Жөтелді кетіретін қарапайым кеңестер

Жөтелді кетіретін қарапайым кеңестер

Күздің қара суығы басталған соң, денсаулық та сыр бере бастайды. Әсіресе, жөтел мен тамақ аурулары бірден жазылмай, адамның есін шығарады. Сол үшін, сіздерге жөтелді кетіруге көмектесетін, тыныс алу жолдарын емдейтін біраз кеңестер ұсынамыз.

1) Орамжапырақтың жапырақшасын суға бір бұрқ еткізіп, бал мен тұз (1:1) жағасыз. Ыстық күйінде кеуде немесе арқаға (тек жүрекке жоламау керек) қоясыз да, сыртқынан полиэтилен жауып, науқасты жақсылап орап қоясыз. Біраз уақыттан кейін жапырақшаны алып тастауға болады. Оның бетіндегі қоспа теріге сіңіп, өзінің пайдасын тигізетініне сенімді болыңыз.

2) Қайнатылған және қыздырылған алмұрт та қатты жөтел кезінде жақсы көмектеседі. Ал кептірілген алмұртың қайнатпасы дене қызуы көтерілген кезде шөлді жақсы басады.
Ұсақтап туралған кептірілген алмұртқа 500 мл су құйып, 20 минут қайнатыңыз. 4 сағатқа орап қойып, біраз тұндыру керек. Сосын сүзіп аласыз. Тамақ ішкенге дейін 30 минут бұрын 100 мл-ден күніне 4 рет ішу керек.

3) 2 бананға 200 мл қайнаған су құйып, 10 минут қайнатыңыз. Сүзіп алып, бал қосыңыз. Жылы күйінде ішу керек.

4) 10 құрмаға 500 мл су құйып, 30 минут қайнату керек. Сосын сүзіп алып, сығу керек. Құрғақ жөтел кезінде ыстық күйінде ішу керек. 6-7 кептірілген құрманы 200 мл сүтте қайнатуға да болады.

5) 30 г мейізді салқындатылған қайнаған суда 45 минут тұндыру қажет. Сосын сүзіп аласыз. Мейізді ұйықтар алдында ыстқы сүтпен ішкен дұрыс. Бұл әдіс қатты жөтел кезінде жақсы көмектеседі.

6) Баланың жөтеліне көлемдері шамалас 1 алманы, 1 пияздың басын, 1 сәбізді алып, ұнтақтағыштан өткізу керек. Оған 2 ас қасық бал қосып, араластырыңыз. Балаға күніне 4-5 рет жылы күйінде 1 шәй қасықтан беру керек.

7) 2 ас қасық ұнтақталған алмаға 2 ас қасық бал мен 1 ас қасық ұнтақталған пияздың басын қосып, араластырыңыз. Жылы күйінде күніне 4-7 реттен 1 шәй қасықтан жеу керек.

8) 10 пияздың басын төртбұрыштап турап, 1 бас сарымсақты ұсақтап алыңыз. Үстіне 500 мл сүт құйып, жұмсарғанша қайнатыңыз. Қоспаға жалбыз бен бал қосып, 1 сағатқа тұндырып қойыңыз. Сосын сүзіп тастаңыз. 1 ас қасықтан күніне бірнеше рет қабылдаған жөн. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста