Тауман сопының ғажайыбы

Тауман сопының ғажайыбы

Ілгеріректе Ақтөбе өңірінде Тауман деген сопы адам өтті. Сопылық ілім алған оның адам сенбес ғажайыбы көп еді. Үнемі ұзын шапанын тастамайтын Тауманды біз бала кезімізде көзімізбен көрдік. Алпысыншы жылдардың соңында ауырмай-сырқамай 77 жасында өмірден озған ол қуғын-сүргін жылдары кезінде Ақтау түрмесінде отырып, небір қылмыстың ашылуына септігін тигізген деседі.

Тауман жеті ағайынды болған деседі. Адай руынан тарайтын дәулетті әулеттің баласы болған оның жастық шағы молшылықта өткен. Тек аштық пен кәмпеске Тауман сопының әулетін бордай тоздырып, тек бір өзі ғана аштықтан аман қалған. Ағайындарының балалары балалар үйіне тапсырылып, кейін іздегенде таппай қалыпты. Жас шағында сопылық ілім алған оның «ұшатын» өнері болған.

Көзімізбен көрдік, ешқашан көлікке мінбейтін. Өмірінің соңғы жиырма жылында атқа мінуден қалса да ауыл мен аудан ортасында жаяу қатынайтын. Қырық шақырым жолды жаяу жүру мүмкін емес қой. Бірақ Тауман көлікпен апарып салайын дегендерге өмірі мінбей өтті. Бірақ, аудан орталығына көлікпен кеткендерден ерте жетіп, таныстарын аралап жүреді екен. Оны естіген ауылдың кей жігіттері атқа мініп, артынан жасырын ілеспек болғанымен оларынан түк шықпайды. Ауылдан ұзай бере атқа жеткізбеді деп кері қайтып оралыпты жігіттер.

Отызыншы жылғы аштықтан ел енді ес жия бергенде репрессия басталып, көппен бірге Тауман да айдалып кете барыпты. Тағылған айып – діни білімі бар болғандығы. Құдай бар деп елді «шатастырғаны». Екі жылға жуық түрмеде жатқан ол небір ғаламаттарымен көзге түсіп, соның арқасында босап шығады. Әкемнің айтуынша, Тауман түрмеде талай ұрлықтың бетін ашқан. Тергеушілер колхох ақшасын үптеп кеткен қарақшыларды таба алмай жүргенде милицияның бір Тауманнан сұрайық деп ұсыныс айтыпты. Амалы таусылған орыс милиция оған келіседі.

Тауманды сөзге тартқанымен жөнге келмейді. Айт дейді, ләм-мим деп жақ ашпайды. Ақыры қыстап қоймаған сол ол: айтайын, тек айтсам ол мені өлтіреді. Кепіл болсаңдар айтамын депті. Милициялар кепілдік жасаймыз деп сендірген соң, Тауман тілге келеді. Ұры мынау депті, абақтыда жатқан біреуді нұсқап, Ол осыдан алты ай бұрын ұрлаған. Қазір үйінің ішінен қазылған ұрада көмулі жатыр. Барсаңдар тура түсесіңдер дейді. Милициялар камерадағы Тауман сілтеген күдікті қаба сақалдыны алып барып қараса, ақшаны соның үйінен тауыпты. Тауманның арқасында оның қасындағылар етке жарып, су-сорпа ішіп қарны бір тойыпты сол оқиғадан кейін.

Ақыры, айыбы дәлелденбеген соң Тауманды босататын болады. Алайда оның білгірлігін тексеріп көрмек болған түрме бастығы кабинетіне шақырады. Екі қолымда жасырылған нәрсені дәл тапсаң, жіберем дейді. Тауман білмеймін дегеннен жаңылмай тағы да ештеңе демейді. Бостандық керек болса айт деп түрме бастығы да бір жаққа қисайып алады. Ақыры болмаған соң Тауман сенің оң қолында бұзаубас, сол қолында есекжеме бар дейді. Айтқанындай түрме бастығынын қолында тура екі қоңыз жасырылған екен. Түрмеден босатылғаны туралы қағаз қолына тигенімен, оны шығар есікте жендеттер босатпайды. Әрі көреді, бері көреді. Сыртқа шығарар түрі көрінбейді. Ақыры жендеттер ұшып шықпасан босатпаймыз деп қыстайды. Сол кезде амалы таусылған Тауман пісмілда деп түрменің тікенек шарбағынан биіктей көтеріліп ұша жөнелгенде қарауылда тұрған сарбаздардың дені басы ауған жаққа қаша жөнеліпті.

Түрмеден шыққаннан кейін Тауманға милиция атаулы жоламаса керек. Себебі, оның сопылық ілімінің жоғары болғаны сонша жынның да тілін білген деседі. Бостандыққа шыққан соң өзін қыстаған түрме бастығы тілге келмей өліп кетіпті-міс. Ал қарауылда өзін қыстаған сарбаздар жынданып кеткен көрінеді. Кейіннен үйленіп, ұрпақ сүйген. Өмірден озарында сүт кенжесі Болманның шаңырағынан жер қойнына жөнелтілді.

Аллажар Сақатаев, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы
alashainasy.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста