Индустрия мен Инновация

Ғылым және инновация – даму кепілі

  • Ғылым және инновация – даму кепілі

    Ғылым және инновация – даму кепілі

Қазіргі заманғы экономика инновациялар мен ғылыми әзірлемелерге негізделетін дамудың интен­сивті әдіс-тәсілдеріне сүйенеді. Кез келген елдің экономикасы озық идеяларды, заманауи ашылымдар мен серпінді технологияларды қажетсінетіні ақиқат. Халықтың рухани және материалдық сұраныс­та­рының қамтамасыз етілуі ең әуелі елдің ғылымы мен білімінің, мәдениетінің тұрақты даму деңгейіне байланысты екені дау туғызбайды. Осы орайда біз Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдер сапынан көрінуге ұмтылысына ғылым мен инновацияға көз­қарас тұрғысынан баға бергеніміз жөн.

Елбасының үстіміздегі жылғы халыққа Жолда­уында алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру кілті – нақ осы ғылым мен білімде, инновацияда. Қазіргі таңда ғылымды дамытудың кешенді бағдарламалары жасалып жатыр, бұларға сәйкес ғылымды қаржыландыру көлемін 2030 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің 3 пайызына дейін көтеру жоспарланып отыр. Қазіргі кезеңдегімен салыстырғанда бұл он екі есе көп шама, ақшаға шаққанда 3,9 млрд АҚШ долларын құрайды. Осы мақсатта отандық ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет білім мен ғылымды халықаралық деңгейге көтеру болып табылады. Ол үшін ел дамуының негізгі факторы саналатын инновациялық белсенділікті артыру қажет. Осы ретте тек мемлекеттік дең­гейде ғана емес, сондай-ақ әр аймақ пен нысанның ауқымында да инновацияға жеткілікті көңіл бөлу керек болады. Қазіргі кезеңге дейін инновацияларды ауқымды түрде енгізу бағытында қабылданған мемлекеттік бағдарламаларды іс жүзіне асыру күткендегідей нәтиже бермеді. Сондықтан да инновациялық даму деңгейін бағалау әдістемесін жасау күн тәртібінде тұр.

Бұл орайда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде инновациялық үрдістерді басқару тиімділігін айқындау мақсатымен еліміздегі иннова­циялық қызметті бағалау көрсеткіштерінің бейім­делген жүйесі әзірленді. Бұл «InnoMap.kz» деп аталып, «Қазақстанның инновациялық дамуының элек­­трондық атласы» ақпараттық жүйесінің негізіне еніп отыр. Мұнда қабылданған шешімдер мемле­кеттің инновациялық салалары мен аймақтық даму тиімділігін басқару шараларына тікелей қатыс­ты. Тілге тиек етіліп отырған электронды атлас инновациялық үдерістерді басқарудың да тиімді құралы болып табылады. Мәселен, электронды атласта көрсетілген Павлодар өңірі – метал­лургия өнеркәсібі мен машина жасауды дамытуда үлкен мүмкіндігі бар аймақ. Аймақтың өнеркәсіп орын­дарындағы инновациялық үдерістер облыстың иннова­циялық инфрақұрылымын жасауға мүмкіндік береді. Инфрақұрылым қатарына С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми-технологиялық паркі, Инновациялық Евразия университетінің инновациялық орталығы, сондай-ақ Ақсу ферроқорытпа зауытының ғылыми-техникалық бөлімі, «Ромат» фармацевтикалық компаниясы және өзге де ірі кәсіпорындар кіреді.

Аталмыш орталықтар білім беру мекемелері мен кәсіпорындардың, ғылым мен өндірістің күш-жігерін біріктірумен, инновациялық жобаларды жүзеге асырумен және талдама-зерттемелер жасаумен айналысады. Осы ретте индустрияландыру картасы аясында облыста құны 229 млрд. теңге болатын 60 жоба жүзеге асырылып, 5,3 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Сөйтіп, ғылым негізінде инновацияны дамыту елдің әлеуметтік әлеуетін, өңірдің экономикалық ахуалын жақсартып отыр. Мұның өзі елімізде инновациялық қаржыландыруға, ғылым және технологияны дамытуға, технологиялық инфрақұрылымды қалыптастыруға басымдық беру керектігін байқатса керек. Айталық, мотор жасау, құрылыс салаларында озық технологияларды қолдану, технологиялық қайта инвестициялау, зертханаларда жүргізілген ғылыми зерттеулер мен зерттемелер нәтижелерін қолдану өз нәтижелерін беріп отыр. Сондай-ақ венчурлік қаржыландырудың да инновациялық үдерістерді басқаруды жетілдіретінін, экономикалық әлеуетті қалыптастырып, ғылымға құйылған қаржыны еселеп қайтаратынын көріп отырмыз.

Инновацияларды қолдау арқылы экономиканы әртараптандыруға және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сөйтіп орнықты да теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге, шикізаттық сипатын сервистік-технологиялық сипатқа қарай бұруға қол жеткізуге болады. Қазір Қазақстан картасында жаңадан пайда болған өндірістік нысандардың қай-қайсысы да ғылым мен инновацияның жәрдемімен бой көтерді. Олардың қатарында Ақмола облысында жылына 1 млн. литр глифосат калий тұзы бар гербицидтер және глифосат шығаратын өндірісті, Ақтөбе облысында жылдық қуаттылығы 50 мың шаршы метр тұрғын үй салатын «Тұрғын үй құрылысы комбинатын», Алматы облысында инновациялық технология бойынша жылына 400 мың тонна қолданбалы шойын алатын тау-кен өңдеу кешенін атап өтер едік. Ғылыми әзірлемелер негізінде Атырау мұнай өңдеу зауыты жаңғыртылды, Шығыс Қазақстан облысында атом электр стансасына арналған жылу бөлгіш жинақ шығаратын кәсіпорын өз жұмысын бастады. Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру басталғаннан бергі аралықта жасалған ғылыми-инновациялық жобалар бойынша 7,5 трлн. теңге шамасында өнім өндірілгені еліміздің дамудың сара жолына түскендігіне айғақ болса керек. 


Жетпісбай Бекболатұлы,

әл-Фараби 

атындағы ҚазҰУ

кафедра меңгерушісі 




Көрілген: 314    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 05.11.2017, 00:42

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
6 Қараша, 20:04
Инновация игілігі

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30