Индустрия мен Инновация

Еліміздегі кәсіпорындар қайта жандана бастады

  • Еліміздегі кәсіпорындар қайта жандана бастады

    Еліміздегі кәсіпорындар қайта жандана бастады

Таяуда Үкіметте өткен жиында индустриялық дамудың екінші бесжылдығының нәтижелері баяндалды. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында еліміздегі кәсіпорындар қайта жандана бастады.


Өткен 9 айда өнеркәсіптік өндірістің көлемі 6,5 триллион теңгеге жетті. Мамандардың айтуынша, машина жасау саласындағы өсім жақсы. Жыл басынан бері көршілес Қытай, Тәжікстан мен Ресейге біздің елден мыңға жуық көлік экспортталған. Мәселен, осыдан 6-7 жыл бұрын тұралап тұрған автоөнеркәсіптер қазір қызу қарқынды жұмыс істеуде. Елімізде құрастырылған көліктер ішкі нарықта жеңілдетілген несиемен беріле бастап, соңғы екі жылда 9 мыңнан астам адам жаңа көлік тізгіндеді.

Қазір отандық автозауыттар тұтынушының таңдауына көліктің 115 түрлі моделін ұсынатын қауқары бар. Жақында Үкіметте есеп берген инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қостанай мен Өскемендегі автозауыттардың экспорттық әлеуеті артып келе жатқанын айтты. Мәселен, биылғы жылдың алғашқы 9 айында Қытай Халық Республикасына өзімізде жиналған «Лада», «Нива» жеңіл көліктерінің 988 данасы, Тәжікстанға «Джак» маркасының 55 бірлігі сатылған.

Жеңіс Қасымбек,ҚР Инвестициялар және даму министрі: – Кейбір тауарлық позициялар бойынша жаңа өткізу нарықтары ашылды. Алғаш рет осы жылы «Азия Автоның» жеңіл көліктері Қытайға экспорттала бастады. Ал «СарыарқаАвтоөнеркәсібі» өз өнімдерін Тәжікстанға жөнелтті. Сондай-ақ ауыл шаруашылығына арналған теxника да Ресейге экспортталуда. Барлығы 94 бірлік техника сатылды. Жыл сайын 380-нен аса экспорттаушы кәсіпорындарға қаржылық және сервистік қолдау көрсетіп отырмыз. Жалпы сандар келтірсек, отандық өңдеуші өнеркәсіптің өнімдері бүгінде 115 елге экспортталады. Осылайша биылғы 8 айдың қорытындысында саладағы табыс 9,9 миллиард долларға жетті. Агроxимия секторында 72, мұнай өңдеуде 67 және қара металлургияда 61 пайыз өсім байқалған. Жалпы өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі – 599 миллиард теңге.

Зауыт-фабрикалардың жұмысын цифрландыру да еңбек өнімділігін арттырады. Өңдеуші өнеркәсіптерді дамыту үшін саланы цифрландыру ісі де қолға алынған. Мәселен, Көкшетау алтын кен орнын мысалға келтіруге болады. Онда ғаламтор арқылы онлайн-режимде карьерлерді бақылау жүйесі іске қосылған. Бұл жүйелер еңбек өнімділігін 25%-ға арттыруға мүмкіндік берген екен.

– Мәселен, Бозшакөл және Ақтоғай тау-кен байыту кешендеріндегі карьерлерде жоғары дәлдікті автоматтандырылған басқару жүйесі жұмыс істейді. Нәтижесінде жұмысты цифрландырудың арқасында бір қызметкердің ең жоғары еңбек өнімділігі 308 мың долларға жетті. Бұл көрсеткіш ел бойынша басқа балама өндірістерге қарағанда 8 есе жоғары, – дейді министр.


ИИДМБ шеңберінде жыл соңына дейін 10 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Индустрияландыру бағдарламасының негізгі мақсаты – тек өнеркәсіптерді дамыту емес, сол зауыт-фабрикаларда жұмыс орындарын ұлғайту. Мәселен, екінші бесжылдықта жаңа өндірістер іске қосу арқылы 101 мың тұрақты жұмыс орындары құрылған. Оның ішінде биылғы 9 айда 4,5 мың адам қызметпен қамтылған. Ал жыл соңына дейін шамамен тағы 10 мың жұмыс орны ашылады деп күтіледі. Осылайша бағдарлама аймақтардағы жұмыссыздық мәселесін де шешіп жатыр.


Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевтың айтуынша, индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында облыста жалпы қүны 558 миллиард теңгені құрайтын 34 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Онда 6 мыңға жуық жұмыс орны ашылмақ.

«Өткен жылы жалпы құны 27 миллиард теңгені құрайтын 14 жоба іске асырылған және 800-ден аса жұмыс орны ашылған», дейді әкім.

Қазір елде 11 арнайы экономикалық аймақ және 23 индустрияландыру аумағы жұмыс істейді. «Олар құрылған сәттен бастап 12 мыңға жуық жұмыс орны құрылса, ағымдағы жылы тағы 3 мыңы ашылады», – дейді министр Жеңіс Қасымбек.


Алаш айнасы


 




Көрілген: 224    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 06.11.2017, 10:10

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
6 Қараша, 20:04
Инновация игілігі

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30