Индустрия мен Инновация

2019 жылға дейін ШҚО-да 4 жел электр станциясы салынады

  • 2019 жылға дейін ШҚО-да 4 жел электр станциясы салынады

    2019 жылға дейін ШҚО-да 4 жел электр станциясы салынады

Облыста 2019 жылға дейін үш жел электр станциясы мен бір күн электро станциясы салынады. Бұл жоба Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуда.
Баламалы энергия көздерін өндірудің төрт бекеті Ұлан және Жарма аудандарында салынбақ. Сондықтан ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін көріп қайтуға облыстық басқармалардың басшылары Астанаға әдейі жіберілген екен.


«Облыс әкімінің тапсырмасымен жұмыс тобы құрылып, басшылар халықаралық көрмеге барып, өзінің саласына қажетті, қызықты технология жайында мағлұмат жинап қайтуы тиіс болатын», - дейді ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Оралбеков.

ЭКСПО-да ұсынылған сегіз жобаны облыста жүзеге асыруға ниеттеніп отырмыз. Бұлардың барлығы электр қуатын үнемдеу мен экологияны зиянды заттардан тазалау саласына қатысты.

Бұл жобалардың қатарында тұрмыстық, өндірістік қалдықтарды өңдеу, электр жарығын цифрлық технология арқылы беру, ғимараттарды автономды, жеке жылыту технологияларымен жабдықтау, суды тазалау сынды жобалар бар.

«Ал 2019 жылға дейін Ұлан және Жарма аудандарында үш жел электр станциясы мен бір күн электр станциясы салуды көздеп отырмыз», - дейді Қайрат Оралбеков. Станциялар инвестор қаржысына салынады, яғни мемлекеттен қаржы бөлінбейді.

 Алаш айнасы




Көрілген: 648    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.11.2017, 23:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қараша 2017
    Инновация игілігі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31