Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Ұшатын беймәлім нысандар туралы қауесет пен ақиқат

  • © Багнет

    © Багнет

Бала кезінде Кир Булычевтің повесі бойынша түсірілген «Болашақтан келген қонақ» көркем фильмін сүйіп қарамағандар кемде кем болар. Киноның әсері ме, басқа ма, кейін кеңес жұртшылығы бөгде ғаламшарлардан келген беймәлім нысандарды жиі кездестіретінді шығарды.


Тіпті ұшатын тәрелке тәрізді нәрселерді көрген еліміздің бірлі-екілі танымал тұлғалары да бар. Тоқырау жылдары халықтың рухани әлсіреуімен бірге бір кездері тыйым салынған уфология мен тылсымдар жайлы қиял-ғажайып әңгімелер өршіп кетті. Бүгінгі ғылым да бөгде ғаламшар мен ұшатын беймәлім нысандар туралы болжамдарды жоққа шығармайды. Тек қана ақиқат пен мистификацияны айыру қажет.


Өзге кеңістіктің мақұлықтары туралы әң­гімелер, негізі, әлімсақтан бар. Хал­қы­мыз жын, елес, пері дегендерді адамзат са­насы танып білмейтін әлемнің өкілдері ретінде айтады. Басқа бір әлемнен топ етіп түсетін қорқынышты құбыжықтар жайлы хикаялар өзге діннің әдебиеттерінде де сөз болады. Тіпті Інжілде пайғамбарлардың бірі бөгде ғаламнан ұшып келген кемені көреді. Адам баласымен бірге өмір сүрген мұндай пайымдаулар, шынымен де, бөгде ғаламшармен байланыстың барына айғақ болғандай. Бірақ ғылым қашанда көзбен, ғылыми аппаратпен байқалмаған, тео­рия­лар­мен қабыспайтын дүниелерді мойын­сұн­байды. Сондықтан ғылыми дәйектер мен аспаннан ұшатын бәймәлім нысанды байқағандардың әңгімелері қарама-қар­сылықтың бірлігі мен күресі заңдылығын еске салады. 1947 жылы ғылым ұшатын беймәлім нысан (НЛО) туралы мәліметті тұңғыш рет тіркеді. Америкалық бизнесмен Кеннет Арнольд аспаннан тәрелкеге ұқсас то­ғыз түрлі нәрсе көрген болатын. Бұл кө­рініс суреттермен дәлелденді, бірақ оның не екені сол беймәлім күйінде қалды. Осы жылы күні бүгінге дейін талас туғызып кел­ген әйгілі Розуэлль оқиғасы есепке алынды. Нью-Мексиконың түбіндегі жергілікті тұр­ғын­дар ұшатын тәрелкелер мен гуманоид тә­різді мақұлықтардың қалдықтарын тап­қа­нын жария еткен болатын. Дерек бойын­ша ұзақ жылдарға созылған зерттеу жүр­гізілді. Ақыры биыл оның қорытындысы шықты: ұшатын нысандардың табылғаны рас, ал ондағы қалдықтар – кәдімгі адам­дар­дікі. Ұшатын аппараттардың қайдан келгені бұл жолы да беймәлім болып қал­ды. Мұндай деректер Францияда да, Қы­тай­да да, басқа елдерде де тіркелді. Тағы да көп қауесет туындап, елді үрей биледі, уфологтардың болжамы сан-саққа жүгірді. Бірақ ғылым тағы да нақты мәліметтерге қол жеткізбеді. Десек те, уфологияға қа­тыс­ты қолда бар ғылыми жетістіктерді са­ра­лай отырып, біз мынаны айта аламыз:


Біріншіден, аспаннан арагідік бай­қа­лып қоя­тын, ұшатын беймәлім ны­сан­дар­дың бөг­де ғаламшарлық өмірмен қандай да бір байланысы бар екеніне ғылым әлі күнге дейін нақты айғақ тапқан жоқ.


Екіншіден, сыры ашылмаған, ғылым тани алмай отырған ұшатын беймәлім ны­сан­дардың көзге көрінгені, тіркелгені факт ретінде ғылымда қала береді.


Үшіншіден, «ұшатын тәрелке» сияқты жа­риялы-астыртын беймәлім нысандар өн­дірісі де түрлі шатасуларға ұрындырып жүр­гені ақиқат. Мәселен, АҚШ пен Гер­мания бүгінде шығыр пішінді және басқа да ұшу аппараттары өндірісі жөнінен әлем­де көш бастайды.


Төртіншіден, қарапайым халықтың ас­тро­физика, уфология және басқа да ғылым са­лалары бойынша білімі мен қа­жетті зерт­теу жүргізуге мүмкіндігінің бол­мауы да қауесеттердің ғасырдан-ғасырға жал­­ға­суы­на себеп.


Сергей Ефимов, астрофизик, физика-математика ғылымдарының кандидаты:


– НЛО деген әлбетте бар, бірақ ғы­лыми тұрғыдан анықталуы да, анық­тал­мауы да мүмкін. Ал олардың бөгде ғаламшарлардан келетіні туралы бол­жам дәлелденген емес. Сонымен бірге ғалымдардың көбі ғаламда біздің жалғыз емес екендігімізді қуаттайды. Бөгдеғаламшарлықтардың болуы ықтимал, бірақ олардың Жерге ұшып келуі туралы әңгімелерді ғылым растай алмайды. Мен 1985 жылы Ар­ме­ния­дағы Бюракан обсер­ваториясында іс-тәжірибеден өтіп жүргенде, тау үстінде шағын бұлт пайда болғанын көрдім. Әлгі дөңгелек бұлт жылдам үлкейіп, жар­ты аспанды алып кетті. Міне, бұл да ғы­лым үшін беймәлім құбылыс болды. Астрономдар тек «бұл әскери шаралар болуы мүмкін» деген жорамал ғана жасады.


Ашық ғарыш кеңістігіне алғаш сапар шеккен космонавт Алексей Леонов НЛО жөнінде былай деген:


– Жер беті тұрғындарының бәріне бізден басқа да бір ғаламшарлықтардың болғаны қызық көрінеді. Бірақ, өкінішке қарай, Күн жүйесі көлемінде өзге өмір жоқ. Мен мұны барлық жауапкершілікті мойныма ала отырып, мәлімдеймін. Ға­рыштық айрықша құбылыстарды зерт­теу жөніндегі комиссияны бас­қар­ған уақытымда, ант етейін, ешқандай тыл­сым нәрсені байқаған емеспін. 


 




Көрілген: 2128    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.10.2017, 11:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 11:00
    Қанмен серттесу
    16 Қыркүйек, 11:39
    Балшы
    13 Қыркүйек, 10:19
    Өлген адамның жаны...
    11 Қыркүйек, 11:07
    Шындыққа айналған әзіл
    10 Қыркүйек, 11:09
    Аруақ мекендеген үй
    7 Қыркүйек, 11:06
    Кездесуге келген аруақ
    6 Қыркүйек, 12:20
    Түнде терезе қаққан кім?
    3 Қыркүйек, 12:04
    Жол бойындағы жалғыз үй
    29 Тамыз, 11:09
    Қылтұзақ
    28 Тамыз, 11:12
    Жат құшақ
    22 Тамыз, 11:33
    Сырмақ шерткен сыр
    2 Тамыз, 11:26
    Шайтанның азғыруы
    3 Шілде, 10:45
    Тағдыр құпиясы
    28 Маусым, 10:51
    Гипноз
    27 Маусым, 10:34
    Қос боз...
    26 Маусым, 10:46
    Ажал...
    21 Маусым, 09:02
    Көне күмбез құпиясы
    20 Маусым, 10:14
    Екі рет өлген жігіт
    19 Маусым, 10:40
    Судағы құбыжықтар

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30