Индустрия мен Инновация

ИИДМБ: Желтоқсанда 399 млрд теңге болатын 18 жобаны іске қосу жоспарлануда

  • ИИДМБ: Желтоқсанда 399 млрд теңге болатын 18 жобаны іске қосу жоспарлануда

    ИИДМБ: Желтоқсанда 399 млрд теңге болатын 18 жобаны іске қосу жоспарлануда

Желтоқсанда ИИДМБ аясында 399 млрд теңге болатын 18 жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұл туралы жақында Үкімет отырысында ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

«Биыл тағы жалпы сомасы 100 млрд. теңге болатын 24 жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл жобаларда 3 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, тағы 20 жобаның құрылысы басталады. Индустрияландыру аймақтарында 100 млрд. теңгенің 113 жобасы іске қосылды. Мұнда шамамен 8 мың жұмыс орны ашылды», - деді Ж.Қасымбек.

Сондай-ақ жер учаскілерін бөлу рәсімдерін жеңілдетуге, преференциялар ұсынуға, әкімшілік кедергілерді төмендетуге қатысты арнайы экономикалық және индустриаландыру аймақтары туралы заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«6 желтоқсанда болатын Индустрияландыру күнінде бағдарламаның биылғы қорытындысын шығарамыз. Телекөпір аясында жалпы сомасы 399 млрд. теңге болатын 18 жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, 26 жоба бойынша телевизиялық роликтер көрсетеміз.2017 жылғы 9 айында жалпы сомасы 800 млрд. теңге болатын 52 жоба іске қосылды. Мұнда 4,5 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.2017 жылдың соңына дейін өңірлерде жалпы сомасы 700 млрд. теңге болатын 80-нен астам жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Мұнда шамамен 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылады», - деді Ж.Қасымбек.

Қазір Қазақстанда 11 арнайы экономикалық аймақ (АЭА) және 22 индустрияландыру аймағы (ИА) жұмыс істейді.АЭА құрылған сәттен бастап жалпы сомасы 651 млрд. теңгеден асатын 157 жоба іске қосылып, 11,6 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

Индустрияландыру картасы аясында жалпы сомасы 5,5 трлн. теңге болатын 1 080 жоба іске қоысылып, 101 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.


Алаш айнасы




Көрілген: 296    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 08.11.2017, 19:53

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
6 Қараша, 20:04
Инновация игілігі

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30