Тозақ отын өз көзімен көрген адам...

Тозақ отын өз көзімен көрген адам...

Адам бақилық болған соң ненi бастан өткередi? Өлiмнен кейiн өмiр бар ма? Бұл сұрақ кез келген пенденi толғандыратыны түсiнiктi. Менiң арғы атам көнекөз қария әрi ауылдың молдасы болыпты. Мен ол кiсiнiң үшiншi ұрпағымын. Ұрпақтан-ұрпаққа жеткен әңгiмеге сүйенсек, арғы атам дүниеде тозақ барын өз көзiмен көрген.
Бiлетiндер арғы атамның оң қолындағы екi саусағының буындары жоқ болғанын айтады. Оның немересi болған менiң әкем ол кезде бала болатын. Бiрақ атамыздың сол буындардың орны қағаздай аппақ болып тұратыны оның есiнде жақсы қалған. Әкемнiң сөзiне қарағанда, атамыз мұның себебiн ешкiмге ашып айтпайтын.
Бiрақ күндердiң күнiнде, атам жасы алпыстан асқан шағында саусақтарынан қалайша айырылғанын елге әңгiмелеп берiптi.
“Бiр күнi үйге қонақтар келдi. Атам сұсты, қатал адам болатын. Сондықтан көпшiлiк онымен емен-жарқын әңгiмелеспейтiн. Оң қолындағы саусақтарының кемдiгi неден екенiн де ешкiм сұрап бiле алмайтын. Бiрақ үйге қонақ болып түскен адамдар әкемдi балалық шағынан бiлетiн кiсiлер екен. Жұрт бұрыннан берi бiле алмай жүрген құпияның бетiн солар ашты”, – дейдi әкем.
“Әлгi кiсiлер “молдеке, осы сiздiң саусақтарыңызға не болған?” деп қойып қалды. Сонда атам бiраз томаға-тұйық отырып қалды. Бiраз ойланып, бағамдап алған соң әңгiмесiн бастап кеттi.
– Ол кезде жасым 25-30-дың арасында. Ел iшiнде жүрiп молда болайын деген оймен мешiтте үш жыл дәрiс алдым. Содан кейiн қазақ ауылдарына барып балаларды оқытайын, елде неке қиятын молда болып көрейiн деген оймен Атырау жаққа сапар шектiм. Бұл кеңес өкiметi орнамаған кез. Сол аймақта, жайлауда қоныстанған бiр байдың ауылында бiр-екi жыл жүрiп бала оқыттым. Сүндетке отырғызып, неке қию рәсiмдерiн жасап жүрдiм. Әлгi бай тiкбақай, бiрбеткей, мiнездi адам едi. Намаз оқымаса да, Құдайға имандай сенетiн. Байдың менiмен жасты баласы болды. Расын айтқанда, оның ұлын көп көрген емеспiн. Ауылда емес, үнемi сыртта жүретiн. Бiр күнi ұлы белгiсiз жағдайда қаза тапты деген қаралы хабар жеттi. Баланың сүйегiн алдыртып, тұтас ауыл болып күңiренiп, оны соңғы сапарға шығарып салдық.
Ұлынан айырылған әке ауыр қайғыдан шөгiп қалды. Бiр жағы ұлының неден қайтыс болғанын бiле алмағаны қабырғасына қатты батты. Осы белгiсiздiктен арыла алмаса керек, өзiн-өзi мүжи бердi. Бiр күнi менi шақыртып алып: “Осы сүйектi қазып алып, бiр көрсек қайтедi? Ұлым қайта-қайта түсiме кiре бередi. Түсiмде үнемi оттың ортасынан шыға алмайды”, – деп мұң-шерiмен бөлiстi.
Мен сүйектi қазып алудың қажетi жоқ деп, мұның шариғатқа қайшы екенiн түсiндiрдiм. Бай оған көнбей отырып алды. “Өлген адам не тозаққа, не жұмаққа барады дейдi ғой. Балам тозаққа барған сияқты. Соған көз жеткiзгiм келедi. Соны бiлiп берсең”, – дедi ол.
Әуелде шошып кеттiм. Тiрi пенде бiле алмайтын нәрсенi қалай анықтап беремiн, мына байдың есi ауысқан шығар деп ойладым. “Қабiрдiң басына түнеп шықшы. Қабiрдiң қапталынан оған кiретiн тесiк жол жасап беремiн. Егер бiрдеңе бiлiп бере алсаң, шапан жауып, алтын сыйлаймын”, – дедi.
Ұзақ ойланып, “не болар дейсiң” деп келiстiм. Ол өзi айтқандай қапталдан тесiк жасатты. Күн батқанда сол тесiк арқылы көрге түстiм. Көрдiң iшi тас қараңғы. Бiрақ ештеңеден қорықпай, аят оқып отыра бердiм. Бiр кезде көзiмдi ашып қалсам, ғажап, мәйiт жатқан жер мен менiң арамды перде тәрiздi ақ нәрсе бөлiп тұр. Өзi сәуле шашады. Жүрегiм аузыма тығылды. Ақыл-есiмдi жинап, аят оқи бердiм. Бұған бойым бiраз үйренген соң әлгi нәрсенi ұстап көрмек болдым. Тәуекел деп қолымды тигiзе бергенiм сол едi, пердеден лап етiп от шықты. Содан саусақтарым күйiп қалды. Қатты күйiк жанымды шыдатар емес. Жаным шығып кете жаздап, әлгi тесiктен далаға атып шықтым. Ауылға қарай жүгiрдiм. Байды түннiң ортасында оятып, болған әңгiменi баяндап бердiм.
“Онда балам жұмақта емес, тозақта екен ғой”, – деп күрсiндi ол.
Дегенмен бай айтқан сөзiнде тұрды. Артынша алтынын берiп, менi өз ауылыма апарып тастады. Ал мынау күйген аппақ шолақ саусақтарым сол күнгi оқиғадан қалған, – деп атамыз әңгiмесiн аяқтады”.
Әкемнiң маған айтқан әңгiмесi осы. Бұған сену-сенбеу әркiмнiң өз еркi, әрине. Бiрақ “тозақ”, “жұмақ”, “тергеушi”, “қылкөпiр” деген нәрселер Құранда да бар емес пе. Бiздiң әлемнен бөлек тылсым күштiң бар екенi рас қой. Олай болса, атам о дүниенiң бiр көрiнiсiн көрген болар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста