Индустрия мен Инновация

Алматыда биыл 43 мың жаңа жұмыс орны ашылды

  • Алматыда биыл 43 мың жаңа жұмыс орны ашылды

    Алматыда биыл 43 мың жаңа жұмыс орны ашылды

Нақтылы шаралардың арқасында қосымша 43 мың жаңа жұмыс орны құрылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есеге көп. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте атап өтті.

Өткен жылмен салыстырғанда қаланы абаттандыруға 2,3 есе, жол салуға 1,3 есе, инженерлік желілерге 1,3 есе көп қаржы бөлінді. Елбасының бастамасмен қолға алынған мемлекеттік бағдарламар бойынша пәтерлер салынып, 120 млрд. теңгені құрайтын 23 жоба іске қосылып, 6,5 мың жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар Индустрияландыру картасында 36,8 млрд. теңгеге 38 жоба жүзеге асырылып, 3 мың жұмыс орнын ашты.

«Өнеркәсіптік аймақта жоғары экспорттық әлеуетке және жаңа технологияларға ерекше көңіл бөлінді. Осыған байланысты 191,3 млрд. теңгеге 40 жоба іске асырылуда, оның 15-і белсенді түрде салынуда. Осының арқасында 5 мыңға жуық жұмыс орны құрылды», - деді Б.Байбек.

Пекин қаласымен бірлесе отырып «Asia Steel Pipe» Қазақстанға әкелінетін болат құбырлар нарығының 40% импортын, ал екінші сатысы жапондық «Tokyo Rope» зауытын Алматыда құру жүзеге асты.

Бизнестің жол картасы іске асырыла бастағаннан бері 18,7 млрд. теңге бөлінді, 1 мыңнан астам жоба қолға алынды. Сонымен бірге, жарты жыл ішінде қатысушыларға 31 млрд теңгеден астам салық төленді.

Осылайша, мемлекеттік бағдарламалардың арқасында барлығы 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Жобалар бойынша айтарлықтай экономикалық қайтарымдар қамтамасыз етіледі.

«Қала тұрғындарын және қала маңындағы қалаға келіп жұмыс атқаратын халық үшін қолайлы транспорттық жүйе жүзеге асырылуда», - деді қала әкімі Бауыржан Байбек мырза.

 Алаш айнасы




Көрілген: 461    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.11.2017, 20:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қараша 2017
    Инновация игілігі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31