Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Үш ұрпағы 25 жасында судан ажал құшқан отбасы

  • © kazinform.kz

    © kazinform.kz

Таяауда бір отбасына қатысты қаралы хабарды естігенде «бұл тегін емес-ау» деген ойға қалдым. Оның өзіндік себебі бар еді. Өйткені сол қайтыс болған жігіттің әкесі де, атасы да 25 жасында суға батып қайтыс болған еді. Бұл жігіт те дәл 25-інде суға ағып кетіп қайтыс болыпты. Бір отбасының үш ұрпағының дәл 25 жасқа жеткенде суға батып қайтыс болуының сыры бар секілді. Осы адам таңқаларлық оқиғаны "Алаш айнасына" жодап отырмын. Басынан бастап баяндайын....


Бала кезімде біздің ауылда Айтбек деген ақсақал тұрды. Ол кісі сол аймаққа танымал молда болатын. Айтбек ақсақалдың Әйтеш деген жалғыз ұлы болатын. Әйтеш сол үйдің кенжесі еді. Әйтештің алдында 5-6 апайы болатын (нақты есімде жоқ). Сол Айтбай ақсақалдың жалғыз ұлы Әйтеш 25 жасында суға ағып кетіп қайтыс болды. Артында екі жасар ұлы мен жас келіншегі қалды. Ауыл адамдары «енді Әйтештің келіншегі кетіп, Айтбай мен кемпірі қартайған шағында жалғыз қалатын болды» деп әңгіме айтып жүрді. Бірақ Әйтештің келіншегі ешқайда кетпеді. Қарт атасы мен енесін күтіп сол шаңырақтың түиінін түтетті. Талай айттырып келушілер де болған. Бірақ жастай қалса да, жесір келін оларға атасы мен енесін тастап кетпейтінін, енді тұрмыс құрмайтынын айтып қайтарып отырыпты. Ол кезде біз Мырзашөлдің бір ауылында тұратынбыз.


Сол кездерде Мырзашөл даласында қала типтес совхоздар бой көтеріп жатқан. Арада 5-6 жыл өткенде біздің ауылды жаппай жаңа салынған совхозға көшірді. Арада жылдар өтті. Мен институтты бітіріп келгенде Әйтештің ұлы Ергеш 9-шы сыныпты бітіріп, техникумға түсті. Кейіннен оқуын бітіріп совхозға келіп жұмыс істеді. Ергеш те дәл әкесі сияқты 22 жасында үйленді. Арада үш жыл өткенде, 25 жасында Ергеш суға батып қайтыс болды. Артында Көбей деген екі жасар ұлы қалды. Ергештің әйелі де кейін тұрмыс құрмады. Қартайған ата әжесі мен енесін күтті. Біреу жас келіншекке аяушылықпен қараса, енді біреулер оған ризашылығын білдіріп жататын.


Ергеш қайтыс болған соң ауылда Айтбек ақсақалдың отбасы туралы гу-гу әңгіме тарады. Базбір үлкен кісілердің айтуынша, Айтбек ақсақал жас кезінде, шомылып жүріп су перісін кезіктірген көрінеді. «Сол кезде ол су перісіне уәде беріп, өзі судан аман шыққан екен» десті. Бірақ оның ақиқаты қаншалықты екенін Айтбек ақсақалдан басқа ешкім білмейді. Ергештің қазасынан кейін араға 4-5 жыл салып Айтбек ақсақал да, кемпірі де өмірден өтті.


Кеңес үкіметі тұсында уақытша берілген Мырзашөлдің көп аумағы, кейіннен біржолата Өзбекстанға берілді. Сөйтіп ол жақты мекендеген қазақтар 90-шы жылдардың орта тұында жаппай Қазақстанға көше бастады. Көштің бір бөлігі Шымкент маңына қоныстанса, енді бір бөлігі Солтүстік Қазақстан облысына қоныстанды. Біз Шымкенттің қасына көшіп келдік. Ал Айтбек ақсақалдың келіні мен немере келіні туыстарымен бірге Солтүстікке қарай көшкен еді. Кейіннен мен отбасыммен Алматы облысына көшіп кеттім. Ауылдастар жайлы хабарды анда-санда, ауылдастардың бірі Алматыға келгенде есітіп жатамыз. Өткенде Шымкенттен келген бір ауылдасым Айтбак ақсақалдың шөбересі Көбейдің суға батып қайтыс болғанын айтты. Айтуынша, Көбей де 25 жасында өмірден озыпты. Артында екі жасар ұлы қалыпты.


Ауылдасымды шығарып салып, үйге келген соң әйеліме бала кезімізде Айтбек ақсақал туралы естігенімді айтып бердім. Байқап отырсам, Айтбек ақсақалдың үш ұрпағы – баласы, немересі, шөбересі, үшеуі де дәл 25 жасында судан ажал құшыпты. Үшеуінің де артында екі жасар ұл қалған. Сонда бұл не? Сәйкестік пе әлде Айтбек ақсақалдың су перісімен кездескені туралы әңгіменің рас болғаны ма?




Мұтарбек, Алматы облысы

alashainasy.kz/ 




Көрілген: 2014    Пікірлер: 0

жексенбі, 05.08.2018, 11:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Тамыз, 11:26
    Шайтанның азғыруы
    3 Шілде, 10:45
    Тағдыр құпиясы
    28 Маусым, 10:51
    Гипноз
    27 Маусым, 10:34
    Қос боз...
    26 Маусым, 10:46
    Ажал...
    21 Маусым, 09:02
    Көне күмбез құпиясы
    20 Маусым, 10:14
    Екі рет өлген жігіт
    19 Маусым, 10:40
    Судағы құбыжықтар
    6 Маусым, 11:05
    Түс көру және жору
    31 Мамыр, 10:53
    Елес зират...
    20 Мамыр, 17:01
    Күн мінажатханасы
    18 Мамыр, 11:16
    Өзге əлем

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31