Гендерлік саясат

Оңтүстік өңірлерде әйелдердің еліміздің демографиясына қосып отырған үлесі орасан

  • Оңтүстік өңірлерде әйелдердің еліміздің демографиясына қосып отырған үлесі орасан

    Оңтүстік өңірлерде әйелдердің еліміздің демографиясына қосып отырған үлесі орасан

 Елімізде әйелдің қоғамдағы рөлінің маңыздылығын ескере отырып, оның білімін жетілдіруіне, қорғалуына, жұмыспен қамтылуына жағдай жасау мақсатында 2015 жылы отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бекітілген болатын. Өйткені денсі сау, материалдық жағдайы дұрыс, отбасы бүтін әйелдер өмірге ұлағатты ұрпақ әкеліп, оларға тиісті тәрбие беріп, ел демаографиясының өсуіне үлкен үлес қоса алады. Осы орайда бүгінгі таңда әр облыста нәзікжандыларға ерекше көңіл бөлінуде. Айталық, еліміздің оңтүстігіндегі Түркістан облысында жыл сайын демографиялық өсім артып, ана мен бала өлімі азайып келеді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Айта кету керек, мұнда басқа облыстармен салыстырғанда егіз және үшем балалар жиі дүниеге келеді. Мұнда былтырғы жылдан бері облыста сексеннен аса үшем туылған. Ал бір жылда дүниеге келетін егіздердің саны – 800-ге жуық. Он жылда туылған жергілікті егіздер саны 7 мыңнан асады. 2017 жылы облыста барлығы 76 353 сәби дүниеге келген. Олардың жартысына жуығы Шымкент қаласында туған. Бала туу көрсеткіші бойынша алғашқы қатарда Түркістан қаласы, Сарыағаш, Мақтарал және Сайрам аудандары тұр. Облыстық баспасөз қызметінің жалпы статистикалық мәліметіне сәйкес, облыста жыл сайын 7-13 үшем дүние есігін ашады екен.

Түркістан облысында аналар және нәрестелер өлім-жітімін төмендету мақсатында жүйелі шаралар қолданылып, балалар мен босанатын әйелдерге жәрдем беру қызметінде медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісі табысты ендірілді. Қолданылып жатқан шаралар нәтижесінде соңғы бірнеше жыл ішінде көрсеткіштердің тұрақты төмендеуіне қол жеткізілді. Статистика комитетінің мәліметтері бойынша облыста ана өлім-жітімінің көрсеткіші ағымдағы жылдың 8 айында 41,7% азайып, алғаш рет республикалық көрсеткіштен төмен болды. Ағымдағы жылғы 9 айының алдын ала мәліметтері бойынша ана өлім-жітім көрсеткіші 2 есеге төмендеді, – деді М.Егізбаев.

Облыс тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында жыл басынан бері бюджет есебінен 33 нысан салынды. Атап айтқанда, Шымкент қалалық жедел жәрдем көрсету ауруханасы мен облыстық онкологиялық диспансерінің корпусы, 1 аудандық емхана, 7 дәрігерлік амбулатория, 18 фельдшерлік-акушерлік және 5 медициналық пункт пайдалануға берілген болатын.

Сондай-ақ, 2017 жылы облыстық бюджет есебінен 20 дана құрастырмалы-қаңқалы модулдік конструкция әдісімен салынған медициналық тіректер сатып алынды. Ағымдағы жылы 67 медициналық тірек сатып алу жоспарланып отыр.

«2017 жылы 4 емхананың құрылысы басталып, бүгінде жұмыс жүргізілуде. Олардың қатарында үш бірдей 500 адамдық Ақсукент, Жетісай және Кентау қалалық емханаларының құрылысы, сонымен қатар, 250 науқасқа шақталған Мақтарал аудандық Мырзакент емханасын айтуға болады. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Шымкент қаласында №10 Қайтпас емханасының құрылысы басталып, Біркөлік, Ақсу-Жабағылы санаторийлері сенімгерлік басқаруға берілді», - деді Мұқан Кеңесбекұлы.


«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында Түркістан облысы бойынша 18 кәсіпкер әйел 39,5 миллион теңге көлемінде грант иеленіпті. Жетістікті өткенмен өлшейтін әдетіміз емес пе? Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда екі есеге артық көрсеткіш. Жаңадан кәсібін ашуды алдына мақсат етіп қойған әйелдер түрлі инновациялық жобаларды ұсынуына болады. Егер жоба тиімді деп табылса грант алуға мүмкіндік мол. Ол үшін кәсіпкерлерге кеңес беру орталығында оқу-тоқудан өтіп, бизнес жоспар жасауды, маркетингтік зерттеу жасауды үйреніп біраз белесті бағындыруға тура келеді. Әрине әлемде жоқ керемет жоба ойлап тап деп күштеп жатқан жан жоқ. Дегенмен ертеңгі күні мол табыс түсіретін ілкімді жобалар жерде қалмайтыны анық. Осы орайда кәсіптің көзін таппай, неден бастарын білмей жүргендерге оң бағыт көрсететін «Ontustik» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының филиалы бүгінде көптеп көмек беруде. Облыстағы барлық аудан-қалаларда аталған орталықтың филиалы жұмыс істеуде. Осында оқып, сертификат алған тыңдаушылардың 40 пайызын нәзікжандылар құрайды. Жыл басынан бері «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы 386 кәсіпкер әйелге 1 млрд. 23 миллион теңге көлемінде несие беріпті. Бұл өз кезегінде өндірісті өркендету үшін үлкен қолдау екені анық. Алма Архабаева, ОҚО кәсіпкерлер палатасы жанындағы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы: «Бүгінде ел әлеуетінің артуына үлес қосып жүрген аруларымыз жетерлік. Қай сала болмасын олар әрдайым алдыңғы шепте. Кәсіпкер әйелдер қатары артып келеді. Оларға әрдайым қолдау көрсетсек өз істерін ілкімді жүргізуге деген құлшыныстары зор».


Бегім Сәбит 




Көрілген: 298    Пікірлер: 0

жұма, 14.09.2018, 11:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30