Индустрия мен Инновация

2018 жылы шыны зауыты іске қосылады

  • 2018 жылы шыны зауыты іске қосылады

    2018 жылы шыны зауыты іске қосылады

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлаасы аясында көптеген өндіріс орындары ашылуда. Мәселен 2018 жылы Қызылордада шыны зауыты іске қосылады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Шыны зауытының орналасқан аймағы «Шығармашылық үйінен» қашық болғандықтан, ертемен аттануға тура келді. Қоңыр күздің таңы салқын. Сол себепті, киіміміз де қалың. Дегенмен, біз Титов қыстағындағы индустриялық аймаққа жеткенше қазанның «кемпір шуақты» күні ысып сала берді.

Межелі орынға барғанша бұл зауыт туралы өзіміз білетін, мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалардағы мәліметтерді екшеп шықтық. Жалпы, жылдық қуаты 197 мың тонна өнім шығаруға жететін зауыт құрылысы 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде қолға алынған болатын. Бастамашысы «Orda Glass LTD» ЖШС.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев облысымызға сапары барысында шыны зауытының жұмысымен танысты. Мемлекет басшысымен кездесуден құрылысшылар ерекше әсер алды. Қазір зауыттағы құрылыс жұмыстары айтарлықтай алға жылжыды. Мұндағы жұмыс қарқыны да күшейе түсті», – деді ол.

Сырттан қарағанда шыны зауытының аймағында ешкім жоқ сияқты көрінеді екен. Күзетшілер бекетінен өткен соң қайнаған тіршіліктің ортасына тап боласың. Шыны дайындауға арналған зауыттың құрылымдық бөлігі темір құрсаумен құрастырылуда. Қауіпсіздік үшін басымызға арнайы бас киім киіп, жұмысшылардың арасына еніп кеттік. Арғы беті мен бергі беті анық көрінетін темір құрсаулы аймақтың тепкішегімен жоғары қарай көтеріліп, әр қабатта қандай жұмыс атқарылғанын сұрап жүрміз.

Бұл жұмыстармен «Stewart Engineers» компаниясының жоба менеджері Ернар Бейсенов таныстырды. Ол: «Мамандар тынымсыз тірлік етуде. Қазір дәнекерлеу жұмыстары жүріп жатыр. Америкалық супервайзер Патрис Трефо өз тәжірибесімен бөлісуде», – деді. Одан бөлек монтаждаушы Қалмұхаммед Әбдрахманов пен прораб Рустам Әбдразақов сынды қызметкерлермен де әңгімелесудің сәті түсті. Олар Елбасы сапарынан кейін мұндағы жұмыстың қарқыны бұрынғыдан бетер күшейгенін жеткізді.

Иә, шыны зауытының құрылысы қарқын алғанын өз көзімізбен көрдік. Бұл зауытты алдағы 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығында іске қосу жоспарланып отырғанын айта кеткен жөн. «Orda Glass LTD» ЖШС құрылыс жөніндегі директоры Бегалы Тоқаевтың айтуынша, қазір мұнда АҚШ, Финляндия және Қытайдан қажетті жабдықтың 96 пайызы жеткізілген. Мамандар металл бөлшектерін құрастыруда.

Ресей, Өзбекстан мен Түркия ықтимал өнім пайдаланушылар қатарында болып отыр. Отандық мамандар қытайлық әріптестерімен бірге күн батареялары, смартфондар мен планшеттерге арнап өте нәзік шыны шығаратын зауыттың екінші кезеңін жалғастырмақ.

Мұнда 300 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бұған қоса бұл зауыт толыққанды іске қосылған жағдайда соңғы технологиялармен жабдықталған әлемдегі үшінші зауыт болмақ. Бұған дейін мұндай зауыт тек Жапония мен Қытайда ғана болған. Тіпті, Орталық Азияда теңдесі жоқ өндіріс орны болатынын да тілге тиек еткен абзал.

Алаш айнасы


 




Көрілген: 235    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 13.11.2017, 23:25

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
6 Қараша, 20:04
Инновация игілігі

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30