Қан аздық: себептері, белгілері, емделу жолдары

Қан аздық: себептері, белгілері, емделу жолдары

Қазіргі таңда дұрыс тамақтандаудың, түрлі күйзелістің көбеюі мен иммунитеттің нашарлауынан қан аздыққа шалдыққандар саны күн санап өсіп келеді. Адам бойындағы әлсіздік, жұқпалы аурулардың көбеюі соның салдарынан туындап жатады. Мұның бәрі еңбекке қабілеттілікті төмендетіп, өмір сүру сапасына кері әсерін тигізіп жатады.

Қаны аз адамның тәбеті бұзылады: тамаққа құлқы болмай, керісінше, бор, ақ балшық секілді нәрселерге аңсары ауады. Мұның өзі асқазанға ауыр тиеді, ағзадағы зат алмасу процесіне кері әсер етеді, сөйтіп, түрлі дерттердің пайда болуына соқтырады. Сондықтан осы белгілер пайда болған жағдайда, міндетті түрде ем алу керек.
Темір тапшылығынан болатын қан аздыққа әдетте темір препараттары тағайындалады.
Егер сіз темір препараттарын ішіп жүрсеңіз, есте сақтаңыз:
түйіршек дәрілерді тамақтан жарты сағат бұрын аш қарынға ішіңіз;
ал асқазаныңыз ауыратын болса, дәріні тамақпен бірге ішіңіз;
темір препараттарын сүтпен ішуге болмайды;
басқа дәрі-дәрмекті темір препараттарымен қатар ішкенде, олар өзара әрекеттесіп, денсаллыққа зияны тиюі мүмкін. Сондықтан басқа дәрілер ішу керек болған жағдайда, темір препараттарын қабылдау тәртібі жөнінде дәрігермен кеңесіңіз. Мысалы, асқазанда қышқыл мөлшерін төмендететін дәріні темір препараттарын қабылдаған соң, екі сағат өткенде ішу керек;
балаларға әдетте сұйық дәрі тағайындалады. Оны тамақтың алдында апельсин шырыны немесе басқа сусындармен беру керек. Сүтпен беріп жүрмеңіз! Сұйық дәрілер балалардың тісін бұзбау үшін, түтікше пайдаланыңыз;
ем тиімді болуы үшін, дәріні үш ай қатарынан қабылдаған дұрыс.

Темір препараттарын қабылдап жүрген кезде тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Темірдің сіңімділігін арттыру үшін, құрамында С витамині бар тағамдарды молырақ пайдаланыңыз. Олар: цитрус жемістері, қызанақ, түрлі-түсті қырыққабат, т.б. Итмұрын сусыны құрамында С витамині мол болады. Бірақ итмұрын тіс эмалін бұзатын болғандықтан, оны түтікше арқылы ішу керек.
Темірдің ағзаға сіңуіне кедергі болатын да заттар бар. Мысалы, кофеин. Кофеин, шай, кофе, Кока Кола секілді сусындар құрамында болады. Сондықтан темір препаратын қабылдап жүрген кезде, шайды тамақтан кейін бір сағаттан соң ішіп әдеттеніңіз.
Темір дәрілерін ішіп жүрген ересек адамдар сүт өнімдерін қабылдауды шектеп, күніне 500 граммнан асырмағандары дұрыс.
Ал қан аздықтың алдын алу жолы да – дұрыс тамақтана білу. Ет (сиыр, құс) және балықта, бұршақ тұқымдастарда, сұлы, қарақұмық жармаларының құрамында темір бар. Жас сәбилер үшін ең дұрысы – ана сүті. Ал жасанды жолмен тамақтандырылатын балаларға темірмен байытылған қоспалар мен жармалар беріңіз.

anabol.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста