Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Үй ішінен үнемі шығатын беймәлім дыбыс?

  • © alashainasy.kz

    © alashainasy.kz

Таразға көшіп келіп, жалдап тұратын пәтер іздеп жүргенбіз. Бір күні ағайындарымыздың бірі өзде­рінің қала­дағы екі бөлмелі пә­тері бос тұрғанын айтты. «Қа­ла­саңдар, көк­темге дейін сонда тұра беріңдер. Ақы тө­леудің керегі жоқ, үйді тоздырмай, бас-көз болып отырсаңдар жетеді», – деген соң біз оған қуана ке­ліс­тік. Қыс­қасы, сол күні-ақ әлгі пәтерге көшіп кіріп алдық.


Екі бөлмелі пәтерде «өзі­міз би, өзіміз қожа» болып тұ­рып жаттық. Алғашында бәрі де тыныш­ болатын. Бір күні түн­де тықырлаған дыбыс­тардан оя­нып кеттім. Төсегі­мізге ай сәу­лесі түсіп тұр екен. Әйелім көр­пені тас бүркеніп: «Пыс­сы­мылла, пыссымылла», – деп күңкілдеп жатыр. Әл­денеден сескенгендей болып, денем мұздап кетті. Сонда да сыр бергім келмей: «Әй, не болды? Жаман түс көрдің бе?» – деп едім, әйелім қуанғандай бо­лып: «Қатып жат­қан шығар десем, ояу екенсің ғой. Тыңдашы. Ылғи да осылай болады», – дейді.


Екеуміз де үнсіз тың тыңдай қалдық. Әлгі дыбыстар біресе тоқтайды, біресе қайта шығады. Біреу бөлме ішінде «баклашка» домалатып ойнап жүрген сияқты. Бірақ жарық болса да бөлме ішінде ештеңе көрінбейді.


Сөйтсем, мен мән бермей жүрген нәрсені әйелім осында көшіп кірген алғашқы күн­дерде-ақ аңғарған екен.


Қысқасы, сол түні мен шы­­нында да ойланып қалдым. Әйеліме қорыққанымды біл­дір­гім келмей, тұрып барып жарықты жақтым. Екі бөлменің ішіндегі де зат­тар­ды аударып-төңкеріп, қуыс-қуыстарды тек­серіп көр­дім. Күдік тудыратындай ештеңе жоқ. Сосын жарықты сөнді­ріп, қайта жатып едік, әлгі дыбыс тағы да естіле бас­тады. Жарықты қосып едім, тағы да тына қалды.


Арада екі-үш күн өткенде тап әлгіндей жағдай тағы қай­та­ланды. Сосын мен жақын­ маңдағы мешітке жұма на­маз­ға барып жүретін бір кісіге жо­­лығып, оған өзімізді мазалаған жай жө­нінде айттым. «Сен­дерді ма­залап жүр­ген шайтан шығар. Намаз, құран оқып тұрсаң, таза жүрсеңдер кетіп қалады», – деді ол кісі.


Үйде бейнемагнитофон бар. Сол күні қаладағы сауда­ нүк­телерінің бірінен құран сүре­лері басылған кассета са­тып алдым. Соны кешке бір мезгіл қосып қоямын. Расы­нда да оның жәрдемі тиді. Біраз күн бойы құла­ғымыз тынышталып қалды, түн­де ұйқымызды ешкім бөл­мей­тін болды.


Сәйтіп жүргенде бір күні әл­гіндей жағдай тағы қай­таланды. Кассетаны қосып, құ­ранды барынша дауыстатып қойып едім, әлгі пәле басымен қайғы болып қашып кеткендей, үйде тыныштық орнады. Бірақ арада­ бес-он ми­нуттай уақыт өткенде­ енді қытырлаған дыбыс әжетхана ішінен шыға бастады. Біресе шығады, біресе тынады.­


Қысқасы, арада көп өтпей біз әлгі пәтерден көшуге мәж­бүр болдық. Ал қазір пәтер іздеген жандар көп. Өткенде әдейілеп барып, көршілерден сұрасам, онда бір жас отбасы тұрып жатыр екен. Мен оларға бұл арадан неге көш­кенім туралы айтқан жоқпын. Кім тұрса да одан әлгіндей пә­лекет аулақ жүрсе екен деп тіледім іштей.


Адамға жайсыз әсер ететін шайтан малғұнның бетін әрі етсін, әйтеуір.


 


Ә. НҰРБЕК. 


alashainasy.kz




Көрілген: 1407    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 26.02.2017, 09:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 10:48
    ДОМОВОЙ
    18 Қараша, 16:43
    КІСІКИІК
    9 Қараша, 10:06
    Түннің құпиясы
    29 Қыркүйек, 11:03
    Түс жору
    26 Қыркүйек, 10:34
    Мәңгілік өмір мекені

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30