Индустрия мен Инновация

Инновацияға инвестиция тартуға бағытталған венчурлық қор құрылады

  • Инновацияға инвестиция тартуға бағытталған венчурлық қор құрылады

    Инновацияға инвестиция тартуға бағытталған венчурлық қор құрылады

Елімізде отандық инновациялық жобалар нәтижесін енді ғана бере бастады. Білім мен инновациялық үрдістерге негізделген экономикалық дамуға бет бұрған заманда ғылымының соңғы жетістіктерін пайдала­на­тын­­ мемлекеттер әлем кеңістігінде өздерінің үстемдігін жүргізіп отыр.

Осы орайда шетелден инновация бойынша инвестиция тарту үшін елімізде арнайы венчурлық қор құрылады. Бұл туралы «Өнімді инновацияларды ынталандыру жобасының іске асырылуы» тақырыбында ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Әбдірасылов мәлім етті.

Болатбек Әбдірасыловтың айтуынша, Қазақстандағы ғылым мен инновацияны бизнеспен ұштастыру бағытында «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы қолға алынған. 2016-2020 жылдарға арналған бағдарлама 5 компоненттен тұрады. Сол компонеттердің үшіншісінде «Технологияларды коммерцияландыру циклін шоғырландыру» көзделген. Бағдарламаның дәл осы тармағында елімізде венчурлық қор құру жоспарланып отыр. «Қазақстанда «Астана» Халықаралық қаржы орталығының базасында венчурлық қор құру жоспарымызда бар. Бұл да тың бағыт. Қор ғылымды дамыту бағытында шетелден инвестиция тартып, ғылыми өнімдердің нәтижесін коммерцияландыруға бағытталған», - дейді Болатбек Әбдірасылов. Ал «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын басқару тобының бас менеджері Алан Өтеғұловтың айтуынша, венчурлық қорды 2018 жылы ашу жоспарланып отыр.

Алаш айнасы




Көрілген: 262    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 05.11.2017, 00:28

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
6 Қараша, 20:04
Инновация игілігі

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30