Индустрия мен Инновация

Халықаралық көрмеде ұсынылған жаңа инновациялық идеяларды күнделікті өмірге енгізу ұсынылды

  • Халықаралық көрмеде ұсынылған жаңа инновациялық идеяларды күнделікті өмірге енгізу ұсынылды

    Халықаралық көрмеде ұсынылған жаңа инновациялық идеяларды күнделікті өмірге енгізу ұсынылды

 ҚР Энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиевтың айтуынша, ЕХРО көрмесінде өзге елдер паш еткен тың технологияларды өзіміз өндіріп, жаңа инновациялық идеяларды күнделікті өмірге енгізуіміз қажет. Осы орайда қазір ведомствода ғылыми идеялар мен инновацияларды коммерциялық бағытқа бейімдеу жұмыстары атқарылып жатыр. 


 

Бүгінде жаңа инновациялық идеяларды күнделікті өмірге енгізуге қатысты арнайы жол картасы әзірленіп, оның аясында мұнай және газ, көмір өнеркәсібі мен атом өнеркәсібі секілді энергетикалық салаларды «жасылдандыру» ісі қолға алынған. Баламалы энергетика тақырыбында ЕХРО көрмесінде паш етілген 100 тың технологияның 42-сі қазір елімізде жүзеге асырылып жатыр. Инновациялық идеялардың басым бөлігі электр қуатын өндіру саласына қатысты. Мәселен, неміс павильонында «Смарт грид» жобасы таныстырылған еді. Бұл электр қуатын ұзақ қашықтықтарға энергияны жоғалтпай таратуға арналған жүйе болып табылады.

«Қазақстанда бұл тақырып өте өзекті. Себебі оңтүстікте электр қуаты тапшы болса, солтүстікте керісінше артылып асады. Сондықтан «Смарт грид» арқылы біз ел ішіндегі электр қуатын бірдей байланыстыру мүмкіндігіне ие боламыз», – дейді Энергетика министрлігі өкілдері. 

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика вице-министрі: – Германдық технология «Смарт грид» бұл элетроэнергетика саласында энергияны транспорттау кезінде жоғалтудың алдын алады. Неміс павильонындағы екінші технология да геотермалдық баламалы энергия көздерін дамыту үшін қажет жоба. Бұл біздің еліміз үшін өте керек. 

 

ЕХРО көрмесінде отандық ғалымдардың инновациялық идеялары да жұрт назарына ұсынылған. Соның бірі – күн сәулесінен энергия алып, тұрғын үйді жылытатын жүйе. Оны мектеп, аурухана секілді әлеуметтік нысандарда да пайдалануға болады. Күн панелі тәріздес гидроколлектор тәулігіне 100 литр суды ысытып, 12 шаршы метр аумақты жылыту мүмкіндігіне ие. Жобаның авторы – қазақстандық ғалым Диас Байсейітов. Оның айтуынша, мұндай тың технология қазір қолданысқа енгізілген. 

 

– ЕХРО көрмесінде жаңартылған энергия көздеріне қатысты идеялар өте көп болды. Соның бірін мен таныстырдым. Күн сәулесінен қуат алатын біздің панель жазда 120 градусқа дейін, ал қыста 60-70 градусқа дейін қызады. Қара пластиналардың күн панельдеріне қарағанда, пайдалы әсер коэффициенті 95 пайызға артық. Мемлекеттің қолдауымен қазір бізде панельдердің өндірісі қызу жүріп жатыр. Болашақта кең таралымға шығамыз деген жоспар бар. Халықаралық көрме барысында өзге де инновациялық идея көп болды. Мысалы, шетелдік ғалымдар көмірді газдандыру тәсілі арқылы энергия алу мүмкіндіктерін паш еткен еді. Атап айтсақ, қарапайым қара көмір шаң-тозаң деңгейіне дейін үгітіліп, қатты қайнатқан кезде ауамен араласып, газ шығарады. Осы арқылы атмосфераға бөлінетін улы заттарды азайтып, қара тастың жылуын еселейтін әдіс пайда болады, Яғни экологиялық таза энергия көзі өндіріледі, – дейді өнертапқыш Диас Байсейітов ғалым.

 Жалпы энергетика саласында мұнай-газ бағытын жаңғырту бойынша 27 технология жүзеге асырылмақ. Көмір және атом өнеркәсібінде 5, электроэнергия саласында 44, су тазарту, қалдықтарды қайта өңдеу бағытында 29 тың технологиялар пайдаланылады. Энергетика саласының өкілдері көрмеде көрсетілген бұл технологиялардың бәрі бірнеше жылда елімізде кең қолданысқа енетінін айтады.

 



Көрілген: 175    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 06.11.2017, 17:29

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
6 Қараша, 20:04
Инновация игілігі

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30