мүмкіндік бар, сенім де бар. Бірақ ең жақын досынан түбегейлі бас тартқанынша, алға қарай жылжи алмасы анық. Себебі 20 жыл бойы арқасы ауырып келеді. Досы арқасына жабысып алғандай әсерді сезінетінін айтады. Енді бұған нендей амал жасауға болады? Барлығы Алла тағаланың құзырында...


О. АТЫРАУОВА.


www.zamana.kz




Көрілген: 1920    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 13.08.2017, 19:13

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
18 Қараша, 16:43
КІСІКИІК
9 Қараша, 10:06
Түннің құпиясы
29 Қыркүйек, 11:03
Түс жору
26 Қыркүйек, 10:34
Мәңгілік өмір мекені
15 Тамыз, 10:05
Малғұндар мекені

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30