Тілім-тағдырым

Халық емі. Қой терісіне түсіру

  • Халық емі. Қой терісіне түсіру

    Халық емі. Қой терісіне түсіру

 Көшпенді қазақ өмірі табиғаттың әр алуан құбылыстарын басынан өткізген. Жатын орынның ылғал болуынан, қысқы суықтың ызғарынан және осы табиғи ортаның қысымынан қорғану жабдықтарының аз болуынан жасы егде тартқан адамдар жел-құз, құяң сынды ауруларға душар болып жатады. Қазақ емшілері осы науқастарды ауруынан айықтыру үшін түрлі ем жасаған. Солардың бірі – қойдың терісіне түсіру. Ем жасау барысында семірген еркек қойды немесе ту қойды таңдап алып, терісін бітеу сояды. Сосын, күзде піскен ерменді бүрімен қоса қайнатып, оның нілін терінің ішіне құятын болған. Кезегімен науқас адамды шешіндіріп, мойнынан бастап, аяғына дейін қой терісімен орап, жылы жауып, 2-3 сағат жатқызады. Уақыты болған соң адамды тазалап жуындырады. Қой терісіне түскен адам өзін жылы ұстап, сорпаланып, бірнеше күн күтінуі керек болған. Бұл қара емнің адам денесіндегі, буындардағы желді, сарсуды алуда, буындардың қақсауы мен сырқырап ауруын емдеп жазудағы өнімі айрықша болған.


Дайындаған: Сұңқар Ақбоз


Сурет: wilderness.net


massaget.kz




Көрілген: 4929    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.05.2017, 12:39

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
4 Мамыр 2017
Қаназдық
18 Наурыз 2017
Балалардағы бронхит
19 Ақпан 2017
ҚҰЛАҚ КҮТІМГЕ ЗӘРУ
23 Қыркүйек 2016
Балалар артриті

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30