Индустрия мен Инновация

Жаңа зертхананың атқарар жұмысы аса маңызды

  • Жаңа зертхананың атқарар жұмысы аса маңызды

    Жаңа зертхананың атқарар жұмысы аса маңызды

Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институты егжей-тегжейлі есептер негізінде, оның ішінде Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған өнеркәсіптік даму міндеттерін іске асыру қажеттілігін ескере отырып, басым секторлар мен өңірлер бөлінісінде Бағдарламаның түйінді нысаналы индикаторларының нақты декомпозициясы жүзеге асырылатын болады - делінген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында. Осы бағытта елімізде көптеген жұмыстар атқарылуды.


Осы ретте «Гидроприбор» ғылыми-зерттеу институтының да атқарған жұмыстары баршылық. Соның  бірі ретінде айтар болсақ жақында «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясының құрамына кіретін «Гидроприбор» ғылыми-зерттеу институты өнімдерді жобалау және өндірумен қатар, оның жөндеуі мен техникалық қызмет көрсетуі бойынша қызметтерін ұсынады. Бұл жұмыстың бір мысалы - Қазақстанның әскери-теңіз күштерінің қажеттіліктері үшін, су асты робот техникасына, атап айтқанда, ECA Robotics компаниясының (Франция) су асты аппараттарына сервистік және техникалық қызмет көрсету бойынша жаңа зертхана институтының өндірістік базасындағы ұйым болуы мүмкін.


Зертхананы орналастыру үшін мамандандырылған бөлме бөлінді, қажетті құрал-жабдықтар, құрал-саймандар мен аспаптар сатып алынды. Зертханада аппараттың түрлі үлгілерін оларды жөндеу мен ауыстыру, акуммуляторларды қуаттау, балластау, қымтаулылығына сынақ өткізу мақсатында, жинау және бөлшектеуін жүргізу қарастырылуда. Яғни, аппараттың жұмысқабілеттігін қалпына келтіру бойынша барлық жұмыс түрлері.

Лабораторияның болуы шет елдік әріптестердің қатысуымен инновациялық жоғары технологиялық өнімдерді игеру кезінде, техниканы Қазақстаннан тысқары тасымалдамастан және шетелдік мамандарды тартпастан, тұрған жерінде реттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретіндіктен аса маңызды.

Бұл ретте, техниканың жұмыс қабілеттігін қалпына келтіруге материалдар мен қаржылық шығындары, мерзімдері, ол дегеніміз оның жауынгерлік дайындығын арттыру едәуір қысқартылады.

Келесі кезеңде қызметкерлерді су асты робот техникасын жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге оқыту және зертхананы сертификаттау болжанып отыр. Болашақта зертхананың базасында Қазақстандағы ECA Robotics компаниясының су асты аппараттарының өндірісін оқшаулауы ықтимал.


Алаш айнасы




Көрілген: 278    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 11.11.2017, 17:49

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
6 Қараша, 20:04
Инновация игілігі

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30