Алаш баласы, айнаңа қара!

m.alashainasy.kz
сәрсенбі, 24.05.2017



ХАЛЫҚ ЕМШІСІ

Дертіне иттің еті ем болған еді

  • Дертіне иттің еті ем болған еді

    Дертіне иттің еті ем болған еді

90-шы жылдардың ортасы. Электр жарығы ауылда мүлде жоқ десе де болады. Бізден екі үй ары тұратын жеңгеміз созылмалы түберкулез ауруымен ауырып, ұзақ емделді.


Аудандық, облыстық ауруханаларда емделген. Онда күре тамыр мен бұлшық еттен салған инелерден демалу үшін жеңгемізді баласы ауылға әкелді.


Жеңгеміздің көңілін сұраушылар бірінен соң бірі кіріп, ұлдың кластастары да жағдайын сұрап ағылып келіп жатты. Олар сыртқа шыққан соң елден естігендерін ортаға салып, бұл ауруға қандай ем барын сөз етті. Арасында бір-екеуі иттің еті ем болатынын естігенін айтып қалды. Бірақ өздері өмірлерінде ит соймақ түгілі, өлтіріп те көрмеген екен. Дегенмен ағамыздың достары тәуекелге бел буып, кеш қарая жиналатын болып келісті. Сөйтіп түнге қарай сол үйдің қорасына жиналып, ит союға кірісті.


Спирт пен судан жасалған «самопалдың» бағы жанып тұрған кез. «Батылдық үшін» одан аз-аздан тартып жіберген жігіттер қораға «летучая мышь» шамын іліп қойды. Мал сойып жүрген жігіттер ғой, күбірлей қалжыңдаса жүріп тірліктеріне кірісті. Емге, ырымға деген соң шын көңілмен, жабыла көмектесіп, жұмыстарын атқарып тастады.


Жатар алдында қора жақты бір шолып шығу ауыл адамдарының, әсіресе үлкен кісілердің әдеті емес пе? Сол әдетпен бір үйден кейін тұратын Түзел көкеміз қораға қарай шығады. Отыратын бөлмелердің терезесінен шырағданның көмескі жарығынан басқа, тас қараңғы ауылда көршісінің қорасының боғаттарынан жан-жаққа тараған сәулені байқаған екен. Малы ауырып қалмады ма екен, көріп қайтайын деп келсе, қорада бір топ жігіт жүр дейді. Ит сойғыштар күбірлесіп жүріп тірліктерін бітіріп те қалған екен. Қораның кіре беріс есігінің алдында иттің тек ырсиған тістері көрінген басы ғана жатыпты.


Марқұм Түзел көкеміз кіре сала: «Не істеп жатырсыңдар-ей?» – дейді. Бәрі үнсіз. Қой сойып жатырмыз дейін десе, араласып жатқан ауыл әдеті бойынша қойдың бас-сирағына шақыру керек. Ит сойып жатырмыз деу ол кезде барып тұрған масқара. Үнсіздікті көп сөйлей бермейтін Тимур інім бұзады. Иегімен кіре берістегі көкеміздің аяғының алдында жатқан тістері ырсиған басты меңзеп: «Үлкен кісі ғой, басын осы көкеге бере салайық», – дейді.


Көкеміз басты көріп, шошығаннан қалшиып тұрып қалыпты. Бұрын-соңды мұндай нәрсені көрмеген, айтар­ға сөз таппай, қолды бір сілтеп шығып кетеді. Қасапшылардың бәрі көздерінен жас аққанша күлкіге кенеледі.


Осы жігіттердің шынайы қазақи пейілдерінен жасал­ған іс пе, әлде басқалай да себебі бар ма, білмеймін, әйтеуір жеңгеміз сол иттің етін жеген соң оңалып кетті. Қазір көшеміздің сәнін кіргізіп жүрген кимешек киген әдемі апа болып, көрші-қолаңның аралас дастарханының ортасында жүр.


Ғалым ШӘБДЕЗІМ.


www.zamana.kz




Көрілген: 566    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 13.05.2017, 18:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Мамыр, 14:19
    Қаназдық
    5 Сәуір, 15:13
    Қыжылдан құтылыңыз
    19 Наурыз, 18:56
    Адамның он екі мүшесі
    18 Наурыз, 20:44
    Балалардағы бронхит
    19 Ақпан, 13:12
    ҚҰЛАҚ КҮТІМГЕ ЗӘРУ
    23 Қыркүйек 2016
    Балалар артриті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31