Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Тұрғындар көрген "Ақ адам"

  • © gazetahot.ru

    © gazetahot.ru

Тамыз айынан берi Қасым ауылының Белдеутас елдiмекенiнде ақ түстi бiр елес пайда болыпты деген қауесет шықты.


Сол-ақ екен, ауыл жұрты мұны сан-саққа жүгiрттi. Бiрi «е, бiреудiң көзiне жын-шайтан көрiнген шығар» десе, ендi бiрi бұған тiптi иланбады. Кейбiреулер мұны Қасым ауылының iргесiнде былтырдан берi қазылып жатқан, ғалымдар VII-VIII ғасырларға жатқызып жүрген ескi қорыммен байланыстырды. Бұл ескi қорым қазылған соң аруақтар мазасызданып, елдiң көзiне көрiнген шығар дестi. Бiрақ әлгi елестi көргендердiң қатары көбейе бердi.


Осы ауылдың азаматы Мадияр Ақбергенов осыдан он жыл бұрын бастан өткерген оқиғасын былайша баяндап бердi. «Қарағандыға бармақшы болдым. Ауылдан кеш шықтық. Қарқаралыдан аса бергенде басталған жаңбыр Ботақараға жетiп қалғанда тiптi үдеп кеттi. Ымырт жабылған уақыт. Оның үстiне қасымда келiншегiм бар. Ескiрiңкiреп қалған «Москвич» машинасының бiр жерi сыр берiп мына жауында тоқтап қалмаса екен деген оймен келемiн. Ботақарадан әрiрек жол өрге қарай көтерiлгенде баяу жүрiп келе жатқанмын. Төбенiң етегiнде жолға таяу орналасқан көп бейiттiң маңынан өте бергенде ақ таяғы бар ақ киiмдi адам жолды кесiп өттi. Елес көрiндi ме деп көзiмдi уқалап жiбердiм де, қайта қарадым. Жоқ, елес емес. Ақ киiмдi адам жолдан өттi де көрiнбей кеттi. Жанымдағы келiншегiм де үнсiз жолға тесiлiп қарап қалыпты. “Әлгiнi көрдiң бе?” деймiн. “Көрдiм” дейдi үрейлi дауыспен. Сонда бұл не болғаны?


Биылғы жылдың қыркүйек айында қарқаралылық өлкетанушы Ерлан Мұстафин телефон соғып, Қарағандыдан келетiн кiсiлерге Белдеутасқа жол көрсетiп беруiмдi сұрады. Iздегенге сұраған дегендей, мен де қуана келiстiм.


Сонымен, Қарағандыдан «Классик» баспаханасының бас директоры Светлана Коханова мен «Криминальные новости» газетiнiң бас редакторы Вячеслав Коханов деген ерлi-зайыптылар келiптi. Олар Белдеутастағы тылсым оқиғаға қызығушылық бiлдiрiп, соны зерттеу үшiн бара жатыр екен. Белдеутасқа жетiп, ең алдымен Асқар Мұқашевтiң үйiнде жүрген Владик есiмдi жiгiтпен тiлдестiк. Ол өзiнiң ақ түстiнi қалай көргенiн бүге-шiгесiне дейiн айтып бердi. «Жаяулап келе жатқан бетiм. Бiр кезде қасымда ерiп келе жатқан иттер қатты үре жөнелдi. Иттер үрген жаққа қарасам, таудың етегiнде, тастың үстiнде ақ түстi бойы бiр метрдей бiр нәрсе тұр. Иттер шабаланып жүгiрiп кеттi де, әлден уақытта қыңсылап келiп аяғымның астына тығылды. Мен қорқып қалып, ауылға қарай қаштым. Сәлден кейiн фонаригiмдi алып, ауылдың бiр-екi жiгiтiн ертiп келдiм. Бiрақ ол кезде елес iзiм-ғайым жоқ болыпты.


Осы тұста әңгiмеге Асқардың анасы Мәрия араласты. «Бұл – осыдан 3-4 жыл бұрын болған оқиға. Ымырт жабыла мая жақтан сиырдың өкiрген даусы естiлдi. Балам сол мезетте мылтығын алып жүгiрiп барса, үстi басы жүн-жүн, бойы бiр метрдей бiр нәрсе өгiздiң құлағынан ұстап алып басын тұқыртып тұр екен. Малға тиiп кетпесiн деп, аспанға оқ атса, әлгi пәле қашып кетiптi. Оның не нәрсе екенi әлi күнге дейiн жұмбақ», – дедi ол.


Сол сапарымызда Ерлан Мұстафинге ауыл iргесiндегi бұрынғы Шатырағаш колхозының орны мен Белдеутас тауын фотоға түсiрiп берудi өтiндiм. Аспан ашық, шөкiмдей бұлт жоқ, күн ыстық. Ерлан қалта телефоны арқылы суретке түсiре салмақ едi, батареясының қуаты бiтiп қалыпты. Содан фотоаппараты арқылы тауды 2-3 жерден суретке түсiрiп алды. Ерлан сол фотоны компьютерге салып қараған кезде таудың басында екi ноқаттың тұрғанын байқайды. Және ол бiр мезетте түсiрiлген екi фотоның бiреуiнде бар да, басқа жерден түсiрген екiншi фотода жоқ. «Оларды анықтап көрейiн дегенiмде екi жағында спутниктiң тарелкасына ұқсас бiр нәрсенiң нобайы көрiндi», – дедi маған телефон шалған ол. Бiрер күннен кейiн Қарқаралыға барып әлгi суреттердi өз көзiммен көрдiм. Расында да екi жағында екi локатор тұрған тәрiздi. Сонда бұл не нәрсе болғаны? Мүмкiн, елдiң көзiне көрiнiп жүрген елестiң осы құбылыспен қандай да бiр байланысы бар шығар.


Автор: Ботабек, Қарағанды облысы

 alashainasy.kz




Көрілген: 1030    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 12.09.2017, 11:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Тамыз, 10:05
    Малғұндар мекені
    2 Тамыз, 10:03
    Көз тиюдің сыры
    17 Шілде, 10:14
    Қорқынышты әңгіме
    10 Шілде, 10:59
    Абылай ханның түсі
    1 Шілде, 11:00
    Түннің құпиясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30