Индустрия мен Инновация

Алматы облысының индустриялды аймақтарында кәсіпорындар саны көбейе түспек

  • Алматы облысының индустриялды аймақтарында кәсіпорындар саны көбейе түспек

    Алматы облысының индустриялды аймақтарында кәсіпорындар саны көбейе түспек

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы елдегі шағын және орта кәсіпкерліктің серпінді дамуына да жол ашады. Қазіргі күні қолға алынған «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының да көздеген мақсаты осы. Өйткені локомотив құрастыру зауыты сияқты еліміздегі ірі кешендердің жұмысын шағын және орта кәсіпкерлік сектордың жұмылуынсыз өркендету мүмкін емес. Міне, бағдарламаның басты ерекшелігі де осы – еліміздің экономикасын кешенді әрі жүйелі түрде дамытуды қарастыратындығы болып табылады. Аталған бағдарламаға сәйкес Алматы облысындағы индустриялды аймақтарда 17 кәсіпорын жұмыс істесе, алдағы уақытта оның санын 400-ге жеткізуге мүмкіндік бар.


Таяуда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыс әкімі Амандық Баталов Алматы облысындағы индустриалды аймақтардағы кәсіпорындар санының көбейе түсетінін айтты.

«Серіктес қала «GateCity» аумағында «Берек» жаңа индустриялды аймағы құрылып, онда ірі компаниялардың қатысуымен жалпы сомасы 90 млрд теңге. 5 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырыла бастады нәтижесінде 2 мың жұмыс орны құрылады. Олардың қатарында ет полуфабрикаттарын шығаратын «Бауманн» (Германия), картоп өңдейтін «Фармфритс» (Голландия), жылыжай шаруашылығы бойынша «Экокультур» (Ресей) компаниялары бар», - деді Амандық Баталов.

Сондай-ақ облыста «Талдықорған», «Береке», «Арна», «Боралдай», «Қазыбек бек», «Қайрат» - 6 индустриялды аймақ бар екені және олардың барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілгені айтылды.

Индустрияландыру картасы шеңберінде Алматы облысында 2010-2015 жылдары 289,4 млрд. теңге көлеміндегі инвестицияға 51 жоба нақты іске қосылды. Бұл орайда 7550 жұмыс орны құрылды. Соңғы жылдары тағы бірнеше жоба іске асырылды. Олар - Қапшағай қаласындағы «Казиндустрия» ЖШС тас өңдеу зауыты, Талдықорған қаласындағы «Жетісу Мажико Агрокешені» ЖШС май өнімдері мен қоспа жем өндірістік кешені, сол сияқты Текелі қаласындағы темір рудалары кенін қазып алу мен өңдеу арқылы инновациялық технологиямен шойын алатын «Bapy Mining» ЖШС. Тартылған инвестицияның мөлшері 14,5 млрд. теңге, 900-ден астам адам жұмыспен қамтылатын болады.


Алаш айнасы


 




Көрілген: 330    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 07.11.2017, 08:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қараша 2017
    Инновация игілігі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31