Индустрия мен Инновация

Елімізде бұрын ешқашан шығарылмаған жаңа жоғары технологиялық өнімдер пайда болды

  • Елімізде бұрын ешқашан шығарылмаған жаңа жоғары технологиялық өнімдер пайда болды

    Елімізде бұрын ешқашан шығарылмаған жаңа жоғары технологиялық өнімдер пайда болды

 Тасымалдау әлеуетін жүзеге асыру және машина жасауды дамыту мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдылығы екені анық. Өйткені бұл сала экономиканы әртараптандыруға, бәсекелестікті арттыруға, сайып келгенде дамыған 30 елдің қатарына енуге бағытталады. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында «Индустриялық даму» бағытында партия кураторы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамаловтың төрағалық етуімен таяуда өткен комиссия отырысында айтылды. 


Аталған жиында Қазақстанның халықаралық көлік және байланыс ағынындағы интеграциясы, жол-көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ету мен дамыту мақсатында бірыңғай оператор орнату үшін стратегиялық инвесторларды тарту және машина жасау жағдайы, даму барысы тақырыбындағы мәселелер қаралды.


Аманжан Жамалов биылғы комиссия жұмысын Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы ұсынылған міндеттерді ескере отырып жұмыс атқаратынын айтты.

Бұл міндеттер партияның бағдарламасында және Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында анық белгіленген. "Бүгінде ақылды өндіріс – заман талабы. Сондықтан ақылды қалалар, зауыттар мен фабрикалар салу қажет", – деді ол.

Партия хатшысы Н.Годунова цифрлық технологияны қолданумен жүзеге асатын жаңа индустрияны тарату керектігін айтты. Жолдауда дәстүрлі базалық өндірістің дамуын күшейту, еңбек өнімділігін арттыру, автоматтандыру мен роботтандыруды енгізу сияқты міндеттер қойылғанына тоқталды. Үкіметке базалық өндірісті технологиялық қайта жарақтандыру шараларын әзірлеу тапсырылды. Экспортты дамытуға, трансұлттық компанияларды тарту, Қытаймен инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру, сондай-ақ тау-кен металлургиялық және мұнай кешенінің стратегиялық маңызын сақтай отырып, жаңа нарыққа шығуға басымдық берілмек.


Алдағы Конституциялық реформа туралы айта келіп, Н.Годунова Президенттің бастамасы Парламент пен Үкіметке 40 өкілеттігін беруі – өзгергіш әлемдегі жаһандық сын-қатерлерге теңдесі жоқ жауап екенін айтты.

– Реформалар, мемлекеттік басқару тиімділігін нығайту және арттыруға бағытталған, – деп атап өтті ол. – Президент стратегиялық міндеттерге, сыртқы саясат, ұлттық қауіпсіздік және елдің қорғанысына баса назар аударатын болады. Үкімет пен Парламенттің рөлі күшеймек, – деді ол.

Н.Годунова өкілеттікті беру арқылы министрліктен бастап әкімшілікке дейін қабылдайтын шешімдері мен салдарына байланысты барлық орындаушы билік органдарының жауапкершілігі артатынын атап өтті.

Оның айтуынша, партия Конституциялық реформаларды талқылауға белсенді кірісіп кетті. Сондай жұмыстардың нәтижесінде халықаралық сарапшылардың, елдегі жетекші заңгерлердің құптау пікірлері алынды. Барлық ұсыныстар талданып өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі жұмыс тобына жіберілмек.

ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр 2017 жылы көлік жолдары жобалары үшін 286 млрд теңге қаржы бөлінгенін хабарлады.

– Жалпы ұзындығы 3,2 мың болатын 12 жоба іске асырылмақшы. Тұтастай алғанда, биыл 4,4 мың шақырым болатын жер нысандар салуға және қайта құруға пайдаланылатын болмақ, – деді вице-министр.

Сонымен қатар ол халықаралық көлік және байланыс ағыны бойынша «Еуразиялық трансқұрлықтық дәліз» мультимодальды көлік дәлізін дамыту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл жүкті Азиядан Еуропаға еркін тасымалдауға мүмкіндік береді.

– Көлік дәлізі екі бағыт бойынша өтеді. Бірінші бағыт – Қазақстан, Ресей және ары қарай Еуропа аумағы болса, екіншісі – Қазақстан, Әзірбайжан және Грузия арқылы Еуропаға шығу, – деді Р.Скляр.

Оның айтуынша, контейнерлік тасы¬малдауды дамыту мақсатында аталған тасымал табиғи монополия саласынан босатылды. 2016 жылы 12 ай ішінде Қытай – ЕО – Қытай бағытында мұндай тасымалы 104,5 мың контейнерді құрады.

– Инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2015-2019 жылдары 320 жобаның жүзеге асырылуы көзделген. 2016 жылы «Нұрлы жол» аясындағы көлік жолдары жолдарын жүзеге асыру үшін 324,8 млрд қаржы бөлінді, – деді ол.

Инвестициялар және даму министр¬лігінің Индустриялық даму және өнер¬кәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасы орынбасары Тимур Нұрашев индустрия¬лық-инновациялық дамуының алғашқы бес жылдық мемлекеттік бағдарламасында машина жасау елдегі өнеркәсіптің ішінен тез дамып келе жатқан сала екенін атап өтті.

– Елімізде бұрын ешқашан шығарылмаған локомотив, электровоз, жолаушылар вагондары, тікұшақтар, автомобильдер сияқты жаңа жоғары технологиялық өнімдер пайда болды, – деді ол.




Көрілген: 327    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 08.11.2017, 19:17

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
6 Қараша, 20:04
Инновация игілігі

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30