Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Үйді сатқызбай қойған домовой...

  • © alashainasy.kz

    © alashainasy.kz

Ләйлә өзі тұратын пәтерін сатуға бел буды ақыры.12 жыл тұрған баспанасын қимаса да, жалғыздықтан жабыққан болар, ауылға, анасының жанына барып тұруды ұйғарды. Оның үстіне бұрынғыдай жас емес. 42-ге толды.


«Пәтер сатылады» деген жарнаманы газетке де, радиоға да берді. Хабарласушылар тым көп-ақ. Біріқ бағасын келісіп, жолығамыз деп шешкен күні, неге екені белгісіз, сатып алушы келмей қала береді. Мән-жайды білмек болып, телефон нөміріне хабарласып та береке таппайды.Тұтқаның ар жағынан гуіл де естілмейді. Бір емес, барлық байланыс осылай…Қызық. Не де болса, пәтер сатылмай тұр. Жарнама берген күннен бері 2 апта өтті.


Әдеттегінше, жұмыстан үйге қарай бет алып келе жатқан еді. Қалта телефоны шыр ете қалды. «Бастық шығар» деген оймен, асығыс қоңырау нөміріне көз тікті. Жоқ. Нөмір бөтен.


– Ия, – деді Ләйлә


– Сәлеметсіз… Ия, мен боламын. Ия, хабарландыру бергенмін. Жарайды. Мен 10 минутта үйде болам, күте тұрыңыз. Бұл пәтер бойынша хабарласып тұрған кезекті «клиент» екен. Бәлкім,осы жолы сатылып қалар, жаңа жұмыс орным да күтіп қалды ғой деген оймен аяғын асығыс басып, үйіне қарай бет алды. Пәтеріне кірген бойда, ежелгі әдетінше «Сәлем,қожайын!» деп аяқ киімін шешіп, әндетіп төргі бөлмеге өтті. Пәтердің қожайыны өзі болса-дағы, осы бір сөзді айту әдетіне айналған. Үйден шығарда да «үйіме еге бол» деп күбірлейтіні бар. Кейде өзінің осы қылығына іштей күлетін. «Жалғыздығым жынды ететін шығар» деп басын шайқап, күрсінетін де қоятын.


Есік қоңырауы шыр ете қалды. Ләйлә үйді реттеп жүрген еді, есікке қарай асығыс жүрді. Алдымен ауыр бірінші есікті ашып, екінші есіктің кілтін салды. Есік ашылмайды. Кілтін ары да, бері де бұрап, біраз әуре болды. Тыста тұрған «пәтер көруші» де көмектескісі келіп, кеңес айтты. –Кілтіңіз майысқан шығар, тісі кертілсе солай болып қалады. Суырып, қайта салып көріңізші, – дейді бейтаныс әйел сыртта тұрып. Ләйләнің әбігерге түскені сонша, терлеп кетті. Ақыры ашылды-ау есік құрғыр.Тыста тұрған келіншек есік ашыла салысымен, қуанып кетті. Ләйлә «ішке кіріңіз» дегені сол-ақ екен, әлгі келіншек табалдырықтан аттай сала мелшиіп тұрып қалды. Екі көзі алақандай,т үсі боп-боз…Ләйлә оның мына түріне қарап аң-таң. «Кіріңіз, не болды, бір жеріңіз ауырып тұр ма?» деген сөзін әлгі келіншектің есітпегені анық, үйден атып шығып, қаша жөнелді.


Апай, тұра тұрыңыз, Сізге не болды, тоқтаңыз деймін–деген Ләйлә да келіншектің артынан жүгірді. Тысқа шығып еді, әлгі әйел алды-артына қарамай жүгіріп барады.


–Апа-а-ай, тоқтаңыз деп, артынан қуа жөнелді. Бірақ, әлгі келіншек кәлимасын айтып, безілдеп барады…


Қуып жете алмаған күйі, үйіне оралды. Баспалдақпен көтеріліп келе жатып, есігінің ашық қалғаны есіне түсті. Жылдам басып келіп еді, есігі жабық тұр. Тұтқадан ұстап тартып еді әдеттегідей сырт етіп ашылды. Ішке еніп, екі бөлмені де мұқият қарап шықты. Ешкім жоқ. Қорқатын ештеңе жоқ. Әлгі әйел неге қашты, неге «сақтай гөр құдайлап» ентігіп барады? Осы сұрақтарға жауап іздеп, түнімен ұйықтай алмады. Таңертең жұмысқа жиналып жатып, бір ой сап ете қалады. «Үйді молдаға оқыту керек». Осы ойымен кешті әрең батырып, жақын маңдағы мешіттің бір молдасына жолығып, жұма күні үйді аластауға келіседі. Жұма да жетті. Молда келісілген уақытта келіп, дұға оқып, кіреберіс тұсқа тұмар тағып кетті.


Үй сатылатын емес. Ауылдан тапқан жұмыс орнынан да қол үзіп қалды. Енді сатылмайтын шығар деген оймен, Ләйлә бұл жоспардан күдер үзе бастады. Әдетінше пәтеріне кірерде сәлем беріп, шығарда ие болуын сұрап жүр…


Жаңа жылдың қарсаңы болатын. Өзі ұнататын ер кісіні қонаққа шақырып, дастархан жайды. Бар дәмді тағамын дайындап, шаштаразға барып, ең әдемі көйлегін киіп, көңілді жүр. Сағат сегізде асыға күткен адамы келу керек. Көңіл қосып жатсам, ол қалаған үйде тұрармыз деген ойы бар-ды. Оң жақта отырып қалған қыздың бұдан былайғы ойы да, арманы да, мақсаты да отау құрып, шаңырақ көтеру еді.


Міне, сағат тілі 8-ді соқты. Жүрегі жас қыздарша алып-ұшып барады. Есік қоңырауы басылды. Сыпайы ғана ашты. Іштей, есігім ашылмай қалмаса игі еді деген абыржулы ойы да бар. Кілт тісі екі бұралып ашылды. Ішке енген ер азаматтың қолында бір құшақ гүл. Төргі бөлмеге өтіп, дастархан басына жайғасты. Ләйлә ас бөлмеге жүгіріп, шай дайындамақ болды. Асханада әндетіп, анасы дайындайтындай қою қара сүтті шайды баптап жүр.


Менің шайым ерекше, бір кеседен кейін бас тарта алмайсыз, – деп қонақ бөлмеге енген Ләйлә кесесін ұсынғаны сол еді, әлгі кісі мелшиіп, мұның бетіне қарап қалды. Қолына ұсынған кесесі дастархан үстіне түсіп кетті. Бірақ оны елейтін ол емес. Ләйләнің артқы тұсына қарап, қатып қалған. Бір уақытта орнынан ыршып тұрды да сыртқа қарай тұра жүгірді. Тіпті, сыртқы киіміне де қараған жоқ. Ләйлә шықпады. Есіктің бергі жағында қалып қойды. Есік қатты екпінмен тарс етіп жабылды. Мүлгіген тыныштық. Кіреберіс тұста тұрған бойы айналасын үрейлі көзімен сүзіп шықты. Ешкім, ештеңе жоқ.


Таң атты. Ұнаттым деген еркегіне қайта қоңырау шалды. Тұтқасын көтермейді. Арада сан сұрақтармен үрейленіп, үрпиіп жүрген Ләйлаға әлгі азаматтың өзі қоңырау шалды. Айтуынша, сол кеште Ләйләнің артқы тұсында бет-әлпеті жоқ, зіңгіттей ер азамат тұрыпты… Екі қолын көтеріп, Ләйләнің иығын қысып, басын шайқайды. Осыны айтқанда ол не сенерін, не сенбесін білмейді. Сенбейін десе, кәлимаға тіл келтіре қаша жөнелген баяғы бейтаныс әйел есінде. Бірақ ол адам ешқашан залалын тигізген емес қой? Неге өзінің көзіне көрінбейді?


Молдалардан кеңес алып, үйді тағы да аластайды. Сынамақ болып, үйіне бірнеше рет қонақ шақырды. Бірі үйге енбей жатып үрке қашады, бірі жайғасып отырып, әңгіме барысында екі көзі тостағандай болып, тіл қата алмай есікке тұра ұмтылады. Ләйлә бұған үйреніп те қалды. Тіпті, кейде онымен сөйлеседі де. Өзіне зияны тимегендіктен, «үй егесімен» бірге тұрып жатыр. Бұрынғыша сәлем беріп, тысқа шығарда ие болуын өтінеді. Ләйләға анасы да келмейтін болды. Оның да көзіне бейтаныс ер кісі көрініп, үйден кетуін өтініпті…


Жазира Бекен

 alashainasy.kz/




Көрілген: 2140    Пікірлер: 0

жұма, 15.12.2017, 11:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Тамыз, 11:26
    Шайтанның азғыруы
    3 Шілде, 10:45
    Тағдыр құпиясы
    28 Маусым, 10:51
    Гипноз
    27 Маусым, 10:34
    Қос боз...
    26 Маусым, 10:46
    Ажал...
    21 Маусым, 09:02
    Көне күмбез құпиясы
    20 Маусым, 10:14
    Екі рет өлген жігіт
    19 Маусым, 10:40
    Судағы құбыжықтар
    6 Маусым, 11:05
    Түс көру және жору
    31 Мамыр, 10:53
    Елес зират...
    20 Мамыр, 17:01
    Күн мінажатханасы
    18 Мамыр, 11:16
    Өзге əлем

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31