Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Тастұмар таққан жынның қызы....

  • ©Нұрғиса Елеубеков (фото)

    ©Нұрғиса Елеубеков (фото)

– Жүр, мен саған бір нәрсе көрсетемін.


– Не нәрсе? – Барғанда көресің.


– Қайда?


– Бақтың арғы шетіне.


Досым мені ертіп бақты айнала жөнелді. Бұрын зер салмасам керек-ті. Бақтың тау етегіндегі бөлігі кәдімгі балбалтастармен қоршалған екен.


– Көрдің бе? Қорықпа, жақында, көзіңді жұм да біреуін құшақта…


Мен оның айтқанын істедім. Тас мүсінге тақай бере әлде бір тылсым күш көзімді ашуға да мұрсат бермей, ішіне қарай сорып бара жатты.


Есімді жисам қайдан екенін білмедім, бір зәулім сарайдың ішінде жатырмын. Мен жатқан кең төсектің қарсы жағындағы әппақ шымылдық жәймен тербеліп тұр. Ішінен көмейінен күлкі төгілген қыз даусы шығады. Түс көріп жатқан шығармын деп ойладым.


– А, есіңді жидың ба? Кел бері.


Досым шақырып тұр. Мен орнымнан сенделе тұрып, қол-аяғымның қалтырағанына қарамай-ақ шымылдыққа қарай беттедім. Досым аппақ матамен оранып алыпты. Сонда барып өз денеме қарадым. Менің үстімде де аппақ мата. Оның қасында аппақ матаға оранған, шашы, қасы тіпті беттері де сүттей аппақ екі қыз отыр. Сұлулықтарын теңерге еш нәрсе таппадым.


Амандасқым келіп, аузымды жыбырлаттым. Бірақ үнім шықпай қалыпты.


– Кел бері, анда отыр,- деп шетте отырған қыздың қасын нұсқады. Мен қыз қасына барып жайғасып отырдым да, мұнда қалай тап болғанымды ойлана бастадым. Бақтың шетіне келдік. Балбалтастарды көрдік. Балбалтасты құшақтадым. Иә, мына отырған қыздың мойнында да сол балбалтастың мойнында тұрған тас тұмар бар екен. Қыз маған қарап қасын керді де, бетінің ұшы дір-дір етіп сәл жымиды. Досым қасындағы қызды ертті де, қабырға жақтағы есікке кіріп кетті.


Мен әлі қимылсыз отырмын. Едәуір уақыттан соң қыз:


– Маған ешнәрсе айтпайсыз ба? – деді.


– Не айтамын.


– Не ойлап отырсыз?


– Мен мұнда қалай келдім?


– Оны өзіңіз білесіз.


– Бұл қай жер?


– Әпкем екеуіміздің сарайымыз


– Ол сенің әпекең бе?


– Иә.


– Сендер кімсіңдер?


– Жын патшасының қызымыз.


– Түсінбедім.


– Түсінбейтін несі бар. Жоқ, әлде жер бетінде тек «біз адамзат қанамыз» деп ойлайсыз ба? Қателесесіз. Ықылым заманнан адамдармен бірге бізде жасасып келе жатырмыз.


– Сенгім келмейді.


– Онда кешке қайтпай осында қалып қал.


– Қалай қаламын.


– Менің тұмарымды мойныңа тағып алда, ана хауызға кіріп жатып ал. Күн батардан бұрын әпкем екеуіңді де шығарып жіберуі керек. Сен қозғалмай жатып алсаң, ол көре алмайды. Бірақ абайла, таң атқанша мына тұмарды ешкімнің көзіне көрсетуші болма. Уысыңнан шығарма!


Қыз тілді үйіретін шарап дайындады. Біз ұзақ әңгімелестік. Бұлар шынымен жын патшасының қызы екен. Бірде олар көл бойына барып шомылып жүріп, адамзатты көріп қалыпты. Сосын көңілдері адамзатқа ауыпты. Патша мұны біліп қалып екеуін жазалап осында қалдырған екен. Ал, мына тұмар «жаза тұмары дейді.


Ақыры кеш те батты.


– Тез кетіңдер, жындар келіп қалады.


Әпкесі досымды жетелеп сарайдың артына қарай кетті.


Қайта айналып келген ол сіңлісінен сенің жігітің қайда деп сұрап еді, ол қашып кетті деп жауап берді.


Екеуі екі жақтап мені іздеуге кірісті. Бірақ таппады. Мен хауызда жатып ұйықтап кетіппін. Ояна келсем у-шу. Хауыздан басымды көтеріп қалып, талып кете жаздадым. Ылғыи қу қаңқа сүйектер жүр. Көзіме әлде не елестеген болар деп көзімді уқаладым. Масқара, көзім жоқ, тек орны үңірейіп тұр. Орнымнан атып тұрдым. Менде құр қаңқаға айналып кетіппін. Бәрініңде осы тұмардың кесірі екенін білідім. Мойнымдағы тұмарды жұлып алып, лақтырып қалып едім. Жүрген қаңқаладың барлығы әппақ тәнді адамдарға айналды. Мен де өз кейпіме келдім.


– Адам… адам…


Жындар мені қаумалап ұстап алды. Көп өтпей жын патшасы келді. Ол қызы екеуіміздің де мойнымызға жаңадан тұмар тақты да, біздің зар жылағанымызға қарамастан басымызды шауып тастауға үкім шығарды. Қолдарына алмас қылыш ұстаған екі жендет таяп келе жатқанда қыз:


– Енді қаталесуші болма, тұмарды алақаныңда мықтап ұста..,- деп тағы бірдеңе айтуға оқтала бергенде, екеуіміздің басымыз да жерге топ ете түсті. Мен тұмарды алақанымнан шығармай қысып ұстап тұрмын, тұмар шоққа айналып алақанымды өртеп барады. Мойнымнан қан атқылап жатыр. Қан тоқтаған кезде мен жерге гүрс етіп құладым.


Есімді жисам алақаным ауырып қалыпты. Удай ашып жатыр екен. Жалма-жан басымды ұстадым. Орнына келіпті. Қасымда жынның қызы жатыр. Олда есін жиды. Біз бақтың тау жақ шетінде жатыр екенбіз. Мен орнымнан тұрып, қалаулы тұрған балбал тастарға бардым. Тастар орнында, бірақ тұмарлары жоқ.


Мен қызды ертіп үйге қарай келе жатып, осындай тұмарларды көргенім есіме түсті. Айдың сүттей аппақ жарығымен тұмарға қарадым. Бір жері кем сықылды, қыздың тұмарын алып екеуін жақындата бергенде тық етіп бір-біріне жабыса қалды. Сонда барып осындай тұмардың әжемнің сандығында да жатқаны есіме түсті.


Қойшыбек МҮБАРАК 




Көрілген: 1691    Пікірлер: 0

сенбі, 24.03.2018, 10:48

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
20 Мамыр, 17:01
Күн мінажатханасы
18 Мамыр, 11:16
Өзге əлем
9 Мамыр, 22:29
Қыз рухы
2 Мамыр, 10:41
Елес қонақ...
30 Сәуір, 09:18
Шайтан шақырыпты
28 Сәуір, 10:32
Жын ұрған қыз...
27 Сәуір, 11:14
Түнгі оқиға
26 Сәуір, 11:08
Саябақтағы елес ару
25 Сәуір, 10:51
Мәңгілік өмір
24 Сәуір, 11:08
Кесене кезген елес
23 Сәуір, 14:40
Қарғыс атқан тағдыр
20 Сәуір, 11:54
Киіктің киесі
9 Сәуір, 12:01
Қыз рухы
9 Сәуір, 11:32
Балшы
6 Сәуір, 11:39
Уақыт
4 Сәуір, 10:54
От–Ару
3 Сәуір, 10:54
Жалғызаяқ жол
31 Наурыз, 10:51
Балбал-қаз
28 Наурыз, 10:56
Тораңғылы
13 Наурыз, 11:41
Алтын ұсынған жын...
12 Наурыз, 11:42
Дуалау деген рас екен
11 Наурыз, 11:02
Көлдегі елес ару
7 Наурыз, 11:40
Жолайрық
28 Ақпан, 10:10
Киіктің киесі

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31