Қант диабетінің пайда болу себебі. Қалай алдын алуға болады?

Қант диабетінің пайда болу себебі. Қалай алдын алуға болады?

Қант диабеті (сусамыр)- ұзақ уақыт қандағы глюкозаның концентрациясының жоғарылауы және заттек алмасу өзгерістерімен сипатталатын адамның эндокрин жүйесінің созылмалы ауруы.

 

Қант диабетінің пайда болу себептері:

Инсулинді өндіріп шығарушы асқазан асты бездерінің клеткаларын бұзатын вирусты жұқпалар. Диабеттің дамуына ықпал ететін вирусты жұқпалар: қызамық,вирусты паротит (шошқаборық), желшешек, вирусты гепатит және тағы басқалар. Әсіресе вирусты жұқпалар қант диабетіне тұқымқуалаушылыққа бейім адамдарда, балалар мен жасөспірімдерде аурудың пайда болуына өз әсерін тигізеді.

Тұқымқуалаушылық ықпал. Әдетте қант диабетімен ауыратын адамдардың туыстарында қант диабеті жиі кездеседі. Егер ата-анасының екеуі де қант диабетімен ауыратын болса, олардың балалары диабетпен ауыру қаупі-100 %, егер ата-анасының бірі ауырса-50 %, ағасы немесе әпкесі диабетпен ауырса- 25 %.

Аутоимунды аурулар. Қант диабеті асқазан асты бездерінің клеткаларының өз иммунды жүйесінің зақымдануынан туындайды.

Қант диабетінің дамуының қауіпті ықпалдары:

Дибеттің дамуына(қауіпті ықпалдары) бейімдейтін жағдайлар мен аурулар болады. Қант диабеті үшін келесідей қауіпті ықпалдар бар:

Артық салмақтық;
Холестериннің шамадан тыс деңгейі;
Қан қысымының жоғарылығы;
Тұқымқуалаушылыққа бейімділік.
Бірнеше қауіпті ықпалдаардың бірігуі диабеттің пайда болу қатерін айтарлықтай жоғарылатады.

Қант диабетінің белгілері:

Қатты шөлдеу;
Бөлінетін зәр мөлшерінің көбеюі;
Жоғары терлегіштік;
Салмақты жоғалту және т.б.
Қант диабетінің алдын алу

Белсенді өмір салты

Кез-келген дене шынықтыру белсенділігі инсулинге деген сезімталдықты жоғарылатып және қандағы қант мөлшерін төмендетеді. Спорт өз денсаулығыңды сақтауға көмектеседі.

Тиімді тамақтану

Тағам талшықтарына бай тағамдарды-жемістер мен жидектерді,бұршақ тұқымдастарды, әр түрлі жаңғақтар түрлері мен қаймақты пайдалану. Бұндай тағам ішек жұмысын қалыпқа келтіреді, холестерин мөлшерін азайтады, артық салмақтың төмендеуіне әсер етеді, қандағы қант мөлшерін бақылауда ұстайды.Дәнді дақылдар қан қысымын қадағалауға және қант диабетінің белгілерінің пайда болуын тежейді. Нан, макарон және басқа да ұн өнімдерін сатып алар алында қорабында «Тұтас дәндер» деген жазбасы бар өнімдерді алған дұрыс.

Темекі шегуден бас тартыңыз. Қант диабетінің негізгі себептерінің бірі күйзеліс пен уайым болып табылады.

Егер адам өзін темекі шегумен жұбатуға тырысса,бұл жағдайды керісінше қиындатады,ағзаның төзімділігін төмендеп қант диабетінің дамуы үшін қолайлы жағдай тудырады. Егер адам қант диабетімен ауыратын болса, шылым тек ауру үдерісін күшейтіп және ауруды асқындырады (жүрек-қантамырларының аурулары, инфаркт, қан ұюы).

Артық салмақтылық қант диабетінің дамуына ықпал етеді.

Артық салмақ қоспаудың амалын қарастырыңыз.Әр тастаған салмағыңыз- деніңіздің саулығының кепілі. 

anabol.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста