Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

"Төсектен құлатқысы келді": Танымал әзілкештің әйелі түнде елес көретінін айтты

  • https://www.instagram.com/dana_yesseyeva

    https://www.instagram.com/dana_yesseyeva

Отандық танымал әзілкеш Мейіржан Төребаевтың әйелі Дана Есеева елестің түнде өзіне ұйқы бермейтінін айтып, оқырмандарын шошытып қойды деп жазады NUR.KZ.


Дана Есеева түнде мазасын алатын тылсым дүние туралы өзінің Instagram парақшасында жариялаған.


"Соңғы кездері мені түнде белгісіз біреу қолымнан түртеді. Кеше тіптен төсектен құлатқысы келді. Мен Мейіржан екен деп ойласам, ол ұйықтап жатыр екен.

Қолымнан кезекті рет ұстап алғанда мені түрткен әйелдің қолы екенін түсіндім. Көзімді ашсам, ешкім жоқ.


Мүмкін күйеуімнің елес жанкүйерлері шығар деп қоямын. Түнде біреудің төбемнен төніп тұрғанын сеземін.

Сүре оқиын десем тістеніп, қолдарым байланып қалатындай. Ешкімге мұндайды сезінуді тілемес едім.


Мейіржан маған шаршағандықтан дейді. Дәрі-дәрмек ішу керек сияқты. Оның елес-табынушылары қыр-соңымнан қалса болғаны", - деген жазба қалдырған келіншек.

Желі оқырмандары Дана Есееваға қолдау білдіріп, мұндай жағдайда не істеу керектігі жөнінде кеңестерін берді.


"Жеті нан таратып, құран бағышта аруақтарға", "Көз тиген ғой, дұғаларыңды оқуды жалғастыр", "Сіздің белсенді өмір салтыңыздың кесірі мұның бәрі", "Одан да арнайы маманға барып қаралыңыз. Галлюцинация деген жаман нәрсе, адамды жынды қылып жібереді", "Молдаға барыңыз дереу" , - деп жазуда көпшілік.


 


 




Көрілген: 2027    Пікірлер: 0

жұма, 26.10.2018, 10:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 22:42
    Сайтан неге адамға өш?
    13 Наурыз, 10:47
    Жылқышы қыздың киесі
    12 Наурыз, 11:04
    Суда қалқыған мүрде
    9 Ақпан, 14:35
    Көз тию деген не?
    9 Ақпан, 13:12
    Әлемнің әміршілері
    8 Ақпан, 11:10
    Аруақпен сұхбат
    31 Қаңтар, 10:06
    256 жыл өмір сүрген...
    11 Қаңтар, 14:04
    Мүйізді әжей

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31