Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Тірідей жерленген кейуана

  • © world.lib.ru

    © world.lib.ru

Біздің ауылда ерлі-зайыпты қариялар тіршілік ететін. Балалары жоқ. Ауылдың көнекөз кісілері ол қариялардың бір ұл, бір қызы болған десетін. Бірақ бірі 4-те, бірі 2 жаста болғанда, балалардың екеуі бірдей, жұмбақ жағдайда бір күнде қайтыс болыпты. Жұмбақ жағдайда дейтіні екі бала да ауырмаған. Және бір түні қайтыс болған. Сол кезде ауыл ішінде «балаларды анасы өзі өлтірген» деген қауесет те тараған екен.


Кейуана көрші-қолаңмен араласпайтын, ешкіммен сөйлеспейтін кісі еді. Түсі өте суық болатын. Үнемі қара киім киіп, қара орамал оранып жүретін. Ол әжейді балалар «мыстан кемпір» деп атайтынбыз. Бала біткен ол үйдің маңына жоламайтын. Өйткені, әжей бірде бақшасына түскен бір баланы ұстап алып өлімше етіп сабаған. Содан кейін бала біткен ол үйден аулақ жүретінбіз.


Ал ақсақал өте момын кісі болатын. Кейде қорған сыртына шығып кісілермен әңгімелесіп қалатын. Ондай кезде «мыстан кемпір» қабағынан қар жауып бір қарағанда ақсақал әңгімесін сол жерден доғарып, қоштаспастан асығыс қорғанына кіріп кететін. «Мыстан кемпірдің» сұсынан қаймыға ма, әйтеуір ауыл қариялары да ақсақалмен әңгіме қылуға құштар бола қоймайтын. Көпшілік бас изеп амандасып, өте шығатын.


Күндердің-күнінде «мыстан кемпір» қайтыс болды. Мұны естіген балалар қуанысып қалдық. Ал үлкендер жағы ақсақалға көңіл айтып кіріп шығып жатты. «Мыстан кемпірді» сол күні ауыл маңындағы зиратқа жерледі. Жерлеу рәсімінде де көп кісі болмапты. Жерлеп қайтқан соң кісілер тез тарасыпты. Қария үйде жалғыз қалады.


Түнде ұйықтап жатқан қарияның құлағына біреудің ағашты тырналаған дауысы келіп, оянып кетеді. Дауыс терезе жақтан шығып жатады. Қария орнынан тұрып терезеге барады. Пердені ашақанда өз көзне өзі сене алмайды. Кемпірі аузын айқара ашып, терезенің жақтауын тырмалып тұр. Жалынышты үнмен «мен өлген жоқпын, мені қазып ал» дейді. Қария терезені ашпақ болғанда кемпірі сағым болып жоқ болып кетеді.


Қария ертеңінде түнде көргенін көршісіне айтып, «жүрегім бірдеңені сезеді, кемпірім тірі сияқты, барып қазып алайық» дейді. Мына шал жынданайын деген бе деп ойлаған көршісі «олай болуы мүмкін емес» деп қарияны жұбатады. Ертеңінде түнде қария кемпірін тағы көреді. Кемпірі тағы да «мен өлген жоқпын, мені қазып ал, құтқар» деп жалынады.


Ертеңінде қария көрші маңдағы үйдің ақсақалдарының бәріне болған жайды айтып, «кемпірімді қазып алайық» дейді. Бірақ ауыл адамдары «кемпірі өлген соң мына шал ақылынан адасыпты. Кемпірі алып кеткелі жүр» деп ақсақалдың айтқанына сенбейді. «Мыстан кемпірді» қайта қазып алуға ешкім келіспейді.


Үшінші түні де кемпірі үйдің терезесін тырмалып «құтқар» деп жалынады. Қария таңертең тұра сала, қолына күрек алып, ауыл сыртындағы зиратқа жол алады. Қолына күрек алып кетіп бара жатқан қарияны көршіс көріп, мән-жайды бірден ұғады. Екі-үш көршіні жинап, қарияның соңынан зиратқа барады. Бұлар барғанда қария моланы қазып, табытты сыртқа шығарып, бетін ашып жылап отыр екен. Жақын барып қараған көршілер «мыстан кемпірдің» аузы айқара ашық жатқанан, ағашты тырналай беріп, тырнақтарының еті шығып, қанға боялып жатқанан көреді.




(Мақала орыс тілінен аударылған)

alashainasy.kz/

 




Көрілген: 988    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.12.2018, 10:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 10:54
    Тірідей жерленген кейуана
    3 Желтоқсан, 10:56
    Сайтан қабір
    29 Қараша, 10:53
    Жұмбақ ауыл
    20 Қараша, 10:51
    Ай тұтылған түні
    19 Қараша, 10:58
    Тарғыл мысық
    15 Қараша, 12:04
    Үш жасар көріпкел
    14 Қараша, 11:21
    Есік қаққан елес
    4 Қараша, 21:33
    Елес қыз
    4 Қараша, 19:25
    Өмір деген түс
    20 Қазан, 11:04
    "Өлім жолы"
    21 Қыркүйек, 10:40
    Мәңгілік мендік боласың
    19 Қыркүйек, 11:00
    Қанмен серттесу
    16 Қыркүйек, 11:39
    Балшы
    13 Қыркүйек, 10:19
    Өлген адамның жаны...
    11 Қыркүйек, 11:07
    Шындыққа айналған әзіл
    10 Қыркүйек, 11:09
    Аруақ мекендеген үй
    7 Қыркүйек, 11:06
    Кездесуге келген аруақ
    6 Қыркүйек, 12:20
    Түнде терезе қаққан кім?
    3 Қыркүйек, 12:04
    Жол бойындағы жалғыз үй
    29 Тамыз, 11:09
    Қылтұзақ
    28 Тамыз, 11:12
    Жат құшақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31