Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Түндегі мен көрген елес...

  • Түндегі мен көрген елес...

    Түндегі мен көрген елес...

Шырт ұйқыда жатқам. Ұялы телефоннан құлыптанғанда шығатын даусынан селк еттім. Көзімді ашып, анау жерде тып-тыныш ұйқыда жатқан Ләззатқа қарап: "Ләзкә, сен бе?" дедім. "Ләзкә деймін! Ләзкә!" Менің абыржыған даусымнан Ләззат апыл-ғұпыл оянып: "А?? А! Не?" деді. "Телефонды блокировкаға қойған сен бе?" "А, жооқ, менің телефоным әнеу жерде жатыр" дегенді әрең айтты да, Ләззат талықсып, қайта ұйықтап кетті. О, Құдайым! Ендеше кім? Менің телефоным өшіп тұр. Ләззаттың телефоны болса, анау жерде жатыр. Бөлмеде екеумізден өзге жан баласы жоқ. Онда... Кім???


"Е-е-е-ел-е-е-с болғаны ма?" Осы ой қорқақтап келгені сол еді, жүрегім қатты-қатты соғып кетті. Ұйқым шайдай ашылып, жамылғыны бүркене көзімді тарс жұмдым. Ұйықтап кетсем екен...


Сап-салқын леп желп етіп, бетімді өпті. Ұйықтап кетіппін. "Қандай керемет леп! Ашық тұрған терезеден енген-ау" деп өзімнен-өзім жымиып, жаным жайланып, оянғым келмей сәл жаттым да, көзімді аштым.


Бөлме әлі тас қараңғы. Ләззат пысылдап ұйықтап жатыр. Сағат тілі 3:16. "Ее, әлі бар екен ғой таңға дейін" деп оң бүйіріме аунап түсіп, қайта ұйықтауға ыңғайлана бергенім сол еді... Бағанағы леп есіме түсіп, терезеге қарадым. Сол-ақ екен, жүрегім тас төбеме шықты. Терезе тарс жабық тұр! Қалайша? Бағанағы сап-салқын леп ше??? Ол қайдан келді???


Телефон блокировкасы туралы оқиға... Енді мынау... О, жоқ!


Енді жүрек шіркін шынымен ытқыды. Қорыққанымнан өз-өзімнен шылқып, қара терге түстім. Бойымдағы бар батылдықты жинап, көзімді аштым да, төсегімді тартып, Ләззаттың жанына жақындаттым. Ләззәт тәп-тәтті ұйқының құшағында, ештеңе сезер емес. Тілімді кәлимаға келтіріп, әншейінде таң атпаса екен, сәл ұйықтай тұрсам екен деп тілейтін мен бейбақ таңның тез атуын тіледім. Сағат 3:20. Бар болғаны төрт минут өтіпті. Уақыт жүрмей қойды-ау... Бөлме ішін белгісіз бірдеме кезіп жүргендей, біресе шкаф қозғалып, біресе ыдыс сылдырлайтындай біртүрлі дауыстар шыға бастады. Әлде бәрі менің қорқынышым ба екен? "Қорыққанға қос көрінеді" демей ме? Кенет... Асүйдегі кран ашылып, үш секундтай су аққандай болды да, қайтып сап тиылды. О, тоба! Жыларман болдым. Бұл бір тілмен айтып жеткізгісіз сезім еді. Адам өз өмірінде өте сирек сезінетін нағыз қорқыныш еді.


Өзіме беймәлім елестер әлемімен бетпе-бет келгендей болдым. Соншалықты бейшара екем-ау... Әшейінде пенде баласы бәрінен күшті, бәрінен мықты деп, көк тірегендей, жеті қат жердегі жалғыз ақылы бар мақұлықпыз деп мақтанамыз. Ал беймәлім тылсыммен кезігіп қалсақ, өмір осымен біткендей сондай сорлы күйге түсетініміз не екен... Жеме-жемге келгенде, адам бойындағы "Үрей" деген сезім бәрін жеңіп, тылсым күшке қасқайып тұра алмайды екенбіз...


Солқылдап жыладым... Шарасыздықтан... Сөйтіп жатып, ұйықтап кетіппін.


Таңертең оянып... Ләззаттың зарядкасы толғанда, телефоны "тың" деп әлгіндегідей дыбыс шығаратынын, салқын лептің Ләззаттың көрпені серпіп жібергенінен шыққан леп екенін, краннан аққан судың көрші Динараның түнде тұрып су ішкенінің нәтижесі екенін білдім.


massaget.kz




Көрілген: 1346    Пікірлер: 1

сенбі, 18.02.2017, 10:02

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
24 Сәуір, 11:08
Кесене кезген елес
23 Сәуір, 14:40
Қарғыс атқан тағдыр
20 Сәуір, 11:54
Киіктің киесі
9 Сәуір, 12:01
Қыз рухы
9 Сәуір, 11:32
Балшы
6 Сәуір, 11:39
Уақыт
4 Сәуір, 10:54
От–Ару
3 Сәуір, 10:54
Жалғызаяқ жол
31 Наурыз, 10:51
Балбал-қаз
28 Наурыз, 10:56
Тораңғылы
13 Наурыз, 11:41
Алтын ұсынған жын...
12 Наурыз, 11:42
Дуалау деген рас екен
11 Наурыз, 11:02
Көлдегі елес ару
7 Наурыз, 11:40
Жолайрық
28 Ақпан, 10:10
Киіктің киесі
25 Ақпан, 23:30
Адамның 10 қорқынышы
23 Ақпан, 11:55
О дүниеден оралу...
18 Ақпан, 23:50
Өлінің астынан өту
29 Қаңтар, 11:30
Оқ дарымайтын адам...

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30