Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Тұмардың тылсым құдіреті...

  • © ademi-alem.kz

    © ademi-alem.kz

Түн ортасы. Қатты ұйықтап жатқан жігітті сырттан естілген шу оятып жіберді. Жастықтан басын көтерген ол сырттағы дыбысқа құлағын тосты.


– Әпке, ол менікі, таласпа!


– Жоқ, сен әлі кішкентайсың, менікі ол…


– Қайдағы кішкентай, мен де бойжеткен қызбын ғой.


– Жоқ, кішкентайсың…


– Білесің бе, сен тура осы жасыңда тұрмысқа шыққан едің ғой…


– Ол менікі, менің тұмарымды тағып алыпты…


– Сырты ғана сенікі, ішінде менің атым жазылған…


– Біреу алмастырып тастапты. Сенбесең жүр, астына көзмоншақ қадағам…


Есік еш дыбыссыз, жаймен ашылды да, ішке аппақ киінген екі қыз кірді.


Олар жігітті көрмеген іспетті. Тіпті елеген де жоқ. Жігіттің жанына келді де кеудесіне үңілді.


– Көрдің бе, енді таласың жоқ шығар?


– Өлтірем сені.


Шамасы үлкені болар, қолына қайдан тапқанын кім білсін, бір түп тікенек алып тұра қуды. Алайда қаншалықты тапырақтағанымен қыздардың аяқ дыбысы есітілмей жүгірген бойы далаға шығып кетті.



Жігіт түс көріп жатқан шығармын деп ойлады. Төсектің басқы жақтауын ұстап көрді. Сосын басбармағын барынша қатты тістеп көрді. Ауырғаны сонша, шыңғырып жеберді. Енді түсі емес, өңі екеніне еш шүбәсі қалмады. Тұла бойын қорқыныш билеп, орнынан атып тұрды да шырақты жақты.


Мойнындағы тұмарды алып астына қарады. Көзмоншақ тұр. Ішін ашты. Шым-шытырық көне жазу. Кенет жігіт өмірінде көрмеген әріптермен жазылған жазуды зулатып оқи жөнелді. «Жаратқан саған жар болар! Сенің нұрлы бейнең нұрланар! Тау атаңа тағзым ет! Көл анаңа тағзым ет! Жаның да сенің жамандық болмайды! Ардақтының ардақтысы, сұлудың сұлуы Айбар бегім…».


Жігіт мең-зең халде тұмарды мойнына қайта тақты. Қайта алды. Таң атқанша осы әрекетін қайталай берді.


Сызылып таң да атты. Айбар бегім де қайтып келмеді. Тұмардың қандай тылсым күші барын білмек болып, өзіне осы тұмарды сатқан сыған әйелді іздеді. Қаланың шет жағында тұратын құжыралардың арасынан тез-ақ тапты.


Алдына картасын жайып бал ашып отырған әйел жігітті көрді де, бірден таныды.


– Балам отыр, не, қыздар мазалап жүр ме? Қорықпа, ол әншейін… Мен қазір келем.


Әйел көп күттірмеді. Ауладағы итті арсылдатып жүріп, кішкентай қалтаға салынған бір нәрсе алып келді.


– Мынаны білегіңе тағып ал.


– Бұл не?


– Иттің үйшігінде жеті жыл жатқан сүйек. Осыдан кейін қыздар сені мазалай алмайды.


– Керегі не, одан да осы тұмарды лақтыра салсам қайтеді?


– Балам, бұл бақыт тұмары, киелі зат, киесі атады.


Жігіт кері қайтты. Кешкісін жатарда білегіндегі қалтаны сипап қойды.


Тағы сол шу. Жігіт шошып оянды.


– Ол сенікі.


– Жоқ, сенің тұмарың, ол сенікі.


– Сырты ғана менікі, ішінде сенің атың бар, ол сенікі…


Жігіт ойланды. Кешегі өзіне таласып жатқан қыздар бүгін неге жеріді. Ақыры бір байламға келіп сыртқа шықты да, есік алдында тұрған қыздарға барды.


– Әрі кет! Жуыма маған…


– Неге, кеше маған таласып едіңдер ғой?!


– Ол кезде сен таза едің, ал бүгін арамдандың.


– …


Жігіт білегіндегі қалтаны жұлып алып лақтырып тастады.


 


Қойшыбек МҮБАРАК 




Көрілген: 3259    Пікірлер: 0

жұма, 02.02.2018, 11:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қараша, 10:58
    Тарғыл мысық
    15 Қараша, 12:04
    Үш жасар көріпкел
    14 Қараша, 11:21
    Есік қаққан елес
    4 Қараша, 21:33
    Елес қыз
    4 Қараша, 19:25
    Өмір деген түс
    20 Қазан, 11:04
    "Өлім жолы"
    21 Қыркүйек, 10:40
    Мәңгілік мендік боласың
    19 Қыркүйек, 11:00
    Қанмен серттесу
    16 Қыркүйек, 11:39
    Балшы
    13 Қыркүйек, 10:19
    Өлген адамның жаны...
    11 Қыркүйек, 11:07
    Шындыққа айналған әзіл
    10 Қыркүйек, 11:09
    Аруақ мекендеген үй
    7 Қыркүйек, 11:06
    Кездесуге келген аруақ
    6 Қыркүйек, 12:20
    Түнде терезе қаққан кім?
    3 Қыркүйек, 12:04
    Жол бойындағы жалғыз үй
    29 Тамыз, 11:09
    Қылтұзақ
    28 Тамыз, 11:12
    Жат құшақ
    22 Тамыз, 11:33
    Сырмақ шерткен сыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30