Тілім-тағдырым

Адамның он екі мүшесі

  • Адамның он екі мүшесі

    Адамның он екі мүшесі

Бір жылда 12 ай болса, адамда 12 мүше бар. Уақыт көшінің бір жылы 365 күннен тұрса, Қытай емшілерінің айтуынша, адамның да буындары соншама. Мұның бәрі адамның табиғатпен тығыз байланысты ендігін айғақтайды. Қа-риялардың жадында болар, халық жұмбақтарының бірінде: «Дүниеде бір ағаш бар түбі жуан, он екі ұл, алпыс екі қыз бір күн туған», – деп айтылатыны. Мұндағы 12 ұл адамның он екі мүшесі, 62 қыз – адамның алпыс екі тамыры (алпыс екі мүшеге тараған тамыр), ал ағаш – адамның өзі.


Төрт мүше (екі аяқ, екі қол), жеті мүше тәрізді он екі мүше адамның дене бітіміне бай- ланысты айтылған. Біз бала кезімізде талай естігенбіз, алыс сапардан оралған адамдармен ауыл ақсақалдарының «Он екі мүшең аман ба? Төрт мүшең түгел оралдың ба?», – деп амандасып, жөн сұрасқандарын.


Осы қариялардың кезінде он екі мүшенің не екенін санамалап айтып кеткен бір нұсқасы бойынша адамның он екі мүшесі мыналар: Бас (біреу), омыртқа (біреу), жамбас (екеу), жауырын (екеу), тоқпан жілік (екеу), асық жілік (екеу), қары жілік (екеу). Әрине, он екі мүшені басқа-ша талдап, түсіндіретіндердің болуы мүмкін. Қазақ – дана халық қой. Жеті қазынаның өзін әртүрлі құлпыртып айтатындай, он екі мүшені де солай түрлендіріп, бейнелей алатынына таласымыз жоқ. Көнекөз, шежіре кеуделердің барлық болжам, талдауы қисынды.


Он екі мүшенің жоғарғы, төменгі деңгейі

Көне заманғы халық емшілері адамның он екі мүшесінің әр бөлігі тәуліктің ішінде өзінің жоғарғы, төменгі денгейіне ауытқып, ылғи алмасып отыратынын дәлелдеп берген. Оны қазіргі заманауи медицина ілімінің өкілдері де мойындайды. Осынау ғылы-ми тұжырымдама бойынша адамның он екі мүшесінің, яғни қызмет жүйесінің әр бөлігінің тәуліктегі күш – қуаты мынандай:


1. Таңғы сағат 3 – 5-тердің шамасында өкпе жүйесінің қуаты (энергиясы) артады.

2. Таңғы сағат 5-тен 7-ге дейін тоқ ішектің қуаты күшейеді.

3. Таңғы сағат 7-ден 9-ға дейін асқазанның қуаты үсті-үстіне жақсарады.

4. Сағат 9-дан 11-ге дейін ұйқы безінің және талақтың қуаты еселеп артады.

5. Сағат 11-ден 13-ке дейін жүректің қызметі айрықша күшейеді.

6. Түскі сағат 13-тен 15-ке дейін ащы ішектің қуаты барынша артады.

7. Түстен кейін сағат 15-тен 17-ге дейін қуықтың қуаты өте жоғары болады.

8. Сағат 17-ден 19-ға дейін бүйректің қуат көзі ерекше күшейеді.

9. Түні сағат 21-ден 23-ке дейін иық сүйегінің қуаты барынша артады.

10. Түнгі сағат 23-тен түнгі сағат 1-ге дейін өттің күш – қуаты өте молаяды.

11. Түнгі сағат 1-ден 3-ке дейін бауырдың қуаты шарықтау шегіне жетеді.

12. Тек 12 сағаттан кейін әр мүшенің қабынуы өз қалпына түседі, төменгі шегіне жетіп, тынышталады.

Он екі мүшенің күш — қуаты (энергиясы) шарықтау шегіне жеткенінде сол мүшенің ауруы да асқынады, адам қатты қиналады.

Көрдіңіз бе, он екі мүшенің қабынуы, қалпына келуі 12 сағаттық мерзімге байла- нысты.

Он екі мүше, он екі сағат, бұл да бір табиғаттың жұмбақ сыры.

Ал енді адамның өз ағзасын аялап, түрлі әсерлерден, сырқаттардан қорғап, денесін күте білуі оған мықты денсаулық, бақытты өмір сыйлайды, ажарын арайландырып, түр – тұлғасын сымбатты етіп, өзгелерді жақсы әсер, сезімдерге бөлейді, жақындарын шаттандырып, қуантады. Осыған орай біз халық емшілерінің, дәрігер – мамандардың, данагөй ата – әжелеріміздің ақыл кеңесі, тәжірибесі бойынша адамды түрлі сырқаттардан сақтандыратын жағдайларға, дене күтімінің қарапайым да шипалы тәсілдеріне тоқталсақ.


Адамына қарай ауруы

Ғалымдар көп адамның ауруды өздерінің мінезінен, жат қылықтарынан, рухани жан дүниесінің таяздығынан, адамгершілік қасиеттерден жұрдай- лығынан да табатынын айтады. Яғни, мынандай адамдар- ға мынандай сырқаттар үйір. (Бұл – медициналық, ғылыми басылымдар бойынша дай-ындалған болжамдар): 1. Біреуден айласын асыруды ойлайтын пысықай, қу адамдарға тән аурулар: асқазан жарасы мен асқазанның қабынуы, ас қорыту жүйесінің бұзылуы, оның өзге де дерттері.

2. Қызғаншақ, өзіне — өзі сенімсіз адамдар бүйрек ауруларына ұшырайды. Қыз- ғаншақтығына көреалмаушы- лық қосылса, бауыры зақым- данады.

3. Бүгінін, болашағын ойламайтындар, өткенді еске алып тамсанатындар, туған – туыс, ата –анаға көмектесуді ауырсынатындарға тән сырқат-тар: құяң, тағы да басқа омыртқа кеселдері.

4. Үнемі қайғырып, аһлеп – уһлеп жүретіндердің өкпесі дертке шалдығады.

5. Ызақор, ашуланшақ адам-дардың бауыры ауырады.

6. Жылауықтарға тән аурулар: жүрек қабының қабынуы.

7. Үнемі не болса содан шошынып, үрейленіп жү-ретіндердің өт жолы қабы-нады, ағзасы қант диабетіне шалдығады.

8. Біреудің қамын жеп, үнемі шыр – пыр болып жүретіндер-ге тән ауру: көк бауырының зақымдануы.

9. Тұрмыс – тіршілігіне, маңайындағыларға қорқып – үркіп қарайтындарға бауыр дерті үйір.

10. Шамшыл, өр көкірек адамдар көбінесе бүйрек үсті безінің сырқатынан зардап шегеді.

11. Өзінің көркіне, тартым-дылығына сенімсіз әйелдерге, өзінің бел қуатына күмәнді еркектерге тән аурулар: суса- мыр мен ұйқы безінің сыр-қаттануы.

12. Сезімтал, күйрек адам-дардың өкпесі, қалқанша безі ауырады.

13. Өт қабына тас байлану, холециститке ұшырау – сараң, дүниеқоңыз адамдарға тән.

14. Шексіз қатты қуану инфарктке әкеліп соқтырады.

15. Өкпешіл адамдарда болатын ауру: лимфа түйіндерінің қабынуы.

16. Шындықтың бетіне «қара көзілдірік» киіп қарайтындарды, ақиқаттан үркетіндерді көз ауруы мазалайды.

17. Өмірім, тұрмыс – тіршілігім қалай болады, нанымды тауып жей аламын ба, деп үнемі үрей құшағында жүретіндер- ге ауыздың уылуы, тамағы мен кеңсірігінің зақымдануы жиі – жиі болып тұратын жағым- сыз жағдай.

18. Сараң адамдардың ішінде жиналған улар, залалды қосылымдар сыртқа шықпай, ағзасын улайды.

19. Мақсатсыз адамның басы жиі ауырады.

20. Біреулердің (ата –анасының, туған – туыстары-ның, жолдас – достарының, таныстарының, кез – келген адамның) арқасында күнкөретіндердің ішінде дәл өзіндей масыл құрттар пайда болып, ішкен – жегенін сорады, оңалтпайды.

21. Қатыгез адамдардың ағзасында (бауыр еті жолында, бүйрегінде, басқа да жерлерінде) тас пайда болады.

22. Бас көтертпес қиыншылықтарда жүрген-дердің шашы ағарып кетеді.

23. Жетім – жесірлердің, сүйеніші жоқ жалғызілік байғұстардың өкпесі ауырып, жұтқыншағы қабынады.

24. Іші тар, сараң, дүние-қоңыздардың іші де қатады, зат алмасуы да бұзылады.

25. Өзіне — өзінің көңілі толмайтындар жүрек – қан тамыры ауруынан зардап тартады.

26. Аллергияға ұшырай-тындар: ызақор, ашуланшақ адамдар.

27. Өкпелегіш, кешірімсіз адамдардың асқазан астының безі ауырады.

28. Ешкімге де, тіпті Құдай-ға да сенбейтіндердің буын – буындары ауырады.

29. Өз — өзіне сенбейтіндер-дің сүйегі ауырады, тістері тез түседі.

30. Жезөкше, нәпсіқұмар адамдардың иісі сасық болады, олар жыныс ауруларына шалдығады.

31. Көзі тоймайтын пай-дакүнем, қанағатсыз адам-дардың ағзасында лимфа- қан қысымын жоғарылатып, жағдайсыздыққа душар етеді.

32. Аяғы мен буынына тұз жиналып ауыратындар еңбектеніп, бірақта еш нәти-же шығара алмаған адамдар.

33. Асқазан – ішек, үрпі безі (простата), жатыр ауруларына шалдығатын адамдар – үсті – басын күтінбейтін, өз қажетіне ақша да, уақыт та қимайтындар.

34. Біреудің айтқанын тыңдауға да, орындауға да құлқы жоқтардың шағымы – құлағының ауыратындығы.

35. Басы ауыратындардың көбісі– менмен, өзін өзгелерден артық санайтын, басқаның айтқанын сөз деп тыңдамайтын кісілер.


Адам ағзасындағы аурудың асқынуына мынандай үш жаман қасиет ықпал жасайды:

1. Ашкөздік.

2 . Зәрлілік.

3. Надандық.


Күйзеліс денсаулықты күйретеді

Күйзелісті күйден («стресс») арылмау, торығу денсаулық-қа зиян. Не болса соған күйгелектену – жүйкені тоздырады, жүрекке күш түсіреді, өмірді қысқартады, адамның мінез-құлқын өзгертеді.

Күйзелісті жағдайда бүйрек бездері қанға қуатты гормондарды айдайды, оны бүкіл ағзаға жайып жібереді. Ол қан қысымын көтереді, тамырдың соғысы мен тыныс алуды жиілетеді, бұлшық еттері тар- тылады, бауыр қанға қантты көбірек жібереді. Бұлар адам-ның есте сақтау қабілетін әлсіретеді, тез шаршап – щал-дығатын күйге түсіреді, неше түрлі сұмдық ойлар басына келіп, ұйқысы қашады.

Бұлшық еттерінің салдырап, бастың ауруы, жыныстық дәрменсіздік пен тері ауруы-ның мазалауы да сары уайымнан арыла алмаудан. Күйзеліс кезінде ағзадағы дәрумен- дер жедел жойылады, кейін орнын толтыру қиынға соғады.

Қырық жылдай стрестің адамға әсерін зерттеп жүрген мәскеулік психотерапевт Инесса Ивановна Папикян былай дейді: «Мен сырқаттарыммен стрестен қалай айығуға болады деген тақырыпта сөз қозғағанымда, олардың бұл үшін немен шұғылданып жүр-геніне айрықша ден қоямын. Бұл тұрғыдан келгенде, кітап оқуыңыз да, бірдеңені тоқу-мен айналысқаныңыз да – бә-рі – бәрі пайдалы, көңіл сергітеді. Демек, маңыздысы адам уақытын текке өткізбегенін қанағаттанушылық көңіл – күймен сезінуінде.

Басқаша айтқанда, не іс-тесеңіз де ынта – ықыла-сыңызбен, ризашылық ықыла-сыңызбен істеңіз. «Мен мұны өзім үшін жасап отырмын. Осыдан ләззат табамын» деп жұмыс істегеніңіз мақұл. Өзі-ңізді де нақ солай сезінсеңіз, торығудан да, күйзелісті күйден де арылатыныңыз анық».


Ендігі әңгіме: дұыс тыныс алу, дұрыс қозғалу, дұрыс ойлау хақында.

Дұрыс өмір сүру дағдысы Дұрыс тыныс алу. Оған иогтардың қарапайым жаттығуларын, тыныс алу терапиясы мен гимнастиканы меңгеру арқылы қол жеткізуге болады. Адам дұрыс дем алумен бірге дұрыс дем шығара да білгені жөн. Сонда әркім өз денсаулықтарын нығайтып, демікпеден айығады.

Дұрыс қозғалу. Адам аз қимылдаса, көп сырқатқа ұшы-райды. Одан арылудың жолы – спортпен, дене шынықтырумен айналысу. Жаттығу жүректің жасаруына, қосымша күш-қуат жинауына, ағзаның қорғаныс күшін нығайтуына оң ықпал жасайды. Жүгірумен айналысар алдында жылдам жүріп дағдыланған жөн. Күніне 15-20 минут жүгіру пайдалы.

Дұрыс ойлау. Халқымыз: «Бақытсыздық туралы көп ойлаған адам бақытсыз болады, сырқат туралы көп ойлаған адам ауру болады», — дейді. Бұл адамдардың талай рет көзі жеткен ақиқат. Адамның ақылы, ішкі сезімі, рухани күйі өзара байланыста. Сол себепті дұрыс ойламаса, үнемі жамандықтарды еске ала берсе, денсаулығы нашарлайды. Түрлі дертпен күресте адамның өзін-өзі сендіруі үлкен маңызға ие.

Өмірде дұрыс тамақтану да, аурудан дұрыс сақтану да адамның денсаулығында айрықша роль атқарады. Ендігі әңгіме: дене мүше-лерінің күтімі туралы.


Аяқ-қол күтімі

Аяқ терісін тазартып, қорғау Аяқты күн сайын сумен сабындап тұрып жуады. Оны бұлаулап терісін тазарту адамды тынықтырады, қан ай- налымын жақсартады. Аяқ терісі тез жарылады, кей жерлерін аяқ киім қажап тастайды. Мұны қырмызы (календу- ла) араластырылған сумен (1 литр суға 1 ас қасық ) бұлаулау қажет. Аяқты жуған соң башай араларын әбден құрғатады. Аяқ терісінің грибокты ауруларына қарсы оны аптасына 2-3 рет асханалық сірке суымен әйтпесе гигиена лосьонымен сүртеді. Аяқ тершең болса, оны күн сайын жуады, салиции не бор спиртінің 1-2 пайыздық ерітіндісімен сүртіп, тальк себу керек. Тершең аяққа шұлықты күн сайын ауыстырады.


Аяқтың қан айналымы

Адам отырғанда, жүргенде, тұрғанда қан аяқтың күре тамырларымен жан-жақтан жү- рекке қарай қозғалады. Өк-шенің, жіліншік, мықын бұл-шық еттері қимылдағанда жиырылады да, қан қозғалысын жақсартады.

Керісінше, адамның салмағы артқанда, үнемі биік өкшелі аяқ киіммен жүргенде, шылым тартқанда, аз қимылдаған-да ағзадағы қан айналымын қиындатады, тіпті қан күре тамырда тұрып қалады, тіндерде қалдықтар пайда болады. Соның салдарынан аяқ шаршайды, онда ісік ұлғаяды.


Биіктігі 7 сантиметр жіңішке өкше (каблук) тізе буындарына 26 пайызға дейін салмақ түсіреді. Ол аяқты остеоартрит ауруына ұшыратады. Биік өкшелі туфлиді күнде киіп жүргендердің буындары майысады, сирақ пен табан сіңірле-рін әдеттен тыс шаршатады. Соның кесірінен табанда қан дұрыс айналмай, аяқ ісінеді. Негізінен, иілмейтін платформа аяқ киімдер өте зиянды деп саналады. Себебі мұндай аяқ киіммен жүргенде табан бұлшық еттері жұмыс істемей, қан айналымына көмектеспейді.


Артық салмақтың ағзаға, аяққа қосымша жүк екені мә-лім. Аяқ жиі іскенде оған тек 35 градусты температурадағы ваннаны (бұлауды) ғана қолдануға болады. Алайда аяқты ыстық суда көп ұстамау қажет. Өйткені ол аяқтың күре тамыр ауруын асқындырып жібереді, оны флебрит ауруына шалдықты- рады. Өзіңіз, аяғыңыз ыстық буды жақсы көрсе, әлсін-әлсін будан шығып, аяқты суық сумен шайып, шынықтырыңыз. Жылдың көп жүретін жаз айларында, кең аяқ киім кию қажет. Жеңіл кебістерді шұлықпен киеді.


Қол терісін тазартып, қорғау

Қолды кір сабынмен емес, иіс сабынмен жуады. Өйткені кір сабынның құрамында сілті бар. Ол теріні тым құрғатып, тіндерді тітіркендіреді. Жуылған қолды жұмсақ орамалмен сүртеді, қажет болғанда тері жұмсартқыш крем жағады. Қол терісін жұмсарту үшін дымқыл алақан, саусаққа глицерин сіңіреді. Көкөніс тазартарда, қол кірлейтін жұмыстарды атқарарда оған крем немесе жарық май жағып алады. Сонда қолдың кірін оңай кетіруге болады. Кір, еден жуарда да қолға крем жаққан жақсы.


Қол арқылы ауруды анықтау

Адамның қолы қысы-жазы бір жылымаса, ол аяқ-қолдағы қан айналымының бұзылғанын білдіреді.

Қос алақан шоққа қақтаған-дай үнемі лапылдап, қызып жүрсе, бауырдың уытқа қарсы күшінің кемігені. Қолдың терісі жарғақтанса, сыдырылып түсе берсе, ағзада А,Д дәрумендері жетіспейді.

Алақан тектен-текке тершісе, дымданса, немесе құрғаса, бозарса қалқанша бездің сырқатқа ұшырағаны. Шынашақ әлсін-әлсін жансызданса, жүрек-қан тамыры жүйесінің ауыратыны.

Үлкен саусақтар оқтын-оқтын жансызданса, тыныс жолының сырқатқа шал-дыққаны.

Саусақтың ең төменгі, яғни алақанға ұштасқан тұсын-дағы буынға терең, көлбеу әжімдер түссе, ағзаның сусамырға шалдығуы мүмкін.

Саусақтардың ұшы қан қызыл түске бөленсе, ас қорыту жүйесінің ауыратыны, саусақтың ұшы қоңыр-қызыл түсті болса, бауыр мен бүйректің дімкесі бар.

Оң қолдағы сұқ саусақ ұшының екі қапталы дуыл-дап, қышыса, тоқ ішектің ауруға шалдығуының белгісі болуы ғажап емес.


Сұқ саусақтың ішкі жағы ақжарғақтанса, терісі түлеп түссе, өт қалтасы ауырады.

Мұның бәрі халық емшіле-рі мен дәрігер – мамандар-дың зерттеулері бойынша жасалынған болжамдар. Оны емханаға барып, арнайы құрал-жабдықтар арқылы анықтатуға болады. Негізінен, дертке диагнозды дәрігерлердің қойып, емді солардың белгілегені дұрыс. Бұл болжамдар аурудың алдын алу үшін адамдарды сақтандыруға арналған.


Мойын күтімі

Адамның мойын бөлігі басты көтеріп тұрады. Ол өзі- нің құрылымына сәйкес орталық ми мен пери-фериялық арқа арасында аралық аймақтың қызме- тін атқарады. Мойын бөлі-гіндегі аурулар, бас ауруы, құлақтағы шу, бастың айналуы, күйзеліске түсу, қан тамырларының дистония ауруы, т.б. сырқаттар омыртқаның мойын бөлі-гімен тығыз байланысты. Өйткені ол жерде 7 омыртқа орналасқан.

Омыртқа аралық диск – бұл 84 пайызы судан тұра- тын шеміршек. Ол омырт-қаның амортизаторы болып саналады. Осы шеміршекте қан тамырлары болмайды. Шеміршек өзіне қажетті су-ды бұлшық еттерден алады. Бас аурулары иық, қол, мойын ауруларымен жал-ғасатындықтан, омыртқа ар- терияларына қан тасымалдайтын жаттығуларды үз- бей жасап тұру қажет. Мұндайда турникке тартылу, еденнен тартылудың классикалық нұсқасын жасау, мидың қоректенуіне ықпал ететін көкірек бұлшық еттеріне арналған жаттығуларды (ол «пуловер» деп аталады) орындаған пайдалы. Гантел көтерген де дұрыс.




Көрілген: 2655    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 19.03.2017, 18:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Мамыр, 14:19
    Қаназдық
    5 Сәуір, 15:13
    Қыжылдан құтылыңыз
    19 Наурыз, 18:56
    Адамның он екі мүшесі
    18 Наурыз, 20:44
    Балалардағы бронхит
    19 Ақпан, 13:12
    ҚҰЛАҚ КҮТІМГЕ ЗӘРУ
    23 Қыркүйек 2016
    Балалар артриті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31