ҰБТ-дан қанша балл алатыным түсімде аян берді

ҰБТ-дан қанша балл алатыным түсімде аян берді

Көптеген адамдардың өздерінің немесе туыстарының бойындағы тылсым қасиеттері жайлы жазғанын оқып, мен де бойымдағы осы бір тылсым сезім жайлы «Алаш айнасына» жазып отырмын.

Бала кезімнен-ақ кей жайлар түсімде аян беретін. Мысалы, тұмауратар алдында үнемі бір түсті көретінмін. Сол түсті көрсем көп ұзамай ауырып қалатынмын. Сонан соң, жол жүретінім түсімде аян беретін. Ондай кезде үнемі, екі-үш күн алдын түсіме қайтыс болған әжем кіріп, киімдерімді жинап, сөмкіге салып жататын. Бірақ ол кезде оған аса мән бермейтінмін. Көрген көп түстерімді елемейтінмін де. Таяуда түсімде тағы да аян беріп, түсім дәл келді. Сол жайлы айтып берейін.

Биыл мектеп бітірдім. Жыл бойы ҰБТ-ға дайындалумен болдық. ҰБТ тапсыратын уақыт жақындаған сайын уайымдап, мазам кетті. Ондағы мазалаған жайт – ҰБТ-дан төмен балл алып қалып, қалаған оқуыма түсе алмай, ата-анамды, ұстаздарымды ұятқа қалдырам ба деген ой болатын. Сондықтан күндіз-түні кітаптан бас алмадым. Бірақ адам көп уайымдаса, жадында сақтау қабілеті төмендейді екен. Соған осы жолы анық көз жеткіздім. Тіпті кейде базбір оп-оңай сұрақтардың жауабын таппай қиналдым. Бұрын да сондай қиналған кезімде әжем түсімі кіретін. Бұл жолы да әжем түсіме кірді.

Түсімде бір алыс сапарға шыққалы жатыр екем. Баратын жерім таудың арғы жағы. Оған жаяу бару қиын. Атпен бару керек деймін. Жан-жағыма қараймын. Анадай жерде ерттеулі ақбоз ат тұр екен. Қуанып кеттім. Ақбоз атқа қарай жүгірдім. Менің жүгіргенімнен үріккен болу керек ат анадай жерге қашып барып, қайта жайыла бастады. Тағы жүгірдім. Ат тағы қашты. Солай бірнеше мәрте ұмтылып атты ұстай алмай-ақ қойдым. Атты ұстамақ болып тағы ұмтылғанымда, ат қашып, қырдан асып кетті. Шаршап-шалдығып аттың соңынан еріп келем. Жаңа ғана ат асып кеткен қырдың үстіне шығып, тынығып алайын деп ойладым. Қырға шыға бергенімде қыр астынан әжем шыға келді. «Әжетай!» деп айғайлап қарсы жүгірдім. Әжем, «айғайлама, аптығыңды бас, атты үркітесің» деді. Қарасам жаңағы ақбоз ат қырдың етегінде жайылып жүр екен. Әжем маған «жүгірме, жүгірсең ат үркіп ұстатпайды. Осы жерде отырып біраз тынығып ал. Ақырын қасына барсаң, ат қашпайды. Сонан соң он сана да атқа мін. Асудан асқанда алдыңнан екі жол шығады. Соның бірін таңда. Екі жолдың бойында да тынығу үшін белгіленген орын бар. Сол жерге жеткенде тынығып ал. Бірақ ұйықтап қалма. Ұйықтап қалсаң, кеш қараңғы түсіп, межелеген жеріңе уақытылы жете алмай қаласың» деді.

Әжем айтқандай, асықпай барып ақбоз атты ұстадым. Он санап атқа отырдым. Түс ауа асудан асқанымда алдымнан екі жол шықты. Оңға бұрылан жолды таңдадым. Біраз жүрген соң алдымнан жолаушылар тынығатын қонақ үй шықты. Қонақ үйдің маңында қаптаған адам. Бірақ ешқайсысы бір-бірімен сөйлеспейді. Мені бір апа күтіп алып 107- бөлмеге апарып орналастырды. Мен ол кісіге «апай, жоғары жақта түкпірде орналасқан бөлмені беріңізші» дедім. Күтуші апай «ол қазір бос емес, егер босап жатса, айтамын» деді де өз шаруасымен кетті. Бөлмедегі төсекке қисайып жатып ұйықтап кетіппін. «Кеш қалдың ғой» деген әжемнің дауысынан ояндым. Кеш қарайған екен. Дәлізге шықтым. Дәліздің бас жағында әжем кетіп барады екен. «Әже» деймін... Әжем менің дауысымды есітімеген секілді. «Әже» деп қайта айғайлағанымда, өз дауысымнан өзім шошып ояндым. Дауысым қатты шыққан болу керек «не болды» деп анам да жаныма келді. Көрген түсімді анама айттым.

Ертеңінде анам екеуміз бір балгерге барып, көрген түсімді жорыттық. Балгер ҰБТ-дан 107 балл алады екенсің. Еш уайымдама. Бірақ тест тапсыруға оныншы болып кір. Сонан соң күндіз-түні оқи бермей, бірауық тынығу керек» деді. Шынымды айтсам балгердің айтқанына онша сене қойғам жоқ. Бірақ анам «ҰБТ-тапсыруға барғанда міндетті түрде оныншы болып кіретін бол. Санап отыр. Жаңылысып қалма» деп дайындаумен болды.

 

ҰБТ тапсыратын күн де жетті. Анам дайындағандай оныншы болып кірдім. Алғашында біраз жүрексініп, ешбір сұрақтың жауабын белгілемей біраз отырдым. Шамалыдан кейін өз-өзіме келіп, іске кірісіп кеттім. Алдымен жауабын нақты білетін сұрақтарды белгілеп шықтым. Қалған жиырмаға тарта сұраққа біраз ойлануға тура келді. Ол сұрақтардың нақты жауабын білмеген соң, ішінен екі жауапты таңдап, дұрыс болар деген бір жауапты белгіледім. Сөйтіп тестілеу сынағын тапсырып шықтым.

Кешке тестілеу нәтижесі шықты. Таң қалдым. 107 балл. Дәл балгер айтқандай. Сонда түсімде 107 бөлмеге орналасқаным ҰБТ-да жинайтын балл нәтижесі болған екен ғой. Түсімде әжемнің «екі жолдың бірін таңда» дегені де дәл келді. Енді жинаған баллға қарай екінші мамандықты таңдауға тура келді. Өйткені бірінші таңдауыма 107 балл аз болып тұр. Түсімнің тура келгеніне таң қалып жүрмін. Бірақ біздің арғы аталарымыз бен әжелеріміздің арасында қасиет қонған адамдар болмаған екен. Сонда бұл қасиет маған қайдан келген?

Адамдардың бәріне де түсінде аян бере ме екен, жоқ әлде мұндай тылсым қабілет кей адамдарға ғана тән бе? Не болғанда да түске мән беру керек екен.


Райхан, Оңтүстік Қазақстан облысы
alashainasy.kz/ 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста