Индустрия мен Инновация

Инновация негізі - білімде

  • Инновация негізі - білімде

    Инновация негізі - білімде

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміз экономикасының индустриалды-инновациялық даму мәселесіне үлкен мән беріп отыр. Бұдан бірнеше жыл бұрын Қазақстанның шикізаттық экономикадан инновациялық экономикаға табанды өтуі туралы сөз қозғалған болатын. Мемлекетіміздің даму стратегиясындағы инновациялық бағыт – бұл ұрпақ үлесін ғасырлар қойнауына апаратын сара жол.


Инновация дегеніміз – жаңалықтарды іске асыра отырып, жасалынып жатқан үдерістер мен өнімдердің сапасын арттырып, олардың нарық үшін бәсекеге қабілетті ету болып табылады. Осы жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының жаңаруы жағдайындағы мемлекеттік құрылымның барлық саласында инновациялық зерттеулер жүргізу бүгінгі қоғамның сұранысы. Тәуелсіздік алғаннан бері 21 жыл ішінде еліміз ғасырға татитын жетістіктерге жетіп, дамудың инновациялық жолына түсті. Қазіргі таңда Қазақстан дүниежүзіндегі қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі болып табылады. Бұл ретте Қазақстан өзінің тәуелсіздігін одан әрі нығайту мақсатында мемлекеттік құрылымның әр түрлі саласында өркениетті елдердің үлгілеріне сай келетін түбірлі инновациялық жаңаруларды жүзеге асыру кезеңін басынан кешіріп отыр. Біздің алдағы мақсатымыз – елімізде болып жатқан демократиялық сипаттағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салалардағы инновациялық өзгерістердің мәнін жете түсіну үшін ғылыми-әдіснамалық және қолданбалық зерттеулер жүргізу, оларды жүзеге асыру шарттарын анықтау мен оған ғылыми болжам жасау болып табылады.Сондықтан еліміз білімді дамытуға көңіл бөліп отыр.

Қазіргі кезеңде негізгі қорлардағы салымдарға қарағанда, білім саласындағы инвестициялар жоғары қарқынмен өсуде. Адамзат жинақтаған барлық білімнің 90 пайызы соңғы 30 жылда алынған. Ал мұның өзі табиғи ресурстарға негізделген экономикадан білімге негізделген экономикаға өтудің айқын айғағы. Осыны ескере отырып, дамушы елдер иннова¬цияларға және білімге сүйенетін экономиканы қа¬лып¬тастастыруды қолға алуда. Мәселен, біздің елімізде ширек ғасырлық тәуелсіз даму барысында білім беру жүйесінің мазмұны да, бағыты да, маңызы да өзгеріп, жаңа сипатқа ие болды. Осы кезең ішінде жүйе реформаның бірнеше сатысынан өтті. Атап айтқанда, Қазақстанда тоқсаныншы жылдары білім саласына қатысты оннан астам мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Мәселен, «Дарын» мемлекеттік бағдарламасы бойынша республиканың сегіз облысында талантты балалар үшін арнаулы мектептер мен мектеп-интернаттары бар ғылыми-тәжірибелік орталықтар құрылды, орта білім жүйесін ақпараттандыру бағдарламасы қабылданды. Шетелдерде тұратын отандастарды қолдау бағдарламасы шеңберінде атамекенге оралған оралмандарды оқыту қолға алынды. Жаңа ғасырдың алғашқы онжылдығында «Тұңғыш Президенттің 20 интеллектуалды мектебі» жобасы аясында жалпы білім беретін оқу орындары желісі құрылып, Назарбаев зияткерлік мектептері жұмыс істей бастады. Еліміздің жоғары мектебі де қайта құру тезінен өтті. Білікті маман даярлауда, білім мен ғылымды, мәдениетті дамытуда толымды табыстарға қол жеткізген сегіз жоғары оқу орнына 2001 жылы Елбасы Жарлығымен ерекше мәртебе берілді. Отандық оқу ордалары көптеген ірі халықаралық ғылыми-білім беру жобаларын қолға алып отыр, оның бірі Токио университетімен бірлесе әзірленіп жатқан ғарыш серігі-наноспутник. Отандық білімнің халықаралық деңгейдегі бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.


Алаш айнасы

 




Көрілген: 872    Пікірлер: 0

сенбі, 04.11.2017, 16:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қараша 2017
    Инновация игілігі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30